Дәріс тезистері ап та № Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі 1 Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. Орхон-Енисей ескерткіштері. Жоспары


Қарақан дәуіріндегі әдебиет. Махмуд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк» (Түрік сөздерінің жинағы)энциклопедиялық сөздік



бет4/17
Дата06.04.2023
өлшемі116,21 Kb.
#80063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер (1)

Қарақан дәуіріндегі әдебиет. Махмуд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрк» (Түрік сөздерінің жинағы)энциклопедиялық сөздік
Жоспары:

  1. Қарахан дәуіріндегі әдебиеттің дамуы.

  2. Махмуд Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы.

  3. «Диуани лұғат ат – түрк».

Махмуд Қашқари - /XIғасыр/ - ұлы философ, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым,саяхатшы.«Диуани лұғат ат-түрк» - түрікше-арабша түсіндірме сөздік. Қазіргі түркі тілді халықтардың бәріне ортақ мұра.
«Диуани лұғат ат-түрк» - тек сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихи мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері мол жинақ. «Диуани лұғат ат-түрк» көне түркі әдебиет ескерткіштерінің тілін үйренуге мол мүмкіндік бережді.
«Түркі сөздерінің жинағының»зерттелуі, тәржімалануы, басылымдары.«Сөздікті» зерттеуші түркі, Еурова, орыс ғалымдары: Ахмет Рифат, Басым Аталай, Броккельман, Т.А. Боровков, А.Н. Кононов, В.А.Гордлевский, т.б.
М.Қашқари «Сөздігінің» қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуі:Н.Т.Сауранбаев, С.А.Аманжолов, А.Н.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев, Ә. Құрышжанов, Қ.Бекетаев, Ә. Ибатов, т.б.«Диуани лұғат ат-түрк әдеби мәні. «Сөздікте» мысал ретінде келтірілген көркемсөз үлгілері: бәйіттер, ғазалдар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ғибрат сөздер, сажьдар /ақ өлең,/ насыр/проза/,т.б. жиі кездеседі. М.Қашқари «Сөздігіндегі» адамдардың қадым замандардағы тұрмыс-тіршілігін, Көк Тәңірісі мен Күнге табыну дәуірін бейнелейтін көркемсөз үлгілері де бар.

Тест:
1. Махмұт Қашқаридың еңбегі


А. «Диуани лұғат ат түрік»
В. «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»
С. «Диуани хикмет»
D. «Қайырымды қала тұрғындары»
Е. «Китаб ашшеьер»
2. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» еңбегі қай жылы жазылған
А. 1059
В. 1078
С. 1098
D. 1028
Е. 1074
3. «Диуани лұғат ат түрік» еңбегін неміс тіліне аударған ғалым
А. Броккельман
В. Абдулфотхат
С. Басым Аталай
D. Фриц Хаммел
Е. Решетов
4. Махмұт Қашқари сөздігін қазақ тіліне аударған ғалым
А. Н.А.Баскаков
В. А.Егеубай
С. Басым Аталай
D. Н.Келімбетов
Е. Л.Н.Гумилев
5. Қашқаридың «Диуани лұғат ат түрік» еңбегіндегі мына бір үзінді қай тарауға жатады:
Жарқырап жұлдыз туғанда
Ұйқыны серпіп қарадым:
Бөлейді құстар думанға
Тыныштық күйін даланың
А. Дидактикалық сарындағы өлеңдер
В. Жоқтау өлеңдер
С. Ерлікті мадақтау
D. Аңшылық жайында өлең жыр
Е. Табиғат туралы өлең жыр
6. М.Қашқардың «Сөздігіндегі» қай батырдың өліміне қатысты жоқтау айтылады
А. Күлтегін
В. Алып Ер Тоңға
С. Тоныкөк
D. Білге
Е. Елтеріс
7. «Түріктер көрікті,өңдері ұнамды, жүздері мейірімді , әдепті,үлкендерді құрметтей білетін кішіпейіл, уәделерінде берік тұратын мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар» деген үзінді қай шығармада кездеседі
А. «Диуани лұғат ат түрік»
В. «Құтты білік»
С. «Диуани Хикмет»
D. «Рабғузи қиссалары»
Е. «Жүсіп-Злиха»
8. «Түрік сөздерінің жинағы» еңбегінің авторы
А. Әл Фараби
В. Махмұт Қашқари
С. Сүлеймен Бақырғани
D. Ахмет Йассауи
Е. Сайф Сарай
9. Қазіргі тілімізде сақталған Махмұт Қашқари сөздігіндегі мақал-мәтелдер
А. Кішкентайында қиналса, үлкейгенде сүйсінер
В. Адам аласы ішінде,
Жылқы аласы сыртында
С. Атаның ұлы атасына тартып туар
D. Таздың келер жері-бөрікшінің дүкені
Е. Көкке түкірсе, жүзіне түсер.
10.«....Жігіттерді жинайық,
Жеміс теріп, сыйлайық
Той қызығын тыймайық
Аңға шығып, құс салып» жыр жолдары сөздіктің қай тарауына жатады .
А. Жоқтау өлеңдер
В. Ерлікті мадақтау
С. Табиғат туралы
D. Аңшылық жайында
Е. Дидактикалық сарындағы өлеңдер

Сұрақтар:



  1. Махмұт Қашқари « Диуани лұғат ат-түрік»- сөздігінің әдеби мәні.

  2. Махмұт Қашқари « Диуани лұғат ат-түрік»- сөздегі табиғат туралы өлең-жырлар.

  3. Махмұт Қашқари « Диуани лұғат ат-түрік»- сөздегі жоқтау өлеңдер

  4. Махмұт Қашқари , « Диуани лұғат ат-түрік»-сөздігіндегі қазіргі қолданыста жүрген мақал –мәтелдер.

  5. Махмұт Қашқари –тұңғыш түркі филологы.

Махмұт Қашқари , « Диуани лұғат ат-түрік»-энциклопедиялық сөздігіндегі көркем сөз үлгілері.

  1. Ахмед Иүгінекидің өмірі мен шығармашылығы.

  2. «Ақиқат сыйы» дастаныны.

  3. «Ақиқат сыйы» дастанының зерттелуі.

Ахмед Иүгінеки – XII ғасырда есімі бүкіл Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр болған атақты ақын. «Ақиқат сыйы» дастанын зерттеушілер, аударма жасаушылар: Рашид Арат, Е.Э. Бертельс, В.В.Радлов, С.Е.Малов, Қ.Махмұдов, Э.Нәжіп, Б.Сағындықов, Ә.Нұршайықов, т.б. Дастанның қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар Ә.Құрышжанов,Б.Сағындықов болды.«Ақиқат сыйы» - дидактикалық сарында жазылған шығарма.Дастан сюжетке құрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады , автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. «Ақиқат сыйы» - қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларын жыр еткен жинақ. «Ақиқат сыйы» оқу-білім, мінез-құлық, әдептілік, тілді тыйып ұстау, жомарттық, мейірімділік, ізгі қасиеттер туралы.«Ақиқат сыйы» дастанының негізгі тарауларының тақырыптық атаулары: «Бұл кітаптың жазылу себебі мен оның қажеттілігі», «Білімнің пайдасы мен надандық зияны туралы», «Тілді тию әдептілік пен тәртіптіліктің шарты екендігі туралы», «Жақсының игі қылығы мен дүниеқоңыздың жарамсыз қылығы туралы», т.б.«Ақиқат сыйы» дастанының көркемдік ерекшеліктері. Ақынның бір-біріне қайшы екі құбылысты қатар қойып, жұптап суреттеу әдісі. Дәлірек айтқанда , сөзді айшықтап қолданудың бір түрі параллелизм яки егіздеу әдісін шеберлікпен пайдаланады . Мәселен ,дастанда : білімді-надан,жомарт-сараң, тәкаппар-момын, адал-арам сияқты ұғымдарды бір-біріне қарсы қойып суреттеледі.Дастанның он бір буынды аруз жүйесімен жазылған. Ахмед Иүгінеки бүкіл әлемнің сырын ашатын кілт көкірек көзі ашық , оқыған,білімді адамдардың қолында деген түйін жасайды.

Тест:
1. Ахмет Йүгінекидің еңбегі


А. «Хибатул-хақайық»
В. «Диуани лұғат ат түрік»
С. «Құтты білік»
D. «Рабғузи қиссалары»
Е. «Диуани хикмет»
2. Ей, досым,жадуым кітап түркішелеп,
Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны,
Ғажайып таңсық сөзбен ерекше елеп» деген өлең жолдары қай шығармадан үзінді
А. «Ақиқат сыйы»
В. «Құтты білік»
С. «Диуани лұғат ат түрік»
D. «Рабғузи қиссалары»
Е. «Диуани хикмет»


1

6



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет