Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты


ДӘРІС 13. Клиникалық тамақтануды ұйымдастыру



бет39/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Лекция «тама тану физиологиясы»

ДӘРІС 13. Клиникалық тамақтануды ұйымдастыру
Мақсаты: Клиникалық тамақтануды ұйымдастыру туралы түсінік беру.
Жоспары:Емдік тамақтануға қойылатын талаптар. Түрлі аурулар кезінде ұсынылатын тамақтану.Емдеу мекемелеріндегі тамақтандыруға қойылатын санитарлық талаптар


Денсаулық сақтау объектілерінде науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


222. Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.
223. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік процестің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол берілмейді. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.
224. Апта сайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.
225. Өнімдер мен тағамдарды ауыстыру кезінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы (құнарлылығы) апта сайын есептеліп отырады.
226. Күн сайын ас блогында дайындалған тағамдардың тәуліктік сынамасы қалып отыруы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамдардың жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады.
Тәуліктік сынамалар дайын тамақты сақтауға арналған тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 Цельсий градусы (бұдан әрі – оС ) температурасында қақпақтары жабылған таңбаланған банкаларда сақталады (1,2,3 тағамдар). 24 сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.
227. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізу үшін таңбаланған (тамақ өнімдері үшін) термостар немесе қақпақтары жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.
228. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері "тағам таратуға арналған" деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.
229. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екіншілерде +65оС төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.
230. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.
231. Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелердің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған стерилизаторлар орнатылады.
232. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.
233. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарлардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа бейін бөлімшелерінде:
1) ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, тамақтың қалдықтарынан босатады, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен, оның ішінде жуғыш машинада) немесе термиялық тәсілмен (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу арқылы) жүргізіледі;
2) тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір ара қатынасындағы (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.
234. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі, аты, берiлген күнi көрсетілген целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді беру орындарында, бөлімшелерде беруге рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) және тыйым салынған өнімдердің тізімдері iлiнеді.
235. Бір жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету кезінде, балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларына қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетілген таңба салынуы және қаптамасында көрсетілген "қаптамасын ашқаннан кейін сақтау" жағдайында және мерзімінде сақталуы тиіс. Қоспаларды араластыру стерилді ыдысты қолдана отырып жүзеге асырылады. Дайын сүт қоспалары дайындаушының құжаттарына сәйкес тасымалданады, қолданылады, сақталады және таратылып беріледі.
236. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.
237. Персоналды тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер көзделуі қажет, барлық бөлімшелерде ауданы 12,0 м2 тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді.
238. Медициналық персонал ауысымдық жұмыс киімінің үш жиынымен: халаттармен, қалпақтармен (орамалдармен), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Санитариялық киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады. Санитариялық киімді жуу бір орталықтан, науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.
239. Консультациялық көмек көрсететін медициналық персонал, стационарлардың бөлімшелерінде уақытша жұмыс атқаратын техникалық, әкімшілік-шаруашылық персоналы ауысымдық киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет