Дәріс тақырыбы



бет9/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Канттың шығармалары


  • Үш негізгі шығармасы: Таза ақылға сын, Пактикалық ақылға сын, Пайымдау қабілетіне сын. Алдыңғы үш сауалды бірінші еңбекте қояды. Ол таным мәселесі, метафизикасы, философиясы. Себебі Кант философияны таным теориясы дейді. Онтологияны ол мәнсіз метафизика деп есептеді. Екінші еңбегі этика, моральға арналған. Канттың этикасы оның категориялық императив қағидасына негізделген. Адамға құрал емес, мақсат ретінде қара дейді. Үшінші еңбегі эстетикаға арналған. Өнер, поэзия, әсемдік пен асқақтық табиғаты т.б. қарастырады. Күндіз әсем болса, түн асқақ. Түнде адам терең ойларға, қиялға барады.

    Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезім, пайым және парасат. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді. Бірақ бәрібірде дүниені толық танып білу мүмкін емес. себебі әлем қайшылықтарға, антиномияларға толы.


  • Кант өзіне дейінгі рационалистер мен эмпириктердің біржақтылығын жеңе отырып, таным процесіндегі адам қабілетін үшке бөледі. Сезім, пайым және парасат. Ойшылдың пікірінше, математика сезімділікке, жаратылыстану пайымдауға, философия парасатқа сүйенеді. Бірақ бәрібірде дүниені толық танып білу мүмкін емес. себебі әлем қайшылықтарға, антиномияларға толы.

    Кант философияны таным теориясы деп есептеді. Яғни философияның міндеті танымның мүмкіндіктері мен шекарасын анықтау. Ол таза онтологиялық мәселелерді қарастырудан бұрын, «таным дегеніміздің өзі нені білдіреді?», «ол қалай мүмкін?», «оның мүмкіндігінің шекарасы қайда?» деген сұрақтарға жауап іздеді.

    Канттың антиномиялары


  • Ақыл-ой, зерденің өзі дүниені тану барысында шешілмес қайшылықтарға тап болады. Оларды Кант антиномиялар деп атады. Бірінші антиномия: кеңістікке байланысты: әлемнің уақыт пен кеңістікте бастауы бар; әлемнің уақыт пен кеңістікте бастауы жоқ, шексіз. Екінші антиномия: қарапайым және күрделіге байланысты: қарапайым элементтер ғана бар; әлемде қарапайым элемент те, одан тұратын зат та жоқ. Үшінші антиномия: еркіндік пен себептілікке байланысты: табиғи заңдарға бағынатын себеп-салдарлық қатынас қана емес, еркіндік те бар; еркіндік жоқ. Әлемде бәрі табиғат заңдарына сүйенетін себеп-салдарлық қатынасқа бағынады. Төртінші антиномия: Құдайдың болуы: Барлық болмыстың себебі – Құдай қажетті бастау; Құдай жоқ. Бүкіл әлемнің себебі болатын абсалютті бастау жоқ.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет