Дәріс тақырыбы



бет13/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дәріс тақырыбы-emirsaba.org

Құндылықтар - аксиология


  • Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды.

    Сэ́мюэл Фи́ллипс Ха́нтингтон (1927-2008)

    Әлемге әйгілі американдық саясаттанушы ғалым, өркениеттердің этномәдени бөлінісін зерделеген айтулы «Өркениеттер қақтығысы?» мақаласының авторы.

    Сэмюэль Хантингтон "Өркениеттер қақтығысы"

    "Өркениеттер қақтығысы" американ саясаттанушысы Сэмюэль Хантингтонның өркениеттік күйреу туралы тұжырымдамасы. Алғаш рет бұл тұжырымдама 1993 ж. Хантингтонның "Өркениеттер қақтығысы" мақаласында келтірілді, қысқа мерзім ішінде бірне шет тілге аударылып, қызу пікірталас тудырды. Кейінірек С.Хантингтон мақаласының негізгі идеялары оның "Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің шегі" (1996) атты кітабында одан әрі өрбітілді.

    Хантингтонның өркениеттер жіктеуі


  • Өркениеттер объективті тұрғыдағы, тіл, әдет-ғұрып, дін, институттар сияқты ортақ белгілердің, сондай-ақ адамдардың субъективті өзара бірегейлігінің болуымен сипатталады. Осы орайда ол қазіргі әлемдегі келесідей өркениеттерді көрсетеді: батыстық, конфуциандық, жапондық, исламдық, индуистік, православиелік, славяндық, латынамерикандық және африкандық.

    Өркениеттер қақтығысы


  • Автордың пікірінше, қырғи-қабақ соғыс аяқталып, кеңестік одақ қирағаннан кейін, қазіргі әлемдегі қайшылықтардың жаңа торабы жоғарыда аталған өркениеттердің арасында болады. Жаһандану процестері адамдардың дәстүрлі бірегейленуін ағынсудай шайып бара жатса, бұл түпкі ұлттық тамырға қайта оралуға талпынып, кері реакция тудыруда. Бұл әсіресе, діни фундаментализмнің қайта өрлеуінен көрініс табуда (исламдық, конфуциандық, шығыс- православиелік және т.б.).


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет