Бұл көзқарасқа сәйкес, (Гоббс, Локк, Дидро, Ламетри) – сана мидың, нерв жүйесінің қызметімен байланысты материалдық жүйелерге тән қызмет түрі болып табылады.
Яғни сана дегеніміз – адамға оның сезім мүшелері арқылы мәлім болатын объективті әлем мен шындық дүниедегі түрлі байланыстар мен қатынастардың бейленленуі.
Экзистенциалды-феноменологиялық модель
Бұл модельге сәйкес, (Хайдеггер, Сартр, Гуссерль) сананың басты сипаты – интенционалдылық. Яғни сана бейнелеу емес, шындық дүниенің мән-мағынасын пайымдау.
Интенционалдылық (лат.intentio - талпыну, зейін қою) - сананың белгілі затты түсінуге бағытталуы немесе заттың шынайы, шынайы емес екендігін айқындауға талпынуы.
САНАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Сананың пайда болуы мәдениет дамуының абстрактілі ойлау мен өзіндік сана пайда болған біршама кейінгі кезі, немесе антропогенездің аяқталу уақытына сәйкес келеді.
Материалистік философия бойынша сана материяның бейнелеу қасиеті болып табылады. Бейнелеу тірі табиғатқа ғана емес, өлі табиғатқа, бейорганикалық дүниеге де тән қасиет.
Психика – бейнелеудің жоғары формасы. Оған инстинкт, шартты және шартсыз рефлекстер негізіндегі организмнің сыртқы орта әсеріне жауабын жатқызамыз. Шартты рефлекстердің жүйесі жоғары дамыған жануарларға күрделі амалдарды орындауға мүмкіндік береді.