Дәріс тақырыбы және тезистер


дәріс Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет13/14
Дата20.10.2022
өлшемі45,24 Kb.
#44329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Ресми-іс қағаздары стилі.
Ресми стильдің қолданыс аймағы, стильдік белгілері, түрлері.


Дәрістің мазмұны:
Ресми-іс қағаздары стиліндегі жанрлық-ситуациялық стильдер, олардың бір қалыпқа түсу (стандарттану) дәрежелері. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері.Стильдің функционалдық белгілеріне қарай бес түрі: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысының стилішілік тармақтарға жіктелуі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.



2

13
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Ғылыми стиль.
Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері


Дәрістің мазмұны:
Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері (ғылыми, оқу және ғылыми-көпшілік), жанрлары (монография, оқулық, ғылыми мақала, лекция, баяндама т.б.). Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.
Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды-тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшелігі төмендегідей сипатқа ие болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет