Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері



бет13/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

4.2 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері


Коммерциялық ұйым- өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін заңды тұлға болып табылады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның нысандары:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- шаруашылық серіктестік;
- акционерлік қоғам;
- өндірістік кооператив.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық атауында оның мүлкін меншіктенуші көрсетілуі тиіс. Құрылтайшы бекіткен кәсіпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген - өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.
2) қазыналық кәсiпорындар (оралымды басқару құқығына негiзделген) - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын. Қазыналық кәсiпорын ҚР Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.
Шаруашылық серiктестiк - жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесiне (салымдарына) бөлiнген коммерциялық ұйым деп танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебiнен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк өз қызметi үрдiсiнде өндiрген және алған мүлiк меншiк құқығы бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.
Шаруашылық серiктестiктер нысандары:
1) толық серiктестiк;
2) сенiм (коммандиттiк) серiктестiгi;
3) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк.
Акционерлік қоғам- өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға болып табылады. АҚ жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері – 50000 АЕК.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет