Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты



бет34/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
1.4.5. 2 диета жедел гатсрит, энтериттер және колитр кезінде рациональді тамақтануға көшу ретінде қолданылады. Оның тағайындалуы - дімкәс адамды толыққұнды тамақтанумен қамтамасыз етеді, жедел гастрит кезіндегі асқорыту органдарының бұзылған функцияларын қалпына келтірумен асқазан мен ішектің созылмалы аурулары кезіндегі компенсациясын сақтау.
№ 2 диета кулинарлық өңделген рациональді өнімі бар физиолгиялық толыққұнды, ол асқазан – ішек жолдарына күш түсіретін, асқазанда көп сақталып, қиын қорытылатын, асқазан – ішек жолының рецепторлық аппараты мен шырышты қабатын тітіркендіретін тағамдар мен өнімдерді шектейді .
Ішек ауруларының ішінде тек қана жаралы ауруларға ғана емес, организмге әртүрлі маңызы бар зиян келтіретін моториканың бұзылуына да көңіл аударады. Ішек моторикасының бұзылуы перистальтиканы тез күшейтетін немесе әлсірететін жүйкереттегішінің бұзылуынан пайда болады. Перистальтика күшейген жағдайда алдын ала организмнен бөлінеді.
Ұзақ уақыт бойы ауыру организмнің әлсіреуіне, адамның еңбек қабілетінің жоғалуы мен инфекцияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеледі. Ішек перистальтикасы әлсіреген кезде тағам кесегі ішекке баяу қозғалып, нәтижесінде іріңді процестер пайда болып, қанға улы заттар сіңіріле бастайды.
Он екі елі ішектің шырышты қабатының өзгерісі ішектің жедел асқынуы немесе эритроциттердің пайда боуына әкеледі. Бұл асқорыту жолдарына тағаммен бірге түсетін ауру тудырушы микробтар әсерінің нәтижесі. Сондықтан аурудың асқынуы кезінде "аштық күні" ұсынылады да, одан кейін науқасқа энтероклит кезінде диета тағайындалады.

1.4.6. 3 диета перистальтика жетіспеушілігіне байланысты болатын ішек ауруы кезінде, сондай – ақ бұл аурулардың күрт емес немесе басылып кележатқан асқынуы мен ішектің, бауырдың, өт бөлу жолдарының ауруымен қатар келгенде тағайындалады.
3 диета науқасты толыққұнды тағаммен және ішектің созылмалы ауруы кезінде компенсациясын сақтаумен, зат алмасудағы өзгерістерді шектеумен қамтамасыз етеді.
Қарастырылып отырған диета физиологиялық толыққұнды, ішектің моторлы функциясының химиялық және механикалық стимуляторлары жоғарылатылған мөлшерде енгізілген диета болып саналады. Қабылдауға тиым салынатын өнімдер мен тағамдарға: ішекте ашу және іріңдеу процестерін белсенді тудыратын өнімдер; өт бөлудің асқазан секркциясы мен асқазан асты безінің, заттар, бауыр функциясы мен өт бөлгіш органдарына әсер ететін күшті стимуляторларды шектейді.
3 диета құрамында: ақуыз – 90 – 100 г, көмірсу – 400 – 420 г, қайнатылған тұз – 15 г, бос сұйықтықтар – 1,5 л; калориялығы – 2800 – 3000 ккал. Крупа тағамдары, ұн өнімдері, нан, пирогтар, блинылар, кисельдер, қою шай, кофе, шоколад шектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет