Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары- бұл отбасы қарамағындағы жиынтық ақша. Ол, әдеттегідей нысаналы арналымы бар оқшауланған ақша қорлары түрінде болады.
Үй шаруашылығы қаржылық ресурстарының құрамы:
өз қаражаттары (еңбекақы, коммерциялық қызметтен кірістер);
нарықта тартылатын қаражаттар: несие ресурстары,
дивидендтер, сыйақылар;
мемлекеттік бюджеттен, бюджеттен тыс қорлардан төлемдер,
зейнетақы, жәрдемақылар.
Қаржы ресурстары үй шаруашылығының бюджетін қалыптастырады.. Өзінің материалдық мазмұны жағынан үй шаруашылығының бюджеті- бұл үй шаруашылығының ақша қорын жасау мен пайдалану нысаны.
Үй шаруашылығында екі негізгі қор жасалады:
Тұтыну қоры, ол отбасының жеке қажеттіліктерін (тағам өнімдерін, өнеркәсіп өндірісінің тауарларын) сатып алу, түрлі ақылы қызметтерді төлеу және басқалары.
Жинақ ақшалар қоры, ол келешекте қымбат тұратын тауарларды сатып алу үшін пайдалануға немесе пайда алуға арналған капиталдары.
Үй шаруашылығының тұрақты және уақытша табысын ажыратады. Тұрақты- бұл адам болжамдарына сәйкес болашақта сақталынатын табыс. Тұрақты экономикалық қоғамда табыстың бұл түріне еңбек қызметіне ақы төлеуді жатқызады. Уақытша табыс- болашақта жоғалтатын табысты айтады, мысалы, акционерлік қоғамның тоқтатылуына байланысты бағалы қағаздардан түскен табыс.
Мемлекет үй шаруашылығы бюджетінің көлеміне айтарлықтай ықпал жасайды, өйткені нарықтық экономикада ол түгелдей материалдық және ақшалай қаражаттардың жалпы толық айналымына біріктірілген. Бұл ықпал:
салық жүйесі арқылы- үй шаруашылықтары салықтар, алымдар, баждар төлейді және басқа да міндетті аударымдар жасайды;
мемлекеттік сектордағы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу арқылы;
берілетін түрлі қоғамдық игіліктер мен қызметтер арқылы;
мемлекеттік баға белгіленімі арқылы жүзеге асырылады.