Кант екі нәрсеге таң қалған. Олар: төбемдегі жұлдызды аспан және бойымдағы моральдық заң дейді. Кім мына жұлдыздарды самсатып жандырып қойған? деп таңқалып астрономияны зерттейді. Ал бойындағы ар-ұят, намыс, адамгершілік деген сезімдеріне таңырқап этика мен моральді зерттеген.
Кант сондай-ақ уақыт пен кеңістікті сезімділіктің априорлы формалары деп есептейді. Яғни олар бұрыннан бар.
Априорлы білім тәжірибеге дейін бар білім. Оларды оқытудың керегі жоқ. Ол адамның ішкі ар-ұяты. Апостериорлы білім тәжірибеден кейін, тәжірибеде қалыптасатын оқып үйренетін білім. Кант философиясын зерттеушілер оны сынға дейін және сыннан кейін деп бөледі. Сынға дейін Кант астрономияны зерттейді, әлемнің пайда болуы туралы гипотеза жасайды. Яғни әлем алғашқыда бұлт сияқты тұмандықтардың қоюлануынан тығыздалып жаралған деген ой айтады. Сыни кезеңде таным және этика, адамгершілік мәселелерін қарастырады.
Ойлау
Ойлау - сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, «тәртiпке» келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту - диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу.
Ойлау - заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi. Ойлаудың мақсаты – практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.
Таным әдістері
Әдістер:
Жеке
Жалпы ғылыми
Жалпыға ортақ (әмбебап, философиялық әдістер) болып бөлінеді.
Жалпыға ортақ, философиялық әдістерге абстрактіліктен нақтыға өту, тарихилық әдісі, тарихилық пен логикалықтың бірлігі әдісі.
Жалпы ғылыми әдістер: теориялық және эмпирикалық. Танымның эмпирикалық әдістері: бақылау, эксперимент, өлшеу. Теориялыққа: танымның жалпы логикалық әдістері: анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактілеу, аналогия, модельдеу т.б. жатады.