Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жапырақ. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кәдімгі жапырақ сабақтың бүйірлік өскіні болып табылады және сағақ пен жапырақ тақташасынан тұрады. Құрылымы үшін, радиальдық симметрия тән болатын, сабақ пен тамырдан айырмашылығы, жапырақ тақташасының құрылымында биллатеральдық, яғни екі жақтық симметрия байқалады. Жапырақта жоғарғы – ішперделік және төменгі - арқалық жақ (лат. dorsuv - арқа, venter – іш перде) болады.
Өзінің физиологиялық рөлі бойынша жапырақ - фотосинтез, газалмасу және транспирация органы. Жапырақ ұлпаларында органикалық емес заттардың (СО2 және Н2О) органикалыққа айналуы жүреді.
Көрсетілген қызметтерге байланысты, жапырақта мына ұлпалар болады: қоректік немесе ассимиляциялық, судың булануын және газалмасуды реттейтін, жамылғы; өткізуші ұлпалар - топырақтық ерітінділерді келтіру мен ассимиляция өнімдерінің ағып кетуін қамтамасыз етеді; жапыраққа беріктік беретін, механикалық ұлпалар. Осы төрт ұлпалардан басқа, жапырақта жасуша топтары немесе жеке жасушалар - идиобластар кездесуі мүмкін: склереидтер, сүтжолдары, қалдықтар, минералды тұздар және басқа да ерекше заттар жиналатын орындар. Жапырақтар экзогенді түрде (бетте), өсу нүктесіне жақын төмпешік түрінде пайда болады. Жапырақтарда типтік жағдайда төбелік өсу болмай, интеркалярлық меристемалар есебінен, негізінен өседі, бірақ шектеулі уақыттың ішінде
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Жапырақтың анатомиялық құрылысын құрайтын бөлімдер:
A Эпидерма, мезофилл, өткізгіш шоқ
B Бағаналы, борпылдақ, гиподерма
C Лептесік, түктер, будақ
D Склеренхима, эндодерма
Е Колленхима
2. Мезофилге тән:
A Жапырақтың өткізгіш жүйесі
B Жапырақтың жабындық ұлпасы
C Жапырақтың жүйкелері
D Лептесік жасушалары
E Жапырақтың негізгі хлорофилл түзгіш жасушалары
3.Төменгі формацияны құрайтын жапырақтар:
A Жетілмеген қабыршақ тәрізді
B Кәдімгі жасыл
C Гүл жапырағы және гүл жапырақшалары
D Тұқым жарнақтары
E Тікендер
4. Жапырақтың үстіңгі беті:
A Маргинальды
B Вентральды
C Латеральды
D Абаксиальды
E Адаксиальды
5. Өсімдіктің кең таралған жүйкелену тобы:
A Қауырсынды
B Доға тәрізді
C Торлы
D Параллельды
E Дихотомиялық
1.Жапырқтың адаксиалды және абаксиалды беттері деген не?
2.Жапырақтың анатомиялық құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
3.Жапыраққа анықтама беру атқаратын қызметтерін атаңыз?
4.Жапырақ сабағы қалай ұзарады?
5.Жапыраққа өткізгіш шоқтардың қайсысы тән?
№