Тұрмыс-салт жырлары Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері.
Төрт түлік жырлары.
Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі, төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі. Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдеп-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы. Олардың салтқа тікелей және жанамалы түрде қатысты болуы. Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық және синкреттілік сипатының басымдығы. Фольклордың ең көне үлгілері екендігі.
Аңшылық жырлары. Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп пен бергі замандардағы қазақтың аңшылық, саятшылық дәстүрі. Осы процестердің поэзиядағы көрінісі. Маусымдық салт жырлары. Наурыз туралы өлеңдер. Ұлыс күні айтылатын тілектер. Егіншілік кәсіппен байланысты өлең-жырлардың ерекшеліктері. Тасаттық беріп, бұлт шақыру салты. Наным-сенімдерге /діни ұғымдар/ байланысты өлеңдер. Сөздің магиялық қасиеті туралы ұғым. Көп құдайға табыну және оларға қатысты салт-ырымдар. Бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Бәдік. Қазақ халқының алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары. Жарапазан. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Үйленуге байланысты салт жырларының қыз ұзату, келін түсіру, той өткізу ғұрпымен бірге орындалуы. Сыңсу, жұбату, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Орындаушылар мен айтылу мезгілі. Мазмұны мен құрылысы. Өлген кісіге байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысты.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Тест Шығыс елдерінің аңызынан алынған қазақ дастандары:
А) Едіге
В) Таһир-Зухра
С) Айман-Шолпан
D) Жүсіп-Зылиха
Е) Мұңлық-Зарлық
Қазақтың көшпелі тұрмыс-тіршілігінен туған лиро-эпостық жырлар:
А) Қыз Жібек
В) Бозжігіт
С) Жүсіп-Зылиха
D) Айман-Шолпан
Е)Мұңлық-Зарлық
”Қыз Жібек” жырында Төлегеннің мерт болуы:
А) Жол торыған қарақшылар Төлегенді қараңғыда айламен орға құлатады.
В) Бекежан Төлегенді ту сыртынан садақпен атып өлтіреді.
С) Бекежан Төлегенді ту сыртынан мылтықпен атып өлтіреді.
D) суға кетіп өледі.
Е) Қалмақтармен соғыста мерт болады.
“Қозы-Көрпеш Баян сұлу” жырында Қодарға кесілген жаза:
А) Қодарды ел қарғап елсізге қаңғыртып жібереді.
В) Дарға асылады.
С) Қодарды Баян жазалап өлтіреді.
D) Қозы садақпен атып өлтіреді.
Е) Суға кетеді.
“Қозы-Көрпеш Баян сұлу” жыры неше буынды өлең үлгісімен жырланған?
А) он бес буынды
В) он үш буынды
С) он бір буынды
D) тоғыз буынды
Е) жеті буынды
“Айман-Шолпан” жырын ең алғаш жазып алған кім?
А) Диваев Ә.
В) Потанин Г.
С) Уәлиханов Ш.
D) Шайхисламұлы Ж.
Е) Дулатов М.
Ұсынылған жырлардың қайсысы тарихи жырға жатады?
А) “Қобыланды батыр”
В) “Бекет батыр”
С) “Алпамыс батыр”
D) “Ер Тарғын”
Е) “Қамбар батыр”
Сұрақтар: Тұрмыс-салт жырларының жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.