Дәріс тақырыбы



бет5/14
Дата09.12.2022
өлшемі53,97 Kb.
#56146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

БОЛМЫС


  • Профессор Серік Мырзалының пікірінше: «Болмыс ұғымының қайнар көзі Дүниеде «болу», «өмір сүруге» келіп тіреледі (салыстырыңыз: орыс тілінде «бытие» – «быть», ағылшын тілінде «beіng» – «to be» – деген етістіктен шыққан). Болмыс ұғымы материя ұғымынан гөрі көлемі жағынан кең – материя мен рухты бірдей қамтиды, өйткені, дүниеде кең түрде алып қарағанда екі-ақ нәрсе өмір сүреді – ол, бір жағынан, материя, яғни өлі және тірі табиғат болатын болса, екінші жағынан, материалдық емес – идея, сана, рух. Олай болса, болмыс ұғымы дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық категория».

    Болмыс түрлері


  • Философиялық әдебиеттерде болмыстың мынадай негізгі түрлері аталады:

  • 1) материалдық болмыс немесе реалды болмыс (табиғи және адам жасаған заттар мен процестер болмысы) ; (материалды болмысты ақиқат болмыс деп есептейді: барлық материалистер, әсіресе марксизм).

  • 2) идеалдық (рухани) болмыс; (барша jобъективті идеалистер: Платон идеялар әлемі, Гегель абсолюттік идея, абсолюттік рух)

  • 3) адами, адам болмысы; (экзистенциализм , әсіресе Хайдеггер)

    Әлеуметтік болмыс, виртуалды болмыс


  • 4) әлеуметтік (қоғам, социум) болмысы. Қоғамды нақтылықтың ерекше формасы ретінде қарастаратын әлеуметтік философтар. Оған Конфуций, Сократ, Аристотель және танымал әлеуметтанушылар Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер және постмодернизм философиясы, Ж.-Ф.Лиотар, Ж.Деррида, Ж.Бодрийяр, М.Фуколар қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелерін зерттеді.

  • Соңғы жылдары адам қызметінің әртүрлі салаларында «виртуалды реалдылық» (шындық) немесе «виртуалды болмыс» деген термин кең таралуда: адам мен компьютердің өзара іс-әрекетімен жасалған реалдылықтың моделі, яғни бұл ерекше жағдай, иллюзорлық, жорамалдылық реалдылық (болмыс).

    Материя


  • Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Болмыс дүниедегі бардың, өмір сүретіннің бірлігін, тұтастығын белгілесе, материя дүниенің материалдық негізінің бірлігін белгілейтін философиялық категория.

  • ”Материя, түйсіктеріміз арқылы мәлім болатын, бірақ адам санасынан тыс, одан тәуелсіз өмір сүретін объективтік шынайылық”.В.И.Ленин.

  • Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетеді. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет