1.4.7. 4 диета іштің өте қатты өтуімен жүретін ішектің жедел ауруы және созылмалы асқынуы ішек моторикасы күшейгенде тағайындалады. Берілген диетаны тағайындау мақсаты – асқазан – ішек жолдарының күрт қабыну процесі жүрген кезде және осыған байланысты асқорытуы бұзылған органдары потологиялық процеске жиі ұшырайтын науқас адамдарға тағайындау.
4 диета - майлар мен көмірсулары шектелген және ақуыз құрамы тұрақты, шырышты қабаттың механикалық және химиялық тітіргендіргіштері мен асқазан ішек жолдарының рецепторла аппаратын шектейтін, сонымен қатар ішектегі ашу және іріңдеу процесін күшейтетін тағамдар мен өнімдер, өт бөлгіш асқазан секрециясы мен асқазан асты бездерінің күшті стимуляторлары, бауырды тітіркендіретін заттарды да шектейді. 4 диета бойынша тағамдарды буда піскен түрінде немесе ұсатып қабылдайды. Құрамында ақуыз – 90 г, майлар – 70 г, көмірсулар – 250 г, қайнатылған тұз – 8 – 10 г, бос сұйықтықтар – 1,5 – 2 л. Тамақтану тәртібі дробный – тәулігіне 5 – 6 рет.
Берілген диета 4 – 5 күнге бекітілген, одан кейін науқасты 2 және 4 б диетаға көшіріліп, денсаулығының күйі жақсарғанда – 4 в диетаға ауытырып, яғни ұсатылмаған, толыққұнды ұзақ уақыт бойы сақтайтын диета. Науқастың күй жағдайы жақсарған арада оның рационына біртіндеп ішкі көкөністер мен жемістер ұсынылады да, ақырында 15 диетаға көшіріледі. 4 в диетаға тиым салынатындар: шикі жемістер мен көкөністер, блинылар, пирогтар, сүт және сүт тағамдары (ірімшік пен айраннан басқасы), суық закускалар, қақталған, тұздалған, майлы ет (қаз, үйрек), осетр балығы, сало және т.б. майлар түрін қабылдауға рұқсат етілмейді.
Бауыр ауруы қабыну процестеріне байланысты жиі болады. Егер ол негізгі жолмен жолмен бауыр клеткаларын алып кетсе, онда ауруды гепатит деп атайды. Өт жолының ауруын холангит дейді, өт қабындағы қабыну процестері - холецистит, Өт қабындағы неемсе оның протогындағы тастың пайда болып жиналуын өт – тас ауруы деп атайды.
Вирус гепатиті (Боткин ауруы ( сары ауру)) диспептикалық бұзылулардан басталады: тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, асқазан астының түсініксіз ауруы, іш өту, дене температурасының аздап көтерілуі. Сары ауру жиі кездеседі. Бұл аурудағы негізгі қолданылатын шаралар диета мен төсек тәртібі.