Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары: «Қамқорлық», «жетiм», «әлеуметтiк жетiм» ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ сипаттарына түсінік беріңіз.
Ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға кімдерді жатқызуға болады?
Жетiм балаларды қамқорлыққа алу мекемелерінің қызметіне сипаттама беріңіз.
Жетім балаларды асырап алу мен қамқорлыққа алудың жолдарын сипаттап түсіндіріңіз.
Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметiнiң функциялары неден тұрады?
Бала асырап алған отбасыларымен жүргiзiлетiн әлеуметтiкпедагогикалық қызметтiң құрылымына кезеңді сипаттама беріп, түсіндіріңіз.
Әлеуметтiк педагог қызметiндегi әдiс-тәсiлдердің ерекшеліктері қандай?
Тәрбиесі қиын балалар мен жеткіншектер тәрбиесіндегі психолог пен әлеуметтік педагог функцияларын қалай ажыратып көрсетер едіңіз?
Тәрбиесі қиын жеткіншектің мінез-құлқының қалыптасуына себеп болған факторларды анықтау үшін диагностикалық карта құрастырыңыз (сұрақтар жүйесін, тексеру жағдаяттарын, бақылау объектілерін және т.б.).
Микроауданның әлеуметтік-педагогикалық картасын жасау үшін оның зерттеу бағдарламасын дайындаңыз.
1
15
Дәріс 15. Мемлекеттiк қамқорлыққа алу мекемелерiндегi әлеуметтiк-педагогикалық қызмет Дәріс жоспары: 1. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілігі мен сипаты
2. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелерінің түрлері мен ерекшеліктері және жұмыс мазмұны
3. Мемлекеттік қамқорлыққа алу мекемелеріндегі әлеуметтік педагог қызметінің жүйесі
Егер бала асырап алынбаса немесе ешқандай отбасына қамқорлыққа берiлмесе, онда оның бiлiмi мен тәрбиесiмен мемлекеттiк мекемелер шұғылданады. Олар балалар үйi мен мектеп-интернаттарға орналастырылады.
Балалар үйi мен мектеп-интернаттардың айырмашылығы сонда, балалар үйiнде тұратын балалар сол жерге жақын аймақтағы мектепте бiлiм алады. Ал мектеп-интернатта балалар өмiр сүредi әрi оқып, бiлiм алады.
Жетiм балалар тәрбиесiмен шұғылданатын балалар үйiнiң бүгiнгi жаңа формасы отбасы типтi балалар үйi болып табылады. Мұнда ата-аналардың рөлiн әлеуметтiк дайындықтан өткен ата-ана тәрбиешi атқарады. Балалар үйiнде атқаратын қызметi қарапайым балалар үйiндегiдей болып қала бередi.
Балалар үйiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
- баланың қалыпты дамуын қалыптастыратын отбасылық жағдайға жақын қолайлы мүмкiндiктер жасау;
- балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету;
- баланы әлеуметтiк қорғауды, оның дәрiгерлiк-педагогикалық және әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушiлердiң қызығушылығы мен құқығын қорғау;
- балалардың бiлiм беру бағдарламасын меңгеруiн, тұлғаның қызығушылығына сәйкес лайықты бiлiм алуын қадағалау;
- тәрбиешiлердiң жалпы мәдениетiн қалыптастыру, оларды өмiрге бейiмдеу;
- балалардың өзiн-өзi дамытуы мен өзiн-өзi таныту сұранысын қалыптастыру;
- балалардың кәсiптi таңдауға және кәсiби бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруiне жағдай жасау.