Дәрістің қысқаша мазмұны: Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты, ырғақты қара сөз бен өлең формасының аралас келуі. Түсінік сөздердің атқаратын қызметі. Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздер мен аңыздардың тұтастығы. Халық қазынасына айналған шешендік сөздердің авторын анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар Тест ”Отыз омыртқа, қырық қабырға, ауыз омыртқа”.Келтірілген сөйлем ауыз әдебиеті жанрлық түрлерінің қайсысына жатады?
А) жаңылтпаш
В) мақал
С) жұмбақ
D) мәтел
Е) халық өлеңінің жолы
«... Адалдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап шалықпай жөніңе қайт...»-деген жыр жолдары қай айтыстан алынған?
А) Біржан мен Сара
В) Жамбыл мен Құлмамбет
С) Әсет пен Рысжан
D) Ұлбике мен Күдері
Е) Омарқұл мен Тәбия
Кісісі қайтыс болған шаңырақтың,әулеттің мүшелерін жұбату мақсатында айтылатын
арнау сөз:
А) қоштасу
В) зарлау
С) арбау
D) естірту
Е) көңіл айту
«Манас» - бір кезеңге және бір адамның – Манас батырдың төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының ... энциклопедиялық жинағы», - деген сөзді кім айтқан?
А) Потанин Г.
В) Радлов В.
С) Уәлиханов Ш.
D) Марғұлан Ә.
Е) Әуезов М.
«Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрі» еңбегін жазған ғалым:
А) Потанин Г.
В) Алтынсарин Ы.
С) Диваев Ә.
D) Дулатов М.
Е) Сейфуллин С.