Дәріс тақырыбы


Таным туралы философиялық ілім – ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ немесе ГНОСЕОЛОГИЯ деп аталады және ол төмендегідей сұрақтарға жауап береді



бет7/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дәріс тақырыбы-emirsaba.org

Таным туралы философиялық ілім – ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫ немесе ГНОСЕОЛОГИЯ деп аталады және ол төмендегідей сұрақтарға жауап береді:


  • - ДҮНИЕНІ танып-білу мүмкін бе?

  • - Танымның негізгі формалары қандай?

  • - Білмеуден БІЛІМГЕ жетудің заңдылықтары қандай?

  • - Танымның ОБЪЕКТІСІ мен СУБЪЕКТІСІ дегеніміз не?

  • - АҚИҚАТ дегеніміз не және оның ӨЛШЕМДЕРІ қандай?

    Таным


  • Таным дегеніміз сананың айнала дүние шындығын бейнелеу процесі.

  • Таным кезінде болмыстың сан алуан қырлары зерделенеді. Сыртқы сипаты, ішкі мәні пайымдалады. Қоршаған дүниедегі құбылыстар табиғаты ой елегінен өтеді.

  • Сондай-ақ таным субъектісі өзін өзі зерттейді, яғни адам өзінің танымдық қабілетінің табиғатына үңіледі. Өмірдің мәнін түсінеді, дүние сырын ұғығынады.

  • Таным нәтижелері жеке адамның өзі үшін ғана емес, басқалар үшін де маңызды. Себебі ол жеке адамның ой санасы ретінде қалмайды, ұрпақтан ұрпаққа білім ретінде беріледі. Кітап, сурет, материалды құндылықтар, ғылыми жаңалықтар т.б.

    Таным процесінде сезімдік таным, рационалды таным, логика және интуиция қатысады

    Сезімдік танымға айнала дүниенің түйсіктер деңгейінде бейнеленуі мен логикалық пайымдау жатады.


  • Рационалды таным ақыл, зерде, парасатқа негізделеді.

  • Интуиция рационалды танымға ең жақын таным. Ол ақиқаттың адамға толықтай, бірден айқындалып, мәлім болуы. Ақиқаттың ашылуы, шындыққа көздің жетуі болып табылады.

    Таным түрлері


  • Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.

  • Сезімдік таным мен рационалдық танымның бейнелеу түрлері:

  • 1. Түйсік 1. Ұғым

  • 2. Қабылдау 2. Пікір

  • 3. Елестету 3. Ой тұжырымы


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет