принциптерді сақтаған жөн:
1. Көрнекілік принципі: мұғалім тақтаға, дәптерге таблицаға көрнекіліктер арқылы жазып көрсетеді.
2. Сапалылық принципі: мұғалім басына не үшін қиғашынан жазады, әріптерді қалай басқарады, әріптердің биіктігі қандай болу керек екенін түсіндіреді. Қиғашынан жазу тер әрі ыңғайлы.
3. Қайталау принципі: жаттығу орындау кезінде пайдаланады. Жазылған нәрсеге міндетті түрде анализ беріледі. Баланың жазған жазуын дұрыстығын тексеріп отырды.
4. Генетикалық принципі, алғашында жеңіл әріптер, содан соң салынуы қиын әріптер мысалы а, о, ш, т, п, н,.... қолы жаттыққаннан кейін қ. ж. б. в. ф т. с. с
5. Жеке дара ерекшелігін ескеру принципі; оқушылардың көз нашарлығы, бас ауруы, жүрек ауруы. т. б ескеріп отыруы қажет. Барлық бала бірдей емес, олардың жас ерекшеліктері, ойлау қабілеттері әр түрлі Сондықтанда жазу каллиграфиялары әр түрлі. Біреуі өте жақсы, енді біреулері өте нашар жазады. Нашар жазатын оқушылармен жеке жұмыс жасау талап етіледі.
Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс.
2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн.
Бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Оқушының каллиграфиялық дағдысына көп әсер беретін, ол алғашқы кезде, алғашқы рет қаламсап ұстап, әріп жазған кезі. Әдемі сұлу жазудың фундаменті 1, 2 - сыныпта құйылады. Сол кезде жазуын жөндемесе сол қалпында қалып қоюы мүмкін. Кейін жөндеу қиын болады.
1. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер тобы: .( ә,б,в,г,е,о,с,ь)
2. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер тобы: .(а,д,з,и,л,м,н,ң.п,т,у,һ,ц,ч,ш,щ,ы,ю,я.)
3. Бір үзіліспен жазылатын кіші әріптер тобын жазу.(ғ,й к,қ,ө,р,ұ,х,і,э.)
4. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер тобын жазу.( ё, ф,ж.)
5. Үзіліссіз жазылатын бас әріптер: ( Ә,В,Д,Е,З,И,Л,М,Н,О,С,У,Ү,Ц,Ч,Ш,Щ,Ы,Ю,Я)
6. Бір үзіліспен жазылатын екі элементті бас әріптер тобын жазу( А,Б,Г,Р,Х,К,Қ,Ұ,Ө,Э)
7. Екі үзіліспен жазылатын бас әріптер тобын жазу( ё,Ғ,Ж,П,Ф)
8. Үш үзіліспен жазылатын төрт элементті бас әріптерді жазу ( Т)
- Әріптердің бір-бірімен қосылу ерекшеліктеріне қарай қазақ тіліндегі әріптер екі топқа бөлінеді
Бірінші топ.Соңғы элементтері имек сызықтарға аяқталған бас әріптер мен кіші әріптер.
Екінші топ. Оң жағы дөңгеленген элементтерге аяқталған бас әріптер мен кіші әріптер.
а) -Көркем жазу техникасының аса бір қажетті шарты-солдан оңға қарай көлбеу жазуға машықтандыру. Көлбеу жазу-икемді жазу.Оның ерекшелігі-әріп құрауға қатысты негізгі штрихтар дәптер сызығына солдан оңға қарай көлбеу орналасады.Көлбеу жазу жұмысы оң қол арқылы орындауға бейімделген. Бұл дәптерді пайдаланған кезеңдерде бас әріптің биіктігі 8 мм, кіші әріптің биіктігі 4 мм болады.
ә) – Екінші сатысы одан әрі жетіле түседі. Дәл осындай дәптерді пайдаланамыз,бірақ оның көлбеу сызықтары болмайды. Себебі көлбеу жазуға дағдыланған болатынбыз.
б) - Бұл үшінші кезеңде жазуды толығымен меңгеріледі. Қолданылатын дәптерімізде ара қашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықтар болады.Бас әріптердің биіктігі 7мм, кіші әріптердің биіктігі 3мм болады.