Дәріс тезистері ап та


Халық прозасының жанрлық жіктелісі



бет12/18
Дата25.11.2022
өлшемі96,45 Kb.
#52553
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
лекция халық ауыз әдебиеті

Халық прозасының жанрлық жіктелісі
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Халық прозасы туралы түсінік.

  2. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі.

  3. Айырмашылығы мен ұқсастықтары.

  4. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері.

  5. Жиналуы мен зерттелуі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Хайуанаттар жайындағы ертегілердіңпайда болу жолдары. Ондағы миф пен тотемизмнің көрнісі. Астарлау/иносказание/ мен кейіптеудің/олицетворение/ атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық сипаттары. Сюжеті мен тақырыбына қарай хайуанаттар ертегілерін этиологиялық/“Үркер”, “Хайуандар жыл басына таласуы”, “Қоянның құйрығы неге қысқа, түлкінің құйрығы неге ұзын”, т.б./, классикалық/“Арыстан, қасқыр, түйе, түлкі”, “Арыстан мен түлкі”, “Батыл есек”, “Қотыр торғай”,- “Айлакер тышқан”, т.б./ және мысал ертегілеріне/“Бақа мен құмырсқа”, “Қарға мен лашын”, “Торғайдың өсиеті”, “Үш дос немесе аққу, шортан”, “Кім неден күшті”, т.б./ жіктелуі. Сатира мен юмор. Көркемдік ерекшеліктері, композициясы, сюжетінің тізбекті/кумулятивті/ құрылымы, диалог, қара сөздің өлеңмен алмасып келуі/“Бес ешкі”, “Айлакер түлкі”, “Бозінген”, “Бақа мен кірпі”, т.б./.
Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Ежелгі замандардағы түсініктердің, наным-сенімдердің көрінісі. Әлеуметтік процестердің бейнеленуі. Образдар жүйесі. Бас қаһарман және оның оқиғаларды топтастырудағы қызметі. Оқиғаның сапарнамалылығы/“Адам білмес тас”, “Сиқырлы құс”, “Күн астындағы күнекей қыз”/. Фантастикалық және мифтік кейіпкерлер. Тақырыптық құрамының алуан түрлі болуы. Әлеуметтік теңсіздікті, халықтың арман-тілегін/“Ұшқыш кілем”, “Ұр тоқпақ”, “Жеті өнерпаз”, “Жігіт пен өнерлі қыз”, т.б./ жауыздық пен қас күштерге қарсы күресті/“Жалмауыз кемпір”, “Алтын сақа”, “Жақсылық пен жамандық”, “Қорқау шал”/, тапқырлық/“Қаңбақ шал”, “Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек”, т.б./ бейнелеуі.
Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу мен классификациялау. Сюжеттердің көрсеткіштері/указатели/. Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының бірсызықты/однолинейность/ дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар.
Батырлық ертегі. Ол туралы В.М.Жирмунскийдің, М.О.Әуезовтің, Е.М.Мелетинскийдің, С.Ю.Неклюдовтың, С.Қасқабасовтың пікірлері. Тақырыбы ерлікпен үйлену және жауыз күштермен соғысу екендігі. Негізгі мотивтері кейіпкерлердің ғажайып тууы мен өсуі, таңдап ат мінуі, некелік сынақтардан өтуі, жаумен соғысуы, оны жеңуі. Қиял-ғажайып ертегілер мен көне эпосқа қатысы. “Ер төстік”, “Керқұла атты Кендебай” ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшелігі, сюжеті мен композициясы. Новеллалық ертегі. Жанрлық белгілері. Қиял-ғажайып ертегілермен байланысы. Шытырман оқиғалылығы және ондағы қиялдың/вымысел/ атқаратын қызметі. Тақырыбы отбасы, ерлі-зайыптылардың адалдығы/“Уәзірдің қызы”, “Үш өсиет”, “Әділ патша туралы ертегі”/, түрлі қиыншылықта жол табатын ақыл мен тапқырлықты/“Аяз би”, “Балтекей бидің соты”/ дәріптеу болып келетіндігі. Композициялық құрылымы, көп эпизодтты болуы, оқиғаларының өтетін жері, кейіпкерлері.Сатиралық ертегілердіңжанрлық сипаты. Қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастардың, таптық теңсіздіктің, тұрмыс-тіршіліктің бейнеленуі. Сатира мен юмор. Аңқаулық пен қулықтың көрінісі. Қожанасыр. Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері. Әділетсіздікті әшкерелеу: бай, молда, қарақшы образдары. Сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы, күлкілі жағдай, стильдік ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет