Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет37/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
11 - тақырып. Сақтандыру


11. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні


Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша саласын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру саласы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік- экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын негізгі себеп – өндіріс пен адам өмірінің қауіп–қатер сипаты.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілуінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар пен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша саласы.
Сақтандыру дегеніміз- сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қызметі- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтандыру келесі функцияларды орындайды: бөлу, өтемділік, жинақтық және бақылау.
Қоғамдық-экономикалық қатынастар жүйесінде сақтандыру төмендегі жағдайларда туындайтын өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі:

  1. Табиғи ерекшеліктерге және осы қатынастарға кіретін адамдардың жағдайларына (ауру, қартаю және дүние салу, бала туу);

  2. Адамдардың еңбек қызметіне қатысу, ал бұл қатысудың әр түрлі жағдайлардан туындайтын қызметтің тәуекелділік сипатына (жарақаттану, мүгедектік, кәсіби аурулар);

  3. Өндірістің қолайсыз, табиғи ауа-райы жағдайларына (құрғақшылық, суық т.б);

  4. Табиғи апаттарға (жер сілкіну, су тасқыны т.б);

  5. Апаттар және кездейсоқ бақытсыздыққа ұшырау (жарылу, қирау, өртену).

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет