Дәріс тезистері №1 дәріс



бет2/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 1 курс 2023

4 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Ұлпалар
2. Жалпы сипаттама. Ұлпалардың жіктелуі. Түзуші үлпалар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өсімдіктер организмдерінің көбінің жасушалары, ұлпа деп аталатын, жақсы біркелкі кешендерге жиынақталады. Ұлпаларды жіктеу екі негізгі принцип негізінде жүргізілуі мүмкін: морфологиялық және физиологиялық. Морфологиялық принцип негізіне ұлпаның шығу тегі мен құрылымы, ал физиологиялыққа – орындалатын қызметі салынады. Ұлпаларды жіктеуде таза морфологиялық принципті Де Бари пайдаланды, бірақ мұндай жіктеу барлық уақытта да қабылдана бермейді, өйткені ұлпаның формасы және шығу тегі жағынан бірдей жасушалардан тұруы сирек болады. Ұлпаларды жіктеу:
Түзуші ұлпалар (меристемалар): ұштық (апикалдық); бүйірлік (латералдық); алғашқы (прокамбий, перицикл); екінші (камбий, феллоген); қосалқы (интеркалярлық); жаралық (жарақаттық).
Тұрақты ұлпалар: негізгі паренхима; ассимиляциялық ұлпалар; қоржинаушы ұлпалар; аэренхима;
Сорушы ұлпалар: ризодерма; веламен; астық дақылдылардың ұрығындағы сору қабаты; паразитті өсімдіктердің гаусторийлары;
Жамылғы ұлпалар: алғашқы (эпидерма); екінші (перидерма); үшінші (қабық, ритидом);
Заттардың өтуін реттейтін ұлпалар: эндодерма; экзодерма;
Бөліп шығарушы ұлпалар: сыртқы: безді түктер (трихомалар) және шөншіктер (эмергендер, шірнеліктер, гидаторлар); ішкі: бөліп шығарушы ұлпалар, бөліп шығарылғандардың көпжасушалы кең орындары, шайыр арналары, сүтжолдары;
Механикалық ұлпалар (тіректік, қаңқалық, арматуралық): колленхима; склеренхима: талшық және склереидтер;
Өткізгіш ұлпалар: ксилема (тоз); флоэма (қабық).
Түзуші ұлпалар. Негізгі ұлпалар
Кәдімгі жануарлардан, жоғары сатылы өсімдіктердің айырмашылығы, барлық тіршілік бойы жаңа жасушалар түзейді және өсіп отырады, бірақ та арасында үзілістері болады. Орташа ендікте өсетін көп жылдық өсімдіктерде, мысалы, үзілістері қысқы тыныштық жағдайдың тууына байланысты болады. Өсімдіктің басқа да айырмашылығы олардың жергіліктілік өсуі: олар өз денесінің белгілі телімдерінде өседі. Бұл телімдерді өсу нүктесі немесе өсу аймағы деп атайды.
Өсу аймағының негізгі қызметі белсенді бөлінуі және жаңа жасушаларды тууы болып табылады. Меристемалардан пайда болатын жасушалар өсіп, тұрақты ұлпаларға сараланады.
Меристема жасушаларының формасы әртүрлі: олар көбіне паренхималы және дұрыс келген изодиаметрлік көпқырлылықтың келбеті түрінде болады.
Түзуші ұлпалар тығыз қабыстырылған, бірақ жасауша аралық қуыссыз, жасушалардан тұрады. Бірақ бұл ереже сабақтар меристемалары қатысында ғана толық дұрыс болғанмен, тамыр меристемаларында кейде анық көрінетін жасуша аралық қуыстары болады.
Дамып жатқан тұқымдағы ұрықтың денесі алғашқы кезеңде тұтас промеристемалардан тұрады. Бірақ біраз уақыт өткен соң –ақ, тез арада бастама жасушалардан сабақтар мен ұрықтық тамыршаның ұштарындағы өсу нүктесіндегі екі қарама-қарсы өрістен ұштық (апикалдық)
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1 Ұлпа дегеніміз:
A Құрылысы мен пішіні, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар жиынтығы
B Цитоплазманың тірі кешені, органоидтары
C Жасуша аралық бос кеңістіктер
D Пластид тіршілігіндегі заттар
E Митохондрия тіршілігіндегі заттар
2 Төбе түзуші ұлпаның түзілетін орны:
A Жасуша аралықтарында
B Жарақатанған жерлерде
C Сабақ пен тамыр ұштарында
D Өсімдіктердің өстік мүшелерінде
E Перициклде
2 Алғашқы жабын ұлпасына жататындар:
A Тін паренхимасы
B Пробка (қабық)
C Эпидерма
D Қабық
E Колленхима және паренхима
4 Тоз арқылы газ алмасу, реттеудің жүзеге асуы:
A Лептесігі
B Гидропот
C Жасымықша
D Трихом
E Өткізу жасушасы
5. Перидерманың құрамына кіретіндер:
A Камбий мен прокамбий
B Феллема, феллоген, феллодерма
C Колленхима және склеренхима
D Эпидерма және қабық
E Ризодерма және эпидерма
1.Кез келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деуге бола ма?
2.Қүрделі және қарапайым үлпа деген не?
3.Түзуші ұлпа немесе меристема дегеніміз не?
4.Меристема пайда болуына қарай және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай қалай жіктеледі?
5.Түзуші ұлпа олардың атқаратын қызметі

5 дәріс Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1. Жабындық ұлпалар, алғашқы және соңғы жабындық ұлпалар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бұл санатқа, өсімдік органдарын жабатын, ұлпалар жатады. Олар ішкі ұлпаларды сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды және өсімдіктер үшін қауіпті болуы мүмкін жоғары қарқындылықты, сыртқы орта факторларының әрекетін азайтады.
Тамырларда алғашқы қорғаушы жамылғы ұлпаның рөлін экзодерма, ал сабақтар мен жапырақтарда – эпидерма (қабықша) атқарады. Көптеген өсімдіктерде алғашқы жамылғы ұлпаны ауыстыратын екінші жамылғы ұлпа – тоз (феллема) пайда болады, ол перидерма деп аталатын, ұлпа кешенінің бір бөлігі болып табылады.
Одан да кейінірек, көптеген жағдайларда тіпті де күрделірек ұлпалық кешен – қабық (үшінші жамылғы ұлпа) пайда болады.
Механикалық ұлпалар. Жоғары сатыдағы өсімдіктер бір жерге орнығып тіршілік етеді, сондықтан кез келген күшке, салмаққа қарсы тұру қабілетінің болуы олар үшін өте маңызды. Кейбір өсімдіктер ондаған, тіпті жүздеген жылдар бойы боран, нөсер, бұршақ және қарға еріксіз қарсылық көрсетуге мәжбүр. Кез келген өсімдік жасушасының целлюлозалық қабық түріндегі сыртқы қаңқасы болады. Өсімдіктің мықтылығын қамтамасыз етуге барлық жасушалар мен ұлпалар қатысады
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Колленхиманың атқаратын қызметі:

  1. Қорғағыштық

  2. Түзуші

  3. Қор жинау

  4. Механикалық

  5. Өткізгіштік

2. Эпидерманың атқаратын жұмысы:

  1. Қор заттарын жинайды

  2. Минералды заттар мен суды сіңіреді

  3. Фотосинтез

  4. Газ алмасу және транспирация, ішкі ұлпаларды қорғау

  5. Ассимиляторларды тасымалдау

3. Тоздың құрамында:

  1. Мезофилл

  2. Камбий

  3. Феллема

  4. Склеренхима

  5. Паренхима

4. Жас өсіп келе жатқан мүшедегі механикалық ұлпа:

  1. Трахеидтар

  2. Склеренхима

  3. Колленхима

  4. Түтіктер

  5. Склереид

5. Перидерманың құрамына кіретіндер:

  1. Камбий мен прокамбий

  2. Феллема, феллоген, феллодерма

  3. Колленхима және склеренхима

  4. Эпидерма және қабық

  5. Ризодерма және эпидерма

1.Қандай ұлпаларды жабындық ұлпалар деп атаймыз?
2.Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?
3.Жабындық түктер және олардың қызметі?
4.Лептесік құрылыс қандай?
5.Эпидерманың қорғаушы қабілетін артыратын қандай құрамдары бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет