Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет3/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Эксперимент әдісі
Эксперимент жасауда зерттеушi өзiне қажеттi психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтiп тұрмай, сол процестiң тууына өзi жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екiге бөлiнедi. Психологиялық зерттеулердің мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады. Психологияны зерттеу әдістерінің обективті сипаты. Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келеді.Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа енгізделеді.АҚШ психологы Э.Титченер адам өзін хайуанаттар орнына қойып, сондай ортады болса, солардың қылығын жасар еді, содан кейін ол адамға тән саналы әрекет арқылы адамдық қасиеттерді туғыза алар еді дейді. Бұл әрине, сыңаржақты субъективті көзқарас. Ал психиканы зерттеудің объективті әдісі адам санасы мен әрекетін бірлікте іздестіре отырып, адамның өзін-өзі басқаруының ісі мен қылығына есеп беруін жоққа шығара алмайды. Генетикалық принцип қазіргі ғылыми психологиядағы талап.
Лабораториялық эксперимент
ХIХ ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестердi зерттеу үшiн эксперимент тәжiрибе кең түрде қолданыла бастады. Несм ғалымы В.Вунд психологияны эксперименттiк жолмен зерттеудiң негiзiн салды, тұңғыш лаборатория ашты (1879). Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бiрiн ХХ ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Лабораторияларда психикалық процестердiң пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшiн хроноскоп, терi түйсiгiнiң сезгiштiгiн байқауүшiн эстезиометр, зейiн көлемiн анықтау үшiн – тахистоскоп, естудi өлшеу үшiн аудиометр, бұлшық еттiң жұмысын тiркеу үшiн эркограф жабдықтары пайданалынды. Лабороториялық эксперимент, мысалы балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған лабороторияда жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет