Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты



бет37/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
1.4.10. 6 диета бүйрек ауруы, оксалурий, сондай – ақ подагра және зәр қышқылды диатез кезінде қолданылады. Көмірсулар, қымылдық қышқылы бар өнімдер, сонымен қатар кальциге бай өнімдер шектеледі. Тамақтанудың сілтілік ориентациясын қамтамасыз ететін өнімдер кіреді. 6 диета тамақтанудың балансталған түріне жатады да ұзақ уақыт бойы қолданылуы мүмкін.
Диетаның химиялық құрамы: ақуыздар – 70–80 г, майлар – 80–90 г, көмірсулар – 400 г, қайнатылған тұз – 10 г, бос сұйықтықтар – 1,5–2 л, калориялығы – 2800 ккал. Тамақтану тәртібі – күніне төрт рет . Метаболиттер немесе алмастыру өнімі қан арқылы бүйрекке көшеді. Ауырған бүйректің жұмысы нашарлап зәр шығару азаяды, оның көмегімен шықпаған заттар қан құрамында қалып ұлпаларға көшеді. Одан барып бас ауруы, тәбеттің жоғалуы, қан қысымының тез көтерілуі, жүрек жұмысының қиындауы, зәрден қан мен ақуыз білінеді.


1.4.11. 7 диета тек қана бүйрек ауруына ғана емес, гипертоникалық ауруларда және де қан – тамыр жүйесінің ауруларына да көрсетілген.
7 диетаны тағайындау мақсаты - қан – тамыр жүйесінің бір уақыттағы аялауышы болған кездегі қан айналымына, бүрек пен асқорыту органдарына жақсы мүмкіндіктер жасау; организмнен азотты шлактардың және ашымаған тағам алмастырғыштың бөлініп шығуын жақсарту .


1.4.12. 7а диетасы организмнен сұйықтықтарды бөліп шығару арқылы, жүрек және бүйрек жұмыстарын жеңілдетеді. Жалпы тағайындалуы мен мақсаты 7диетаға ұқсас, бірақ бұл диетаны балансталмаған қысқа мерзімге (2 – 3 күнге) тағайындалады. Құрамы ақуыз – 20 г; майлар – 20 г; көмірсулар – 350 г; калориялығы - 2200 ккал. Қайнатылған тұз шектеледі. Тамақты тәулігіне 6 рет қабылдайды. 7 диетадағы сияқты өнімдер мен тағамдарды қабылдауға рұқсат етілген. Оларды қайнатылған және ұсақталған күйінде қабылдайды. Ет пен балықты шектейді күніне 50 г дейін тек қайнатылып пісірілген күйінде қабылдайды. Көжелер ұсынылмайды. Көкөністерді пісірілген және ұсатылған күйінде, жемістер тек қана ұсақталған түрінде қабылданады. Тамақтану толыққұнды, әртүрлі құрамында А, С, В1, В2, РР витаминдері жоғарылатылған мөлшерде, липотропты заттар болу керек. Қайнатылған тұз, бос сұйықтықтарды қабылдау қатаң түрде шектеледі.
Семіру ішкі және сыртқы себептерге байланысты пайда болады. Ішкі себептер – эндокрин бездері мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуы. Семіру көмірсулар мен майлардың регуляциясының бұзылуынан басталады, бірақ бұл сыртқы жағдайлардан байқалады. Еңбек тәртібінде рациональді тамақтанбаудан Май және көмірсу алмасуынан басқа, семіру кезінде липоидті алмасудың, яғни организм ұлпаларында су мен тұздардың артық мөлшерінің задержкасымен сулы – минералды алмасудың бұзылуы да байқалады.
Семіздікті алдын – ала ескерту үшін немесе қазіргі уақыттағы пайда болған ликвидация үшін энергия мөлшерін арттырып, тамақтану рационының калориялығын азайту керек. Бұл ауруға ұшыраған жағдайда 8 диета ұсынылады
Семіру кезіндегі емдік тамақтануды курс бойынша 1,5 айдан жүргізеді, оларды бірнеше айдан кейіғ қайталауға болады. Бұл үшін семіру дәрежесі мен оңтайлы салмағына тәуелді 8 диетаның 8 а және 8 о диеталары ойлап табылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет