Дәріс тақырыбы


Ерекше феномен ретінде сананың төмендегідей жалпы қасиеттерін атауға болады



бет2/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дәріс тақырыбы-emirsaba.org

Ерекше феномен ретінде сананың төмендегідей жалпы қасиеттерін атауға болады:


  • Субъективтілік - сана «иесіз» болмайды, әрқашанда оның өзінің иесі бар (носитель);

  • - пәнділік (мазмұндылық)-сана ешқандай мазмұнмен толтырылмаған, «бос» бола алмайды. Әрқашанда санада бейнеленетін және оның пәнін құрайтын нәрсе, зат, құбылыстар болады, басқаша айтқанда, бұл сананың мазмұны;

  • - белсенділік және мақсаттылық, яғни сана дүниені (әлемді) белсенді, мақсатты және талғап бейнелейді;

      Идеалдылық - санада пайда болатын образдар (бейнелер) идеалды сипатта, олар материалдық құбылыстардың «дубликаты» емес, субъект қабылдайтын немесе елестетін формалар (пішіндер);


    • Идеалдылық - санада пайда болатын образдар (бейнелер) идеалды сипатта, олар материалдық құбылыстардың «дубликаты» емес, субъект қабылдайтын немесе елестетін формалар (пішіндер);

    • Интенционалдық - бұл сананың әлде бір объектілерге бағытталғандығын (Ф.Брентано, Э.Гуссерль) білдіреді;

      - Рефлективтік - сананың өзіне бағытталғандығы, өзінің жеке мазмұнын бейнелеуге қабілеті. Адамның өзі туралы пайымдауы. Философияға ең жақын қасиеті де осы.

      САНА ЖӘНЕ ОЙЛАУ


    • Сана мен ойлауды барабар деп қарастыруға болмайды. Олар арасында байланыс бар, бірақ мәндері, табиғаттары бөлек: сана - әлеуметтік қасиет, ойлау (мышление)- физиологиялық процесс. Сананы көп пәндер, ғылым салалары зерттейді, сол сияқты ол (сана) көп проблемалармен де байланысты (ми, тіл, бейсаналық, жасанды интеллект, т.б.)

      Философиядағы сана болмысын пайымдаудың үш моделі:

      Субстанциональді модель (Платон, Аристотель, Гегель) – бұл тұрғы бойынша ақыл-ой сананың ең маңызды әрі әмбебап қасиеті болып табылады. Сондай-ақ жеке (индивидуалды) адамның санасы Әлемдік ақыл-ойдың жекелеген көрінісі деген көзқарас қалыптасқан. Яғни Әлемдік сана, Дүнижүзілік ақыл-ой бар. Бұған сәйкес ақыл-ой мен ӘЛЕМ дамуының заңдылықтары бір-біріне сәйкес келеді. Осыған орай Гегель «Барлық ақиқат өмір сүретін парасатты, ал парасаттының барлығы шынайы өмірсүретіндік» деп жазады. Және де Гегель бойынша «Философия оймен шолған дәуір».



      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет