Ертеде қоғам мен мемлекет бір деген түсінік қалыптасты. Платонда мысалы, қоғам – мемлекеттің саяси функциясымен теңгерілді. Олар халықты сыртқы жаудан қорғау мен ішкі тәртіпті сақтау. Платон үшін қоғам мен адам жанының құрылымы бір. Мысалы мемлекет құрылымы: басқарушы даналар (философтар), әскерилер және шаруа-қолөнершілерден тұрса, адам жанының құрылымы соған сәйкес – ақыл, ерік-жігер және күш-қайраттан тұрады. Яғни Платондағы мемлекет – алып тұлғалы адамға ұқсас тіршілік иесі.
АРИСТОТЕЛЬ
Аристотель адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың мәнін аша түседі. Ол адамгершілік, достық қатынастарға ерекше мән береді. Отбасының орнын жоғары бағалайды. Достық жайлы Аристотель «адамның ең бірінші досы өзі, яғни адам ең бірінші өзін жақсы көріп, өзін сыйлай білуі тиіс» дейді.
Жаңа замандағы қоғам туралы көзқарастар адамдар “табиғи жағдайдан” өзара “қоғамдық келісімге” келу арқылы мемлекет, қоғам пайда болды деген теорияға тоқтайды (Т.Гоббс, Ж.-Ж.Руссо).
ҚОҒАМ ЖІКТЕЛУІ
Қоғам дамуында – жабайы, дәстүрлі, индустриалды және постиндустриалды кезеңдерді жүріп өткен.
Батыстық және Шығыстық қоғамның өз ерекшеліктері бар.
Қазіргі заманғы қоғамды постиндустриалды, ақпараттық, желілік, тұтынушы қоғамдар деп атайды. Себебі бүгінде білім, ақпарат, технологиялар бірінші орында. Бірдеңе өндіруден бұрын қызмет көрсету салалары алдыңғы қатарға шықққан. Демалыс орындары көп.
Бұл мәселелерді Лиотар, Деррида, Бодрийяр, Фуко т.б. Постмодернистер зерттеген. Қазіргі заман философиясының тағы бір басты мәселесі жаһандану. Оны зерттегендер Э.Тофлер, Д.Белл.
Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі
Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады.