Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


ДӘРІС 12. Өндіріс орындарындағы емдік профилактикалық тамақтану Мақсаты



бет30/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

ДӘРІС 12. Өндіріс орындарындағы емдік профилактикалық тамақтану
Мақсаты: Өндіріс орындарындағы емдік профилактикалық тамақтану туралы түсінік беру.
Жоспары: Кәсіптік қауіпті әсер ету кезіндегі қоректік заттарды алдын алу шаралары. Ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы емдік және профилактикалық тамақтану
Ем – дәмдік тамақтану
Диеталық тамақтану кезінде бірінші кезекте болып ағзаның немесе ағзаның бүкіл жүйесіне сәйкес сапалық және сандық өзгеретін дені сау адамның рационалды тәртіп түріндегі құрылған тамақтануы болып саналады . Бұл кезде тамақтанудан белгілі тағамдық заттар алынады немесе сол сияқты тағамдар дайындалады да, осы арқылы ағзаның бұзылған функциялары реттеледі . Бұл қолданулар диеталық тамақтанудың негізгі аялауышы деп аталатын принціпін құрады .
Механикалық аялауыштың негізгі жолы тағамды ұсақтау болады да, сонымен қатар сәйкесінше жылулық өңдеу тәсілімен жүреді. Басқа тәсілі - өсімдік тектес талшықтардың аз мөлшерімен қамтамасыз ету.
Химиялық аялауыш – бұл тағамдардан өте күшті термиялық тітіркендіргіштерді, яғни өте суық немесе ыстық тағамдарды шектеу. Ыстық тағам температурасы 60 °C – тан аспауы қажет, ал суықтікі 15 °C – тан кем емес екен.Асқазан – ішек жолы механикалық, химиялық, термиялық әсерге тағам жағынан көп ұшырайды. Химиялық және механикалық тітіркендіргіштердің мөлшері мен сапасын өзгерту арқылы, сонымен қатар тағам температурасын өзгерту арқылы ішектің шырын бөлгіш, моторлық және эвакуациялық функциясына әсер етуге болады .Емдік – профилактикалық тамақтанудың негізгі мақсаты – организмнің қорғаныш функцияларын жоғарылату, организмге зиянды химиялық, радиоактивтік және т.с.с. заттардың енуін тоқтату.
Жүз жылдықтың 20–шы жылдарының өзінде универсалды профилактакалық құрал ретінда зиянды өндіріс орындарында жұмысшыларға сүт берілген.
Емдік – профилактикалық тамақтанудың негізгі қызметі болып:

  • баллансталған тамақтану есебінде, организмнің жалпы беріктігін жоғарылату;

  • асқазан – ішек жолының улы заттарды сіңіруін тамақтану рационының көмегімен баяулату;

  • организмнен зиянды заттарды ығыстыруға қабілетті тағам өнімдерін қолдану;

  • улы заттарды залалсыздандыру;

  • организмдегі жеке тағамдық заттардың жоғалған көп бөлігін толтыру;

  • зақымданған органдарға тағамдық өнімдер және заттармен әсер ету;
    Бұл принциптермен сәйкесінше зиянды өндіріс орындарымен байланысы бар жұмысшылар үшін рациондар құрылған .

Рациональді тамақтану – бұл организмге қажетті энергетикалық, пластикалық және өмірге қажетті белгілі талаптарда анық қажет ететін биологиялық белсенді заттар қамтамасыз ететін тамақтану түрі. Рациональді тамақтану денсаулық сақталуына, жас организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, еңбек қабілеттілігі мен зиянды факторларға, инфекцияларға қарсыласуына, белсенді ұзақ өмір сүруіне қабілетін арттырады.
Рациональді тамақтану жас мөлшерін, жынысын, еңбек жағдайының сипаттамасын, этникалық және климаттық ерекшеліктерді ескере отырып организмді жаңа заманға сай барлық қажетті нутриенттерді сапасы мен мөлшерінің арақатынасымен оңтайлы түрде қамтамасыз етеді.
Организмді өндірістік зиянды факторлардан қорғау үшін ( улы химиялық заттар, қышқылдар, сілтілер, иондаушы сәулеленулер), сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан әсерінен қорғау үшін организмнің беріктігін жоғарылататын емдік – профилактикалық рациондар қолданылады . Бұл арнайы рациондар құрамына: 1) бауыр және басқа органдар мен ұлпалардағы тотығу, қалпына келу және гидрологиялық расщепления үрдістерінің көмегімен улы заттардың метаболизмі мен утилизациясына қабілеті бар заттан тұратын өнімдер; өз кезегінде бұл ұрдістер ақуызды және аминқышқылды тамақтануының әсерінен күшеюі мүмкін. Липотропты заттар бауыр функциясын күшейтіп, оған токсиндердің әсер етуін тежейді; 2) зиянды заттарды сіңіруін төмендетіп олардың бөлініп шығуын күшейтетін өнімдердің маңызы зор. Мұндай қасиеттерге, галактуронды қышқылдың бос карбоксильді тобының есебінен қорғасын, сынап, марганец және т.б. байланысатын пектинді заттар ие. Бұдан басқа пектин өзінің бетіндегі бөгде улы заттарды ісіндіріп және адсорбілеуге қабілетті; 3) зиянды заттарды ығыстыруда, ішектің қозғалысын белсендіретін тағамдық талшықтардың – пектин мен клетчатканың, балластық заттардың маңызы зор; 4) организмнің қарсыласуы мен оның қорғаныштық күшін төмендететін зиянды факторлар әсерінен ПОЛ күшінің ұлғаюын тоқтататын антиоксидантты және басқа да витаминді препареттардың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет