Профессор Серік Мырзалының пікірінше: «Болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» – деген етістіктен шыққан). Болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең – материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Олай болса, болмыс ұғымы дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория».
Болмыс түрлері
Философиялық әдебиеттерде болмыстың мынадай негізгі түрлері аталады:
1) материалдық болмыс немесе реалды болмыс (табиғи және адам жасаған заттар мен процестер болмысы) ; (материалды болмысты ақиқат болмыс деп есептейді: барлық материалистер, әсіресе марксизм).
2) идеалдық (рухани) болмыс; (барша jобъективті идеалистер: Платон идеялар әлемі, Гегель абсолюттік идея, абсолюттік рух)
3) адами, адам болмысы; (экзистенциализм , әсіресе Хайдеггер)
Әлеуметтік болмыс, виртуалды болмыс
4) әлеуметтік (қоғам, социум) болмысы. Қоғамды нақтылықтың ерекше формасы ретінде қарастаратын әлеуметтік философтар. Оған Конфуций, Сократ, Аристотель және танымал әлеуметтанушылар Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер және постмодернизм философиясы, Ж.-Ф.Лиотар, Ж.Деррида, Ж.Бодрийяр, М.Фуколар қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелерін зерттеді.
Соңғы жылдары адам қызметінің әртүрлі салаларында «виртуалды реалдылық» (шындық) немесе «виртуалды болмыс» деген термин кең таралуда: адам мен компьютердің өзара іс-әрекетімен жасалған реалдылықтың моделі, яғни бұл ерекше жағдай, иллюзорлық, жорамалдылық реалдылық (болмыс).
Материя
Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Болмыс дүниедегі бардың, өмір сүретіннің бірлігін, тұтастығын белгілесе, материя дүниенің материалдық негізінің бірлігін белгілейтін философиялық категория.
”Материя, түйсіктеріміз арқылы мәлім болатын, бірақ адам санасынан тыс, одан тәуелсіз өмір сүретін объективтік шынайылық”.В.И.Ленин.
Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетеді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік.