ДӘРІС 15. Әртүрлі ауруларданалдын алудағы тамақтың маңызы Мақсаты: Әртүрлі аурулардан алдын алудағы тамақтың маңызы туралы түсінік беру.
Жоспары: Толығу. Атеросклероз кезіндегі тамақтану.
Атеросклероз – липоидті алмасудың жүйкелік бұзылуымен байланысты тамырлық алмасу ауруы.
Атеросклероз өмірге қажетті мүшелер жүрек пен бас миының атеросклерозына зақым келтіреді.
Атеросклероздың дамуы мал майын тым көп қолданғанда, құрамында холестерині бар заттарды қолданғанда, физиологиялық белсенділік төмен болғанда тамақтану бұзылса пайда болады. Бұл ауру пайда болған кезде 10с диетасы тағайындалады. Оның химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы екі вариантпен көрсетілген:
2 – ші вариант (семірген уақытта): ақуыздар 90 г, майлар 70 г, қайнатылған тұз 8-10 г, бос сұйықтықтар 1,2 л . Калориялығы – 2200 ккал .
Атеросклероз кезіндегі диета белгіленгенде тамақтану тәртібін (5 реттен кем емес ) тағайындау арқылы жүйкелік процестерді реттейді, жүйке жүйесін қоздыратын тағамдық заттарды шектеу немесе тиым салу арқылы ; холестарин алмасуын мал майын, холестеринге, D витаминіне бай өнімдерді шектеп, тамақты құрамында полиқаныққан қышқылдары (линоль, линолен, арахидон) бар өсімдік майымен және липотропты заттарға бай ірімшік,соя, картоп, күріш, треска, ашытқылар, сұлымен байыту. Бұдан басқа бұл диета атеросклерозда жылдамдатылып болатын қанның ұюы процесін реттейді.
Миокард инфаркті атеросклероздың ауыр асқынған түрі мен гипертоникалық ауру түрінде болады. Миокард инфарктінің ең көп тараған себебінің жүрек бұлшық етінің ауаға және қоректік заттарға қажеттілігімен олардың бұлшық етіне жеткізуі арасындағы сәйкестіктің күрт бұзылуына әкелетін жүрек тамырының атеросклерозы.
Миокард инфаркті кезіндегі тамақтану сипаты кезең бойынша өзгереді. Аурудың әртүрлі кезеңіне байланысты сәйкес келетін бірнеше тамақтану тәртібі жасалған. Тамақтану 10 и диетасы бойынша қатаң стационарлы талап бойынша ұйымдастырылады. Стационарлы емдеуден кейін науқасқа атеросклероз кезінде ұсынылатын 10 с диетасы тағайындалады.
Гипертониялық аурудың негізгі белгісі болып артерия қысымының жоғарылауы болып табылады. Гипертонияға әкелетін жиі қайталанатын жүйке ауыртпалығы (мысалы, ұзақ уақыт бойы қатты абыржу), ой жұмысы, әсіресе түнгі уақытта, темекі шегу, тамақтану тәртібінің бұзылуы және аз қимыл жасау. Гипертония ұзақ жылдар бойғыға созылып кетеді, сондай-ақ нашарлау кезеңіндегі күйі жақсару кезеңімен алмасады.
Гипертониялық сырқат кезіндегі ескерту мен емдеуде тамақтану тәртібінің маңызы зор, яғни күн ішінде тағамды дұрыс бөлу, тамақтану әрбір дұрыс уақытында және тыныштық жағдайда өтуі керек. Кейбір кезде тамақтану тәртібін реттеудің бір өзі науқастың күйін жақсартып, артериялық қысым деңгейін төмендетеді .
Гипертониялық аурудың 2 және 3 стадиясынан зардап шегетіндер үшін 10с диетасы көрсетілген, мұнда холестеринге бай өнімдер шектелген. Мұнда жүйке жүйесін қоздыратын заттар мен өнімдер: шай, қою кофе, ет және балық консервілері, қақталған өнімдер, қою ет сорпасы жіберілмейді. Гипертониялық күйзеліс уақытында диетаға құрамында көп калий ( картоп, итмұрын,мейіз, инжир, банан) немесе магний (сәбіз, жаңғақ, фасоль, сұлы ботқасы, бидай және қарақұмық ботқасы) бар өнімдер кіргізіледі .
Қан – тамыр жүйелерінің, атеросклерозды, гипертонилық ауруларды және кокнарлы қан айналымы жетіспегендегі кешенді емдеу үшін бірнеше диета қатарын қосқан 10 диета тағайындалады.
10 диетаның жалпы талабына калориялықты, майды, көмірсуларды шектейді. Диета ориентациясы - өсімдік-сүт құрамдас. Сұйықтық пен қайнатылған тұзды енгізу шектеледі.