Дәріс тезистері №1 дәріс



бет9/9
Дата15.11.2023
өлшемі62,55 Kb.
#122534
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәрістер тезисі 1 курс 2023

15 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Өсімдіктердің тіршілік формалары және экологиялық топтары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Өсімдіктердің органогенезі, өсуі мен дамуының ерекшеліктері эвлюция барысында, қандай да бір жағдайларға өсімдіктердің бейімділгін көрсететін олардың сыртқы бейнесін (габитус) қалыптастыруға әкеледі. Өсімдіктердің өздері тіршілік формалары немесе биоморф деген ат алды. «Тіршілік формасы» терминін, «өсімдіктің вегетативтік денесінің (индивид) қоршаған ортамен тұқымнан бастап қурауына дейінгі оның барлық тіршілігі бойына үйлесімділікте болатын формасын» XIX ғасырдың 80-ші жылдары белгілі ботаник Е.Варминг ұсынды.
Тіршілік формасы сабақтың құрылымының сипатына, оның бұтақталу типі мен сүректелу дәрежесіне қарай сүректі (ағаштар, бұталар, бұташалар), жартылай сүректі (жартылай бұталар, жартылай бұташалар) және шөптесін өсімдіктерге (біржылдық, екіжылдық, көпжылдық) бөлінеді. Аталған жіктеудің санаттары болып саналатындар:
1) ағаштар –айқын көрінетін және бүкіл тіршілігі бойына сақталатын басты тіктұратын осьі –қуатты жетілген жеке–дара діңімен, одан өркендерімен жанама бұтақтары кететін, бәрі жиналып бөрік басын (крона) түзейтін, биік ағашты өсімдіктер. Ағаштардың биіктігі 2-2,5 метрден 100 м және одан да жоғары болады. Дегенмен де, төселіп жататын ағаштар да болады, мысалы, сібір самырсын төсемі;
2) бұталар – ағаштардан айырмашылығы, ерекше жеке дара діңі болмайды, өзара шамалас діңі бар, аласа бойлы ағашты өсімдіктер. Бұтақтануы жер бетіне таяу басталады, биіктігі 4-6 м аспайды;
3) бұташықтар– биіктігі 50 см аспайтын, шағын бұталарға ұқсас аласа бойлы ағашты өсімдіктер; ұзын жерасты тамыршалары болады;
4) жартылай бұталар – жартылай ағашты өсімдіктер, формасы бойынша бұталарға ұқсайды. Жер үсті өркендері төменгі жағынан сүректеледі, ал жоғарғы жағы жылма– жыл қурап түсіп отырады;
5) жастықша өсімдіктер – аласарақ, әдетте жастыққа ұқсас. Жыл сайын әрбір өркенінің төбесі өледі, төменгі жағы сүректеледі және көпжылдық болып қалады;
6) шөптесін өсімдіктер көпжылдық және біржылдық болып бөлінеді: біржылдық (бірмаусымдық) шөпті жерүсті өркендері немесе жерге жабысқан метаморфоздалған жаңарған бүршігі бар өркендері болады.
Көпжылдық шөптердің негізгі тіршілік формаларына жататындар:
1) кіндік тамырсабақты өсімдік, жақсы дамыған, әдетте қор жинайтын, негізгі тамыры бар. Бұтақталу дәрежесіне қарай бір– және көпбасты кіндік тамырлы формалы болады (дудник, тау жоңышқа, майракебіс);
2) шашақ тамырсабақты негізгі тамыры болмайды, қосалқы тамыры жуан, кейде қор жинаушы немесе созылмалы (иманжапырақ, купальница);
3) қысқа тамырсабақты тек қосымша тамырларда ғана тіршілік етеді, бірақ тамыршаның өзі айқын көрінеді және ұзақ тіршілік етеді (шыршай, қырлышөп, сарыгүл);
4) ұзын тамырсабақты ұзын буынаралықтарымен тамыршасы бар, бидайықта 1,5 жылдан– қоянжемде 10 жылға дейін және одан да көп тіршілік етеді;
5) шымқабатты шөптердің шашақ тамырлы жүйесі бар, оған шалғынды астық тұқымдастылар– боз, қоңырбас, атқонақ, аққылтан жатады;
6) түйнектүзуші өсімдіктер бір– көпжылдық (цикламен) немесе көптеген түйнекті, жылдан –жылға ауысатын өсімдіктер (хохлатка, уқорғасын, картоп, сүйсін);
7) жуашықтылардың көпжылдық органдары –ауысып тұратын қосалқы тамыр жүйесімен жуашықтардың әртүрлі типтері (крокус, қызғалдақ, гиацинт);
8) жерүсті-жорғалайтын және жерүсті-өрнекті шөптер салыстырмалы ұзақ жасайтын (2-4 жыл) жорғалайтын өркендері бар шөптер (шалғын шай, бүлдірген)
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1.Орташа ылғалды жерлерде өсетін тамырлары онша жетілмеген өсімдіктер
AМезофиттер
B Гигрофиттер
CГидрофиттер
D Ксерофиттер
EСапрофиттер
2.Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері қайда болады
AЖер астында
BСу астында
CТопырақ бетінде
DЖер үстінен көп жоғары
EТопыраққа жақын
3.Тұзды суларда немесе сор топырақтарда өсетін өсімдік
A Гигрофиттер
BГидрофиттер
CГелофиттер
DГалофиттер
E Геофиттер
4.Суккуленты - өсімдіктер қандай
A Күшті сүректенген жапырақтар
BЖапырақтары мен сабақтары қалың түкті
CЛептесіктері жапырақ ұлпасына терең орналасқан
DКүшті дамыған, су қарын жинайтын ұлпалар
EТүксіз, жіңішке жолақ жапырақ пластинкасы
5.Азот қажеттілігін басқа жануарлармен қоректену арқылы толықтыратын өсімдік
A Ксерофитті
B Галофитті
C Паразитті
DНасекомқоректі
E Жартылай паразитті
6.Терофиттерге жататын өсімдіктер деп
AТек тұқымы ғана қыстап шығатын
B Жандану бүршіктері өсімдік қалдықтарынан жасалған, төсеніш астында тыылған
C Жандану бүршіктері жердің үстінде орналасатын
D Жандану бүршіктері терең жер астында
E Жандану бүршіктері сұға тығылғын

1.Өсімдіктердің экологиялық топтарын атаңыз


2.Өсімдіктердің жарыққа байланысты экологиялық топтарын атаңыз
3.Өсімдіктердің тіршіілк формаларының жүйесін білесіз?
4.К.Раункиердің тіршілік формаларының 5 тобын атаңыз
5. Көпжылдық шөптердің негізгі тіршілік формаларына жататындар?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет