Дәріс тақырыбы



бет6/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Уақыт


  • Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын, олардың әртүрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Әртүрлі материалдық нысанның өз уақыты бар. Сондықтан да физикалық, әлеуметтік уақыт болады. Уақыттың үш өлшемі бар: қазір, кеше және болашақ. Уақыт ұдайы алға ұмтылады, ешнәрсе, ешкім оның объективті бағытын өзгерте алмайды. Оны тоқтатуға болмайды.

    Кеңістік


  • Дүниедегі заттардың барлығы да кеңістікте орналасқан.

  • Кеңістік негізі – нүкте, ұзындық, қашықтық. Кеңістік объективті, өйткені, ол – материяның ажырамас қасиеті. Кеңістіктің үш өлшемі бар, ол ұзындығы, ені және биіктігі. Сонымен қатар, бұл өлшем тек заттық формаларға ғана емес, әр түрлі процесстерге де тән. Уақыт пен кеңістік бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, уақыт оның төртінші өлшемі болып есептелінеді.

    А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы


  • 1916 жылы А.Эйнштейн абсолюттік қозғалыс, абсолюттік уақыт, абсолюттік кеңістік ұғымдарынан бас тарта отырып, өзінің салыстырмалылық теориясын ұсынды. Ол кеңістік пен уақытқа қатысты уақыттың салыстырмалы екендігін байыптауға құрылған. Дененің жылдамдығы артқан сайын, оның массасы ауырлап, уақыттың жүрісі баяулай түседі, ол қозғалыс жарық жылдамдығына, яғни, 300 000 км/сек жеткен сәтте уақыттың жойылатындығын негіздеп, ол жарық жылдамдығымен шартталған екендігін дәйектейді. Осыдан кеңістіктің төртінші өлшемі уақыт болып айқындалды.

    Гносеология - таным теориясы (гр. gnosis - таным, logos - iлiм)


  • Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғатын, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, мәдениет жүйесiнде алатын орынын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн, сонымен қатар, шынайы бiлiмге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

  • Одан кейiн, кең тараған эпистемология термині пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдетте ғылыми таным теориясын белгiлейдi.

  • Таным теориясы деген термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дз. Феррерердің еңбектері арқылы енді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылымда да болуы мүмкін емес.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет