Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары



бет13/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер (1)

Ақтамберді жырау шығармашылығы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Ақтамберді жырау толғауларындағы батырлық, жауынгерлік сарын
2.Жырау толғауларының әлеуметтік мәні, көркемдігі.
3.Өте жастай өлең шығаруы. Ерте есеюіне сол кездегі жаугершілік
заманның да әсері екеніне кеңірек тоқталу.
4.Ақтамберді елін, халықын жаудан қорғаушы, тарихи оқиғалардың бел
ортасында жүріп азаттықты, еркіндікті, халық үшін “күлдір-күлдір
кісінетіп, күреңді мінгені”, ерлікке, батырлыққа шақырған жауынгер
екендігіне ерекше назар аудару.
5.Ақтамберді толғауларының қайнар көзі-Шалкиіз, Доспанбет сияқты
өзінен бұрынғы аталар мұрасының заңды жалғасы, көне қазақ поэзиясы
екендігіне түсінік беру.
6.Ақтамбердінің бейіті Семей облысы, Абай ауданының Жүрек Жота
төбесінің басында екендігінен хабар беру.
Ақтамберді Сарыұлы – қазақ жырауы, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Ол 1675 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстанда Қаратау маңында туып, 1768 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрек жота елді мекенінде қайтыс болған. «Он жетіде аттанып, Қылыш ілдім білекке» дегеніне қарағанда атадан жалғыз туған Ақтамберді жастайынан өмірдің қиыншылықтарын көріп өскені, күреске ерте араласқан жауынгер екені көрінеді. ХVІІІ ғасырдағы қалмақ шапқыншылығын халқымен бірге басынан өткерген, қалмаққа қарсы шайқастардың барлығына қатысқан. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе Ақтамберді жырау (1675–1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды армандайды. Жоңғар қалмақтарына қарсы соғыстарда жырау найзасымен де, жырымен де ерекше көрінеді. Ақтамберді шығармашылығындағы ең басты тақырып – ерлік, батырлық болды.М.Мағауин: «Ақтамберді – ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген ерлердің бірі. Ол – атақты Қара Керей Қабанбаймен бірге Найманның рубасы көсемі, әскербасы батыры. Сонымен қатар, Ақтамберді жортуыл жыршысы, әулетті жырау да болған» деген мәлімет береді.
Ақтамберді жыраудың Қабанбайға үзеңгілес батыр, пікірлес жақын адам болғандығын Үмбетей жыраудың толғауынан да аңғаруға болады. «Ей, Ақтамберді, Қабанбай!» деп басталатын Үмбетей жыраудың арнау-толғауынан заманы бір, заңы бір, ортасы мен додасы бір жандардың арасындағы тартыс қылаң береді.
Ақтамберді жыраудың батыр тұлғасы кейінгі ақындар шығармашылығында да көрініс беретінін Х.Сүйіншалиев атап өтеді. «ХІХ ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. Ақын Ақтамбердінің қартая бастаған тұсын бейнелейді. Оны тәжірибелі қолбасы, қайтпас ер тұлғасында танытады» деп, бұдан өзге ақын шығармаларында кездесетінін, Ақтамберді шығармаларының жарияланымдарын санамалап өтеді.
Ақтамберді жырау өмірінің дерекнамасы жыраудың өз толғаулары деуге негіз бар. Жырау туралы ел аңыздары мен ауыз әдебиеті арқылы жеткен толғауларынан жыраудың арман-тілегін, күйініш-сүйінішін, мақсат-мүддесін тануға болады. Жырау шығармашылығын қарастырған ғалымдардың да көбірек сүйенгені жыраудың өз толғаулары екендігі аңғарылады.
Ақтамберді жыраудың Қабанбайға үзеңгілес батыр, пікірлес жақын адам болғандығын Үмбетей жыраудың толғауынан да аңғаруға болады. «Ей, Ақтамберді, Қабанбай!» деп басталатын Үмбетей жыраудың арнау-толғауынан заманы бір, заңы бір, ортасы мен додасы бір жандардың арасындағы тартыс қылаң береді.
Ақтамберді жыраудың батыр тұлғасы кейінгі ақындар шығармашылығында да көрініс беретінін Х.Сүйіншалиев атап өтеді. «ХІХ ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің «Ер Еспембет» дастанында жырлаған. Ақын Ақтамбердінің қартая бастаған тұсын бейнелейді. Оны тәжірибелі қолбасы, қайтпас ер тұлғасында танытады» деп, бұдан өзге ақын шығармаларында кездесетінін, Ақтамберді шығармаларының жарияланымдарын санамалап өтеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.

Тест:
1. Жылқы малының көшпенділер өмірінен алатын орны, маңызы жөнінде арнайы жырлаған жырауды көрсетіңіз


A) Қазтуған жырау
B) Доспамбет жырау
C) Жиембет жырау
D) Ақтамберді жырау
E) Марғасқа жырау
*****
2. Ақтамбердінің «Дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке» деген жыр жолдарындағы «сары су болды жүрекке» дегенді қалай түсінесіз?
A) ішіме түскен ескі дерт болды дегені
B) бойын қорқыныш билегенін айтқаны
C) қорлыққа бой алдырып, уайымға түскенін білдіргені
D) жүрегіне сары су ұялағанын айтқан
E) жаумен ұрыста ауруға ұшырағанын айтқаны
3. Сыртым - құрыш, жүзім - болат» деген жыр жолдарындағы Ақтамберді жырау қолданған көркемдік тәсілді табыңыз
A) синекдоха
B) эпитет
C) теңеу
D) метафора
E) метанимия
*****
4. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы қандай тақырыпта жырланған?
A) қонақжайлылық, меймандостық
B) ерлік, батырлық
C) әйел, жар мәселесі
D) жақсылық, жамандық
E) кедейлік, жоқшылық

5. Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын толғауы қандай тақырыпта жырланған?


A) қонақжайлылық, меймандостық
B) ерлік, батырлық
C) әйел, жар мәселесі
D) жақсылық, жамандық
E) кедейлік, жоқшылық

6. Ақтамберді поэзиясындағы жауынгерлік өршіл рух кейінгі ақындарда кімнің поэзиясында кездеседі


A) Абай
B) Махамбет
C) Дулат
D) Шортанбай
E) Абыл

7. Жағама қолдың тигенін


Жалғыздық сенен көремін
Жамаулы киім кигенім
Жарлылық сенен көремін -
деген үзіндінің авторы кім?
A) Асан қайғы
B) Шалкиіз жырау
C) Бұқар жырау
D) Үмбетей жырау
E) Ақтамберді жырау
*****
8. М.Әуезов «Әдебиет тарихы» атты еңбегінде қай жырауларға арнайы тоқталады?
A) Үмбетей мен Бұқар жырауға
B) Асан мен Бұқар жырауға
C) Шалкиіз бен Бұқар жырауға
D) Асан мен Шалкиіз жырауға
E) Ақтамберді мен Үмбетей жырауға
*****
9.
Асан қайғының «Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін.. әркімменен ұрыспа» дейтін сабырлылыққа үндейтін белгілі жырының идеясы ХУШ ғасырдың қай авторында көрініс тапты?
A) Көтеш
B) Ақтамберді
C) Бұқар
D) Тәтіқара
E) Үмбетей
*****
10. «Өкпеңнен қабынба, өтіңменен жарылма. Орыспенен соғысып… Жұртыңа жаулық сағынба» деп Абылайға тоқтамды сөз айтқан ХУШ ғасырдың абыз жырауы
A) Шал
B) Тәтіқара
C) Үмбетей
D) Бұқар
E) Ақтамберді
Сұрақтар:
1. Ақтамберді толғауларының қайнар көзі кімдер?
2. Ақтамбердінің зираты қайда?
3. Ақтамбердінің Қаракерей Қабанбайға қандай қатысы бар ?

  1. 4. Ақтамберді Сарыұлы жырау толғауларындағы ерліктің жырлануы.




12



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет