Дәріс «тамақтану физиологиясы» және адам денсаулығы Мақсаты



бет38/43
Дата17.05.2023
өлшемі466,69 Kb.
#94036
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
1.4.13. 8 а және 8 о диеталарында оңай сіңірілетін көмірсулар, қайнатылған тұз, экстрактивті заттар, татымды заттар мен дәм қосарлар шектеледі. Диеталарда әртүрлі өнімдер мен тағамдар қолданылады. Ақуыздарды семіз емес ет пен балық түрінде, теңіз өнімдерін, ірімшік және т.б. сүт өнімдерінен алады. Қуырылған тағамдар ұсынылмайды.
Майларды өсімдік, сливочный май және қаймақ түрінде қолдануға болады. Қантты сахарин мен немеес сорбитпен ауыстырады, ал көмірсулар организмге көкөніс және жеміс – жидектер арқылы түседі.
Семіру кезінде сұйық заттарды көп ішуге болмайды, ал зәр шығаруды күшейту үшін калий тұзына бай өнімдер қолданады .

1.4.14. 9 диета қант диабеті болғанда тағайындалады. Қант диабетінің негізінде көмірсу алмасуының бұзылуы жатыр. Науқас адамдарда қан деңгейі 180 мг % (80 – 120 мг % нормасында болғанда) дейін көтеріледі. Бұл уақытта организм ұлпалары глюкозаның жетіспеушілігін сезеді, яғни қарындары ашады
Көмірсудың алмасуына май және ақуыз алмасуларының бұзылуы қосылады Дибеттің ауыр формасында майлар ақырға өнімге дейін жанбайды да, ацетонды (кетонды) формалардың пайда болуына жағдай жасайды да, бұл организмнің уланып диабет комына себеп болады. Ұлпалардың залалсыздануы (обезвоживание), май қорының жануы, ақуыздардың жоғары мөлшерде ыдырауы тез арықтатуға әкеледі. Витаминдер алмасуы бұзылып, жүйке жүйесі функциясы бұзылады.
9 диета ұзақ уақыт бойы, ал кейбірде өмір бойы қолданылады. Дұрыс құрылған диета мен инсулин мөлшері аурудың ауыр формасында оның барлық симптомдарын шешіп жұмысқа қабілетін қалпына келтіреді.
9 диетаның тағайыедаудың мақсаты – көмірсутек алмасуын тұрақтандыру. Сондықтан мұнда көмірсулар мен майлар шектеліп, қант пен тәтті тағамдар мүлде шектеледі. Қантты сорбитпен, ксилит және қант алмастырғышпен ауыстырады. Тамақты қабылдау мөлшері - тәулігіне 4-5 рет. Тағам температурасы кәдімгі. Қуырылған тағамдар жіберілмейді. Тағам құрамында мынадай витаминдер мөлшері жоғары болуы қажет: С – 150 мг; В1 мен В2 – 4,6 мг; А – 3,4 мг ; РР - 30 – 45 мг.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет