6 дәріс Механикалық (тіректік) ұлпа. Колленхима, склеренхима, склереида
Жоғары сатыдағы өсімдіктер бір жерге орнығып тіршілік етеді, сондықтан кез келген күшке, салмаққа қарсы тұру қабілетінің болуы олар үшін өте маңызды. Кейбір өсімдіктер ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы боран, нөсер, бұршақ және қарға еріксіз қарсылық көрсетуге мәжбүр. Кез келген өсімдік жасушасының целлюлозалық қабық түріндегі сыртқы қаңқасы болады. Өсімдіктің мықтылығын қамтамасыз етуге барлық жасушалар мен ұлпалар қатысады.. Жасуша пішіні мен құрылысна қарай тірек ұлпашс 3 типке бөлінеді: колленхима, склеренхима, склереида (склеренхима мен склереида бірге топтастыруға болады).
Колленхима - өсіп келе жатқан жас сабақта, жапырақ сағағында, жапырақ жүйкелерінде болатын жасушаларында цитоплазма, ядро, вакуоль, хлорофилл дәндері бар қабықшасы қалыңдамаған тірі жасушалардан тұратын, өсу қабілетін жоймаған алғашқы тірек ұлпа. Жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан. Жасушааралық қуыстары болмайды, пішіндері қабықшаның қалыңдауына байланысты бұрышты (әр жерінен қалыңдайды), ұзынша, т.б. Бұрышты колленхима бегония, алабота, қызылша, картоп, раушан жапырақтарының сағағында, асқабақтың жас сабағында өңнің астын ала қатарласып жатады. Жасуша қабықшасы қатайып ағаштанбайды, целлюлозадан тұрады. Осы себепті жасуша өскен сайын еркін созылып өседі, бөлінеді, пішінін өзгерте алады.
Склеренхима жасушаларының пішіндері ұзынша қабықшасы біркелкі қалыңдап ағаштанған қатты, орналасқан жеріне қарай тін талшығы және сүрек талшығы деп екіге бөлінеді. Тін талшығының жасушасы ірі жіңішке ұшы сүйір, талшық сияқты, ұзындығы 1-200 мм, өте берік, қабықтың тін қабаты мен түтікті талшық шоқтарында болады. Талшықты өсімдіктер: зығыр, талшығының ұзындығы 4-60 мм; қарасоранікі 8-40 мм; қалақайда 5-55 мм. Тін талшығы қабық бөлімінде болатындықтан өсімдік қатты майысқан кезде мықтылық қасиет береді. Әсіресе тығыз талшығы таза жасуынықтан тұратындықтан сапалы тоқыма өнеркәсібінде жоғары бағаланады.
Сүрек талшығы камбий жасушаларының бөлінуінен сүректе түзіледі. Қабықшасы сүректенген тін талшығынан қысқарақ, ағаш сұлбасы (корола) діңінің салмағын жеңілдетеді. Сүрек талшығы дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің сабағында, жапырағында және тамырында болады.
Склереида («склероз» - қатты) – жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түлі мүшелерінде кездесетін, жасуша қабықшасы біркелкі қалыңдаған тірек ұлпасының бір түрі. Кейде оны қиыршық тасты жасушалар деп те атайды. Хинин ағашының тамырында, сарғалдақтың тамырсабағында, алхоры, шие, шабдалы, өрік, жиде, алша, долана жемісінің сүйегінде, жаңғақ, емен жаңғағы, тары тұқымының сыртындағы қатты қабығы және қауызында, алмұрт, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етінде болады. Сонымен склереида өсімдік мүшелерінде бірдей кездеспей, кейбір мүшелерінде дара жасуша болып, топтанып немесе сыртын тұтас қаптап жататын қабық түрінде кездеседі. Егер оның жеке бір жасушасын алып қараса, қабықшасы өте қалың, арасында тармақтанып жатқан саңылаулары бар, цитоплазмасы болмағандықтан өлі жасуша, дегенмен ағаш пайда болған кезде жасушалары тірі болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Склереидтер деп:
A Талшықтардың жиналуы
B Түзуші ұлпалық қабаты
C Әртүрлі формадағы жеке тасты жасушалар
D Қарапайым түрдегі бөліктер
E Паренхимді жасушалар
2. Механикалық ұлпа дегеніміз:
A Колленхима
B Паренхима
C Флоэма (тін)
D Прозенхима
E Мезофилл
3. Стереом дегеніміз:
A Механикалық және өткізгіш ұлпалардың бірлестігі
B Механикалық ұлпалар бірлестігі
C Өсімдіктердегі жасушааралық бірлестік
D Бөлек шығаратын ұлпалар бірлестігі
E Түзуші ұлпалар кешені
4. Түтіктер қабырғаларына мықтылық беретін:
A Минералдану
B Тығыздалу
C Кутинизация
D Сүректену
E Лигнин
5. Жас өсіп келе жатқан мүшедегі механикалық ұлпа:
A Трахеидтар
B Склеренхима
C Колленхима
D Түтіктер
E Склереид
1.Механикалық ұлпалардың атқаратын қызметі мен түрлері қандай ?
2.Колленхиманың құрылымдық айырмасы неде?
3.Склерида клеткаларының ерекшелігі қандай?
4.Склерида қалай және қайда түзіледі?
5.Колленхима мен склеренхима клеткаларының айырмашылығы неде?
№ 7 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Өткізуші ұлпалар, өткізуші шоқтар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өсімдік су режимін қамтамасыз етуде бірқатар мәселер бар. Осы мәселені шешу, су өткізу қызметін орындауға әдейі бейімделген, өткізуші ұлпаның пайда болуына әкелді. Суды бір тірі жасушадан екіншісіне өткізу өте жәй жүзеге асырылады және белгілі бір энергетикалық шығындарды қажет етеді.
Құрғақтағы өсімдік денесін екі бөлікке бөлуге болады: топырақпен және ауамен қоректенуді қамтамасыз ететін, жерүсті және жерасты (тамыр мен өркен). Соған сәйкес, заттар 2 қарама-қарсы бағытқа жылжи алатын, екі өткізуші ұлпалар пайда болды.
1. Тамырдан сабаққа және жапырақтарға су мен минералды тұздардың шығу ағыны ксилемамен қамтамасыз етіледі;
2. Жапырақтардан пластикалық заттардың төмен түсу ағыны флоэмамен қамтамасыз етіледі.
Флоэма (шелқабық). Флоэма - жапырақтың жасыл жасушаларында фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болатын, ағаш басынан төменге, тамырға, және де жоғары, гүлдерге және жемістерге пластикалық заттарды өткізетін, тамырлы өсімдіктің ұлпасы. Ксилема сияқты, флоэма бірнеше типті жасушалардан тұрады және өзінің пайда болу уақыты бойынша алғашқы және екінші болып бөлінуі мүмкін. Алғашқы флоэма прокамбийден пайда болады. Екінші флоэма камбийден шығады.
Алғашқы және екінші флоэманың құрамында бірдей типтегі жасушалар болады.
1. електәрізді элементтер, олар не елек тәрізді жасушалармен, не жасуша - серіктерімен елек тәрізді түтікше бунақтармен көрсетіледі -пластикалық заттарды алысқа тасымалдауды қамтамасыз етеді;
2. 2-типті склеренхималық жасушалар: талшық және склереидтер -тіректік қызмет жүктеледі;
3. әртүрлі паренхималы жасушалар пластикалық заттарды радиалдық бағытқа қорға жинайды және тасымалдайды.
Және де ксилема элементтері сияқты, флоэма элементтері де жоғары өсімдіктердің эволюциясы процесінде тұтастай бір қатар маңызды морфологиялық және қызметтік өзгерістерге ұшырады. Бірақ атап кету керек, егер су өткізуші элементтер алғашқы жоғары сатылы өсімдіктердің құрғаққа шығуды жүзеге асырушы, жаңа артықшылығы болып табылса, онда флоэмаға ұқсас элементтер, кейбір балдырларда бұрын да болған, сөйтіп, эволюция жағынан флоэма ксилемадан да біраз үлкен болып шығады. Одан басқа, флоэма жасушасының негізгі физиологиялық белгісі - олардың еріген органикалық заттарды өткізу қабілеті - барлық дәрежеде тірі жасушаға тән екендігін айтуға болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Ксилеммалармен флоэмалардан тұратын екі топты радиальды өткізгіш шоқ:
A Тетрархты
B Моноархты
C Диархты
D Полиархты
E Триархты
2.Өткізгіш ұлпаға жататындар:
A Қабық және орталық цилиндр
B Эпидерма және перидерма
C Колленхима мен склеренхима
D Камбий және прокамбий
E Ксилема мен флоэма
3.Ксилемаға тән:
A Қабырғаларының қалыңдығы бірдей өлі ұзарған жасушалар
B Қабырғаларының қалыңдығы әртүрлі өлі ұзарған жасушалар
C Плазмодесмалы тірі паренхималық жасушалар
D Хлоропластсыз тірі паренхималық жасушалар
E Ядросыз тірі ұзарған жасушалар
4.Флоэманың қызметі:
A Суды және минералды заттарды өткізу
B Органикалық заттарды тасымалдау
C Суды және минералды заттарды сіңіру
D Газ алмасу жєне булануды реттеу
E Фотосинтез
5. Суда еріген заттарды талғап сіңіретін, су өсімдігінің жапырақтарындағы бір немесе топ жасушалары:
A Гидатодтар
B Лептесіктері
C Жасымықша
D Трихомалар
E Гидропоттар
1.Өткізгіш ұлпалар түзілуде камбий мен прокамбийдің рөлі қандай?
2.Трахеиданың түктерден айырмасы неде?
3.Қандай өткізгіш шоқтарды жәй,жалпы,күрделі және түтікше талшықты деп атаймыз?
4.Ксилема қандай қызмет атқарады?
5.Флоэмаға қандай құрамды элементтер кіреді?
№ 8 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ұрық және өскін – гүлді өсімдіктер онтогенезінің бастапқы кезеңдері
Жынысты жолмен пайда болған, жоғары сатылы өсімдік дарағының (особь) жеке тіршілігі, бір жасушадан ұрықтанған аналық жасушадан немесе зиготадан басталады. Жеке даму процесі – о н т ог е н е з д е - көпжасушалы жоғары сатылы өсімдік жаңадан барлық органдарды, алдыңғы кезекте, в е ге та т и в т і органдарды түзеді.
Гүлді өсімдіктердің негізгі вегетативтік органдары - өскін мен тамыр әдетте жетілген тұқымда болатын ұрықта бастама күйінде болады. Алайда, ұрықтан пайда болатын, өскіннен тұқымның өнуінен кейін, ұрықтық органдар ғана емес, және жаңалардың да негізі салынады: жапырақтар, сабақтың телімдері, бүршік және жанама өркендер, жанама және қосалқы тамырлар. Әрі қарай даму шамасына қарай өсімдіктерде тұқымдағы ұрықта ешқандай да бастамалары болмайтын, гүлдер – көбею органы (ұрпақ өрбіту органдары) пайда болады. Онтогенез барысында ескілердің құруымен (мысалы жапырақтың түсуі) үйлесетін, жаңа органдардың пайда болу процесі, жоғары сатылы өсімдіктерде, органдарының «жабық» жүйесі болатын, жоғары сатылы жануарлардан ерекшелігі, «ашық» өсу жүйесінің болуымен ерекшелнеді.
Ұрық. Көп жағдайларда піскен тұқымдағы ұрық морфологиялық толық мүшеге бөлінген болады. Ұрықтық өркен өс (ұрықтық сабақ) және тұқымжарнақтық жапырақтан немесе екі (қосжарнақтыларда) немесе бір (даражарнақтыларда) тұқымжарнақтан тұрады; қылқанжапырақтыларда бірнеше тұқымжарнақтары болады. Өстің жоғарғы ұшында өркеннің өсу нүктесі бар, ол меристема телімінен пайда болған және көбіне дөңес формалы болады (өсу конусы). Кейде өркеннің апексінде (төбе) тұқымжарнақтардан кейінгі жапырақтардың бастамасы салынып қойған; соңғы жағдайда ұрық бүршігі туралы айтуға болады. Тұқымжарнақтарының негізін алатын, өстің бөлігін, тұқымжарнақ буыны деп атауға болады; тұқымжарнақтан төменгі ұрықтық өстің қалған телімін, гипокотиль немесе тұқымжарнақасты тізе (колен) деп атайды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Тұқым тозаң қабының сыртқы қабаты
A Интина
BСэкзина
C Энтина
D) Оберка
E) Апертура
2.Микроспорогенезде не пайда болады
A) Анипот клеткасынан ұрық пайда болады
B) Ұрықтанбай ұрық пайда болады
C) Аналық гаметофит пайда болады
D) Аталық гаметофит пайда болады
E) Тұқым бүршігі пайда болады
3.Тозаңқап дегеніміз не
A) Эндотеций
B) Байланыстырушы
C) Археспорий
D) Эпидермис
E) Танетум
4.Тозаңды қабылдауға арналған мүше
A) Аталық жіпше
B) Байланыстырушы
C) Бағана
D) Ұсақ жол (рубчик)
E) Аналық аузы
5.Микропиле дегеніміз
A) Тұқымбүрінің халазалды бөлімі
B) Тұқымбүрінің төселмелі ұлпасы
C) Тұқымбүрінің тозаң жолы
D) Ішкі интегумент
E) Сыртқы интегумент
1.Тұқым қандай қызмет атқарады?
2.Ұрықтың мүшелерін атаңыз?
3.Тұқымның негізгі типтерін атаңыз?
4.Тұқымның осуі үшін қандай жағдайлар қажет?
5.Тұқымның бөлімдерін және қандай бөліктерден тұрады
№ 9 дәріс
Тамырдың түрөзгерген түрлері. Метаморфоз
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1. Тамыр- бұл негізгі вегетативтік органдардың бірі
2. Тамыр радиалды симметриялыққа ие
3. Тамыр - өсудің ашық жүйесі, ол сабақ сияқты, ұзақ уақыт бойы апикалдық (төбелік) меристеманың есебінен ұзындығына өседі, бірақ сабақтан айырмашылығы, тамырдың өсу нүктесі оймақшамен жабылған, сондықтан апикалды меристема екі жаққа жұмыс істейді: тамырды өсіре және оймақшаны толтыра;
4. Сабақ сияқты, тамыр да тармақталуға қабілетті, бірақ жанама тамырлары эндогенді, олар тамырдың ішінде ерекше қабатта - перициклде салынады, бірақ та сабақтың жанама төмпешіктерінің пайда болуы экзогендік;
5. Тамыр тіпті де жапырақсыз, онда жәй да, метаморфоздалған да жапырақтар ешқашанда дамымайды;
6. Тамырдың, тамыр түкшелерінен тұратын, ерекше сорғыш қабаты болады;
7. Тамырда ерекше тозданған ішкі қабық – эндодерма болады;
8. Тамырда өткізгіш және механикалық ұлпалар ортада жинақталған, ал сабақта – шетке шығарылған
9. Тамырдың көлденең кесіндісіндегі алғашқы құрылымының көп көлемін алғашқы қабық, ал аз бөлігін стела (орталық өстік цилиндр) алады, ал сабақта, керісінше;
10. Тамыр тек төбесімен өседі, ал өркенде болса тағы да қосалқы өсу (интеркалярлық) болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Тамыр дегеніміз:
A Цилиндр тәрізді өстік мүше
B Сабақ примордийі
C Сәулелі симметриялы өстік вегетативтік мүше
D Өркен апексінің түзуші ұлпалық аймағы
E Бүршіктің түр өзгеруі
2.Тамырлар жүйесінің типтері:
A Жанама, қосалқы, кіндік
B Негізгі, шашақ, аралас
C Жандану, тыныс, ауа
D Аспа, тарпа, бағана
E Гаусториялы, су атпа
3.Тамырдың түр өзгерістері:
A Тамырсабақ, столон
B Жемтамыр, түйнек
C Мұрт, филлокладий
D Каудекс, мұртшалар
E Жуашық, түйнекті жуашық
4.Тамырдың тірі ұлпаларын эндодерма қорғайды:
A Бөліну аймағында
BБөліну аймағында
C Созылу аймағында
DСору аймағында
E Тамыр оймақшасында
5.Тамыр түктерін түзеуге жарамды ризодерма жасушалары:
A Статолиттер
B Өткізгіштер
C Инициалды
DТрихобластар
EАтрихобластар
1.Тамыр қандай қызмет атқарады?
2.Тамыр жүйесі дегеніміз не?
3.Шығу тегіне және пішініне қарай тамыр жүйелерінің қандай түрлері болады?
4.Жас тамыр ұшынан қандай аймақтарды ажыратуға болады?
5.Тамыр түгі қалай пайда болады?
№
Достарыңызбен бөлісу: |