Дәріс тезистері ап та


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет13/18
Дата25.11.2022
өлшемі96,45 Kb.
#52553
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест
Қазақ аңыздарын тарихи аңыздар және мекендік (топонимикалық) аңыздар деп екіге бөліп зерттеген ғалым
А) Қоңыратбаев Ә
В) Кәкішев Т
С) Марғұлан Ә
D) Қасқабасов С.
Е) Жармұхамедұлы М.
Аңыздарды “қала аңыздары” және”дала аңыздары” деп қарастырған ғалым кім?
А) Бөкейханов Ә
В) Байтұрсынов А.
С) Қоңыратбаев Ә.
D) Дүйсенбаев Ы.
Е) Қирабаев С.
Көлтаусар,Таусоғар, Желаяқ қай ертегінің кейіпкерлері?
А) “Керқұла атты Кендебай”
В) “Аяз би”
С) “Күн астындағы Күнекей қыз”
D) “Ер Төстік”
Е) “Ұр Тоқпақ”
”Арыстан мен түлкі” ертегісі ертегінің қай жанрлық түріне жатады?
А) Батырлық ертегі
В) Хайуанаттар жайындағы ертегі
С) Сатиралық ертегі
D) Новеллалық ертегі
Е) Қиял-ғажайып ертегі
Қазақ ертегілерін жанрлық ерекшеліктеріне байланысты беске бөліп қарастырған кім?
А) Уәлиханов Ш.
В) Байтұрсынов А.
С) Марғұлан Ә.
D) Әуезов М.
Е) Қасқабасов С.


Сұрақтар:

  1. Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы.

  2. Ертегілердің классификациясы.

  3. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.

1

12

Қазақ эпосының тарихи негіздері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қазақ эпосының жанрлық құрамы.

  2. Классификациясы.

  3. Жанрлық-стадиялық белгілеріне қарай жеткізу.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
Көне эпос. Анықтамасы мен негізгі белгілері. Сюжеттік құрамы мен тақырыбы. Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп тірілу мотивтері. Миф, аңыз ертегілермен байланысы. Матриархат және патриархат дәуірлерінің көрінісі. Образдар жүйесі: бас қаһарман мен адамзатқа қас күштер /дию, пері, дәу, мыстан кемпір, т.б./. Әйелдер бейнесі. “Құламерген-Жоямерген”, “Дотан батыр” жырлары - көне эпостың үлгілері. “Алпамыс батыр” жырындағы архаикалық сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу.
Батырлар жыры. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлар дәуірлері мен жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Батырлыр жырының идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты. Историзм/тарихилық/ мәселесі. Батырлар жыры мен көне эпостың байланысы, бір-бірімен сабақтастығы. Батырлар жырындағы уақыт. Жырлаушы уақыты, сюжеттік уақыт. Эпикалық уақыт дәстүрі. Батырлар жырындағы эпикалық кеңістік. Эпостық кеңістік концепциясы. “Қобылынды батыр”, “Ер Көкше-Ер Қосай”, “Арқалық батыр” жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы жауларға қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі. Бас қаһармандар, эпикалық жаулар. Әйелдер образы. Тұлпар бейнесі. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау. Батырлар жырының циклизациялану/тұтастану/ жолдары: өмірбаяндық, генеологиялық, мекендік/эпикалық орталық/ және мезгілдік белгілеріне қарай тұтастануы. Жырау М.Сеңгірбековтің “Қырымның қырық батыры” жырының циклдену жолдары. Эпос шығарушы және таратушы жыршы, жыраулардың өнері. Батырлар жырының варианттары мен версиялары. Өзге халықтар фольклорымен байланысының болу себептері: генетикалық, қарым-қатынастық және жалпы типологиялық ұқсастықтар. Батырлар жырындағы халықтың саяси-әлеуметтік жағдайының, жер-су, елді мекен, табиғат тұрмыс-тіршілік, рухани тұрмысының сәулеленуі. Батырлар жырының поэтикасы. Тізбектеп жырлау. Негізгі мотивтер/ғажайып туу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жекке шығу, соғысу, түс көру, т.б./. Ұқсас жерлер/общие места/, қайталаудың түрлері, ауызша жырлау дәстүрі мен стильдің формулалығы. Әсірелеу мен теңеу. Өлең құрылысы. Аллитерация, ассонанс.
Лиро-эпос. Жанрлық сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы. Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастығы. Әлеуметтік қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау/индивидуализация/. Әлеуметтік-тұрмыстық/“Айман-Шолпан”/ және махаббат тақырыбы/”ҚозыКөрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жібек”/. Көшпелі тұрмыс-тіршіліктен туған жырлар мен шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары немесе романдық эпостары/“Бозжігіт”, Таһир-Зухра”, “Мұңлық-Зарлық”, “Жүсіп-Зылиха”, “Сейфүлмәлік”, “Иранғайып шаһ Ғаббас”, “Шәкір-Шәкірат”,т.б./. Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар. Көркемдік ерекшеліктері, стилі, поэтикалық, тілдік өрнегі. Халық кітаптары /народные книги/ туралы түсінік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет