Термиялық жолмен жұмсарту. Суды 100°С-тан жоғары температурада қайнатады, сол кезде гидрокарбонаттар ыдырап, су жұмсарады. Бу қазандарына жіберетін суды осы әдіспен өңдейді.
Ион алмастыру әдісі– иониттерге кальций мен магний иондарын сіңіру арқылы суды жұмсарту Ол үшін суды иониттер арқылы өткізеді. Иониттер деп суда ісініп, құрамындағы иондарды эквивалентті мөлшерде судағы иондарға алмастыра алатын заттарды айтады. Егер ионит катиондарды алмастырса катиониттер, ал аниондарды алмастырса аниониттер деп аталады.
Суды катионит арқылы өткізгенде төмендегі алмасу реакциясы жүреді:
2[Кат]Н+ Ca(HCO3)2↔[Кат]2Са+2Н2О+СО2 2[Кат]Н+Na2SO4↔2[Кат]Na+H2SO4 2[Кат]Н+MgCl2↔[Кат]2Mg+2HCl Суды ОН – анионитті фильтрлер арқылы өткізгенде түзілген қышқылдардың аниондары аниониттің ОН-ионымен алмасады. Суды анионит арқылы өткізгенде төмендегі реакция жүреді:
[Ан]ОН+ HCl↔[Ан]Cl+ Н2О 2[Ан]ОН+ H2SO4↔[Ан]2SO4+2Н2О
Иониттерді тұз қышқылы, натрий хлориді немесе күйдіргіш натр ерітінділері арқылы өткізіп регенерациялайды.
Судың кермектігі және оны жою Кальций мен магний қосылыстары жер қыртысында кеңінен тарағандықтан олар табиғи судың да құрамына кіреді. Судың құрамында кальций мен магний тұздары жоқ немесе өте аз болса ондай су жұмсақ деп аталады. Кермек су ұғымы судың жиынтық қасиетін көрсетеді. Кермектік карбонатты және карбонатты емес деп бөлінеді.
Карбонатты кермек суда кальций, магний және темір гидрокарбонаттары, сонымен қатар өте аз мөлшерде аз еритін кальций мен магнийдің карбонаттары бар кезде болады. Гидрокарбонаттары суды қыздырған кезде (70-800) ыдырайтындықтан:
карбонатты кермектікті кейде уақытша кермектік деп атайды. Судың құрамында сульфаттар хлоридтер, сонымен қатар нитраттар мен силикаттар, болса онда карбонатты емес кермектікті кейде қыздырғанда ыдырамайды. Сондықтан карбонатты емес кермектікті емес кермектіктің қосындысын жалпы кермектік дейді.
Судың кермектігі литрдегі миллимольмен (моль/л) өлшенеді. Кермектікті есептегенде
екенін ескеру керек. Тұздардың эквивалентінің мольдік массасын мына формуламен анықтайды.
Мысалы:
Жалпы карбонатты және карбонатты емес кермектікті сан анализі бойынша мына формулалармен есептейді.
Мұндағы, иондарының немесе судағы сәйкес тұздарының массалары (мг); иондары (немес сәйкес тұздарының) эквиваленттерінің мольдік массалары; V –судың көлемі, л.
Жалпы кермектікті трилонометриялық әдіспен, ал уақытша кермектікті суды HCl ерітіндісімен титрлеп табады.
Кермек су өндіріс процестері үшін көп зиян келтіреді. Оны қыздырған кезде бу қазандарында, құбырларда тығыз қақа пайда болады да соған орай қосымша жылу қажет етіледі. Кермек судан құбырдың бітелуі кейде жарылысқа соқтырады, өңделген қағаздың, фотоқағаздардың, кездемелердің сапасы төмендейді. Сондықтан судың кермектігін жлю үшін оны жұмсартады.