Дәріс тезистері №апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс №1 дәріс (дәріс тақырыбы) Кіріспе. Су. Судың химиялық, физикалық қасиеттері. Су молекуласы



бет3/13
Дата06.03.2023
өлшемі135,76 Kb.
#72122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дарис 6

К= [Са2+] /20,04+[Mg2+]/12,16 мг·экв/л
Мұндағы, (Са2+) және (Mg2+) – осы иондардың концентрацясы, мг/л.
Са2+ ионының 1 мг·экв массасы 12,16 мг.
Судың жалпы кермектігі карбонатты және карбонатты емес кермектіктің қосындысына тең:
Кж= Ккке
Судың кермектігінің сандық мөлшерін сипаттау үшін келесі кестені қолдануға болады:
Кесте 1- Судың кермектігін сандық мөлшері бойынша жіктеу

Су кермектілігі

Кермектігі, мг·экв

Өте жұмсақ

1,5-ке дейін

Жұмсақ

1,5-4

Орташа жұмсақтау

4-8

Кермек

8-12

Өте кермек

12-ден артық

Карбонатты кермектік (Кк) – жалпы кермектіктің бөлігі, ол суда гидрокарбонаттар, сонымен қатар өте аз мөлшерде аз еритін кальций мен магнийдің карбонаттары бар кезде болады. Құрамында Са(НСО3)2, Mg(НСО3)2, Fe(НСО3)2 бар суды қайнатқанда гидрокарбонаттар ыдырап, карбонат түрінде тұнбаға бөлініп, судың кермектігі жойылады. Сондықтан да карбонатты кермектікті кейде уақытша кермектік деп атайды.


Са(НСО3)2→СаСО3↓+Н2О+СО2
Mg(НСО3)2→ MgСО3↓+Н2О+СО2
Карбонатты емес кермектік (Кке) – тұрақты кермектік, ол суда сульфаттар, хлоридтер, сонымен қатар нитраттар мен силикаттар бар кезде болады. Мұндай судың кермектігі қайнатқанда жойылмайды. Сондықтан карбонатта емес кермекті кейде тұрақты кермектік деп атайды.
Суды жұмсарту дегеніміз-судың кермектілігін тудыратын тұздардан тазарту немесе олардың концентрациясын төмендету. Суды жұмсарту үшін: химиялық, термиялық және алмастыру (ионитті) әдістері қолданылады.
Химиялық жұмсарту суға Са2+ және Mg2+ иондарымен қосылып ерімейтін тұнба түзетін реагенттерді қосуға негізделген. Осындай реагенттер ретінде Са(ОН)2, Na2CO3, NaOH, Na3PO4, Ba(OH)2 қолданылады.
Суды сөндірілген ізбеспен өңдеу. Бұл әдіс карбонатты кермек суға қолданылады:
Са(НСО3)2+Са(ОН)2→ 2СаСО3↓+2Н2О
2Mg(НСО3)2+2Са(ОН)2→ 2Mg(ОН)2+2СаСО3↓+2Н2О
Ізбестеу кезінде рН-тың шамасы 9-10,5 аралығында болады.
Соданы қосу арқылы суды жұмсарту. Бұл әдісті тұрақты кермектікті жою үшін қолданады:
MgCl2+Са(ОН)2→ Mg(ОН)2↓+2СаCl2
CaCl2+Na2CO3→ СаСО3+2NaCl
Ca(HCO3)2+ Са(ОН)2→ 2СаСО3↓+2Н2О


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет