Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


ДӘРІС 9. Қуатты оңтайландыру



бет22/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
ДӘРІС 9. Қуатты оңтайландыру
Мақсаты: Гендік модификатталған өнімдер туралы түсінік беру.
Жоспары:

  1. Биологиялық белсенді қоспалар

  2. ГМО

  3. өзгертілген құрамдағы табиғи өнімдер

Бүгінде дүкен сөресіндегі азық-түлік құрамынан биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) табуға болады. Өндірушілер мен диетологтар оның адам ағзасына пайдалы әрі маңызды екенін айтады. Дегенмен ешбір қоспасыз, табиғи өнімді тұтынғанды жөн көретіндер баршылық. биотехнолог Рүстем Кеңесбековтің көмегімен тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) зияны мен пайдасын талдады. 


Биологиялық белсенді қоспалар дегеніміз – тағам құнарын арттыру мақсатында қолданылатын табиғи және табиғи тектес заттар. Оны тағаммен қатар тұтынуға болмаса да, тағам құрамына қосып пайдалануға болады.
Өнімнің технологиялық түрленуіне байланысты төртке бөлінеді:
1. Құрамында табиғи концентраттар бар заттар: табиғи минерал су, теңіз суынан бөлініп алынған тұз, бал, балдыр;
2. Құрғатылған, кептірілген табиғи өсімдіктер: тағамға дәмберуші ұнтақтар;
3. Экстракт, тұнбалар, шәрбаттар, брикет;
4. Фармакологияда (дәрі-дәрмектің тәнге, денеге тигізетін әсерлері туралы ғылым) қолданылатын синтетикалық және табиғи витаминдер, фосфолипидтер, күрделі нәруыздар.
Биологиялық белсенді қоспалар заңда
"Дәрiлiк заттар туралы" заңының 1-бабының 6-тармағында ББҚ-ға былай түсініктеме берілген: "Биологиялық белсендi қоспалар (ББҚ) – фармакологиялық белсендiлiкке ие болатын және аурулардың алдын алу және емдеу үшiн қолданылатын (витаминдер, витамин тәрiздiлер, макро-және микроэлементтер, амин қышқылдары, майлы қышқылдар, антиоксиданттар және т.б.) табиғи немесе олармен бiрдей биологиялық белсендi заттардың контцентраттары". 
Жоғарыда айтылғандай ББҚ-ны тағам құрамына қосып та, жеке өзін де қолдануға болады. Алайда ел арасында таралғандай ол қандай да бір ауруға ем болатындай қасиеті жоқ. Қазіргі таңда тамақ өндіру барысында шикізатты бірнеше мәрте өңдегендіктен табиғи сапасын жоғалтуы мүмкін. Оның орнын толтыру үшін биологиялық белсенді қоспалар қолданылады. Зерттеуге сәйкес, биологиялық белсенді қоспаның адам ағзасына зияны 5-7% көрсетсе, пайдасы 80-90% жетеді. 
Биологиялық белсенді қоспа адам ағзасына зиян ба?
Биологиялық белсенді қоспаның басым бөлігі өсімдіктен алынады. Қолданылатын заттардың зияны да, пайдасы да бар. Бірақ зиян деген өсімдіктің де құрамында медицинаға қажет заттар болуы мүмкін. Сол үшін кейбір жағдайда биологиялық белсенді қоспаны дәрі-дәрмектен бөлек қосымша тағайындауы мүмкін. Дегенмен биологиялық белсенді қоспаны не құрамында биологиялық активті қосылыстары (БАҚ) бар дәріні басқа дәрімен қатар қолдану алдында дәрігерге қаралу қажет. Өйткені кейбір ББҚ дәрімен қатар қолдануға арналмаған.

Қазіргі таңда адамзатты алаң­датып отырған дүние азық-түлік өнім­­дерінің гендік модификацияға ұшы­­рауы. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен лаборатория жағ­дайында өндірілген, қазақша айт­қанда будан өнімдер. Мысалы, АҚШ-та жеміс-жидекке жанды ор­ганизмнің ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойыл­ған. Бұл тәжірибе қазір Қытай эко­номи­касының да жетістігі саналуда.


Нақтылап айттар болсақ, америка­лық ғалымдар камбала балығының ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сор­тын ойлап тапса, сол тәрізді кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНК-ны қосу арқылы өнімді құрт жемейтін етіп шығарды. Осындай әдіспен картоп пен бәйшешекті де будандастырды. Будан өнімнің басты ерекшелігі – тез арада іріп-шірімейді және оған зиянды жәндіктер жоламайды. Соңғы жылдары бидайға мысықтың ДНК-сын қосып будандастыру арқылы тышқан жемейтін «мысық-бидай» ойлап тапты қытайлық жеңіл өнеркәсіп мамандары.
Генетик ғалымдардың есебі бойын­ша қазір әлемде 1000 түрлі өсімдік тек­тес көкөніске гендік будандастыру жүр­гізу мүмкіндігі бар екен. Бүгінде бұлардың 100 түрі таңдап алынып, будандастырылған. Ең көп гендік модификацияланған – қыза­нақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп... Былайша айтқанда, халық ең көп тұтынатын заттар.
– Будан өнімдер адамның денсау­лығына аса зиянды, – дейді ресейлік биолог-дәрігерлер. Олар бірнеше жыл бұрын қарапайым егеуқұйрықтарға тәжірибе жасап көрген. Әуелі жән­діктерді екі топқа бөліп, біріншісін әдет­тегі азықпен, екіншісін гендік мо­ди­фикацияланған азықпен жемдейді. Тәжірибені жануарлардың шағы­лысуынан екі апта бұрын қолға алған. Нәтижесінде, таза азықпен қо­ректенген жануарлардың 7 пайы­зы, ал будан азықпен қоректенгендердің 56 пайызы өлген.
Сол сияқты тағы бір ресейлік дәрігер О.Бутакова өз отандастарына сырттан келетін өнімдерді, соның ішінде сәбилерге арналған тағам түрлерін тұтынбау жайлы үндеуде. Әсіресе, АҚШ-та өндірілген жеңіл өнеркәсіп тауарларынан сақ болуға шақырады. Өйткені америкалық өнеркәсіп өнім­дерінің 70 пайызы будан. Аустрия, Фран­ция, Германия, Греция, Италия және Люксембург мемлекеттері өз елде­ріне будан өнім­дерді сырттан кіргізуге тыйым салып жатыр.
Жоғарыдағыдай жағдай өз еліміз­дегі тауық өсіретін фермаларда кең етек алған. Құс өсіруші фермерлер сойылған тауықтың бас-сирақ, тұм­сық-тұяқ, жүн-жұрқа, қалдық етін дала­ға төгіп тастамай, оны ұнтақтап, химия­лық зат қосып, жем жасап тірі тауықтарға береді. Қандасының етін жеп үйренген «каннибал» тауықтар алда-жалда араларынан біреуі сәл жарақаттанып, қан шықса болды, жапа-тармағай жабыла кетіп, дереу жеп қояды. Бұл үрдіс қазір тауық фер­маларында үйреншікті жағдай. Дүкен сөрелерінде сіресіп тұрған тауық еттеріне де «елеңдей» жүргеніңіз жөн болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет