Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет28/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46
Топырағын, тасын да.
Сүйемін туған елімнің
Кәрісін де, жасын да (М. Мақатаев).
Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер (Мақалдар).
Құрамында антоним мәнді сөздері бар сықылды бұл сөйлемнің компоненттері ешқандай қайшылыққа құрылмаған, керісінше ассоциативтік синонимдік байланыс бар.
Компоненттер құрамындағы сөйлем мүшелерінің алмасып келуі – тілдегі бұрыннан бар құбылыс. Жуырда қазақ теледидарының біраз тілшілері сұқбат берді, олардың пікірлері сан алуан.

Жай сөйлемдегi бiр-бiрiмен құрмаластыруда септiгiн тигiзетiн құралдың бiр тобы – шылаулар. Жай сөйлемдердi салаластыруда жалғаулық шылаулар, сабақтастыра құрмаластыруда септеулiк шылаулар маңызды қызмет атқарады.


а) Бір кездегі лексикалық мағынасы бар (есімдіктер мен көмекші есімдер) сөздердің түбірге сіңісуі нәтижесінде пайда болған жалғаулықтар жай сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстырып тек дәнекерлiк қызмет атқарып қана қоймайды, сонымен бiрге құрмаласып тұрған жай сөйлемдердiң мағыналық қатынастарын айқындай түседi. Жалпы тіліміздегі жалғаулықтар өз iшiнде төмендегiдей мағыналық топтарға бөлiнедi:
а) себептiк қатынасты бiлдiретiн сондықтан, себебi, сол себептi, өйткенi, неге десең жалғаулықтары
ә) ыңғайластық қатынасты бiлдiретiн және, да, де, та, те, әрi
б) қарсылықты қатынасты бiлдiретiн – бiрақ, сонда да, сөйтсе де, алайда әйтсе де, ал, дегенмен
в) кезектестiк қатынасты бiлдiретiн – бiрде, бiресе, кейде
г) талғаулық, бiрдейлестiк қатынасты бiлдiретiн – не, немесе, болмаса, әлде, я, яки.
Салаласа құрмаласқан сөйлемдердiң көпшiлiгiнде жалғаулықтар сөйлемдi құрмаластырушы негiзгi тұлға болмайды, онсыз да бар байланысты күшейте түсетiн көмекшi тұлға боп саналады. Сондықтан жалғаулықты салаластарды жалғаулықсыз айтуға да болады. Мысалы: Теңiз тынышталды, бiрақ ешнәрсе көрiнбейдi. Малымыз жұтауы мүмкiн емес, себебi бұл жерде су да, шөп те көп өседi.
Десе де салаластар құрамындағы жалғаулықтардың барлығы әрдайым көмекші тұлға боп саналмайды. Кейбір құрмаластардың құрамынан жалғаулықтарды алып тастағанда, компоненттер арасындағы мағыналық қатынасқа нұсқан келетін жайттары да бар.
Жай сөйлемдi құрмаластыруда септеулiктердiң ролi күштi. Септеулiктер бағыныңқы компонет баяндаушы болып тұрған тиянақсыз етiстiкке көмекшi болып, оны басыңқы компонентпен құрмаластырады.
Кейiн, берi шылаулары өткен шақтық есiмшенiң шығыс жалғауын меңгерiп, бағыныңқы сөйлемнiң басыңқы сөйлемдегi ойға мезгiлдiк қатынасын бiлдiредi.
Сайын, соң шылаулары есiмше тұлғалы сөзге тiркесiп, бiрде себептiк, бiрде мезгiлдiк мәнде қолданылады.
Үшiн шылауы тұйық етiстiктен болған бағыныңқы сөйлемдi басыңқы сөйлеммен байланыстырып, басыңқы сөйлемдегi iс-әрекеттiң мақсатын бiлдiредi.
Септеулiк шылаулардың жай сөйлемдi құрмаластырудағы ролiнiң күштiлiгi сонша – оны құрмалас құрамынан алып тастауға болмайды. Өйткенi септеулiктер жай сөйлемдi байланыстыру, сол арқылы құрмалас сөйлем жасау қызметiн түгел өзiне алады. Бұл жалпы септеулiктердiң жалғаулықтарға қарағанда дәнекерлiк ролiнiң күштi екендiгiн көрсетедi.
Жай сөйлемдi құрмаластыруда интонацияның ролi
Бір кездері синтаксиске ғана телініп келген интонациялық құбылыстар соңғы жылдардағы зерттеулерде әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза сияқты просодикалық компоненттерден құралатын, мағына ажыратқыш бірліктері – интонемалары бар кешенді құбылыс ретінде қарастырылып жүр (Базарбаева, Фазылжанова). З. Базарбаева ұсынған интонацияны зерттеудің глобальдық әдісін қолдана отырып, зерттеу жүргізген А. Фазылжанова құрмалас сөйлемдегі интонация тиянақты, тиянақсыз, қыстырма сегмент – үш интонемма арқылы көрінетінін айтады. Құрмалас сөйлем компоненттері бүтіннің бір бөлшегі болғандықтан, алғашқы сыңары тиянақсыз интонемамен беріліп, соңғысымен салыстырғанда кең тоналды диапазонда айтылады.. Тиянақты интонация сөйлемнiң ең соңында болады да, ойдың аяқталғандығын бiлдiредi. Интонацияның бұл түрiнiң құрмаластағы қызметi сол - ол құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнiң басын бiрiктiрiп, оларды бiр бүтiн етiп отырады.
Интонациялық кідіріс сөйлемді мағыналық топтарға (бастауыш-баяндауыштық не тема-ремалық) бөліп тұрса, құрмалас сөйлемде ол предикативтік компоненттердің ара жігін ажыратып тұрады.
Тиянақсыз интонация - құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер арасында келедi де, әр құрмаластың қандай компонентке бөлiнетiнiн бiлдiредi. Интонацияның бұл түрi өзiнiң тиянақсыздығы арқылы сөйлемнiң әлi аяқталмағанын, ой жалғасы барлығын бiлдiредi, сол арқылы жай сөйлемдi бiр-бiрiмен құрмаластырады. Баяндауыш тұлғалары тиянақты тұлғада келетін салаластардың да, тиянақсыз тұлғадағы сабақтастардың да алғашқы компонентінің кең, соңғыларының тар диапазонмен берілуі - оның өзінен соңғы компонентке тәуелділігінің белгісі. Құрмалас сөйлем компоненттерi арасында болатын тиянақсыз интонацияның тиянақсыздық шамасы бiрдей болмайды. Оның әр түрлi болуы компонент баяндаушының формасына және оның шылау сөздерге тiркесу не тiркеспеуiне байланысты.
Құрмалас сөйлем компонеттерiнiң орналасу тәртiбi
Жай сөйлем құрамындағы сөйлем мүшелерiнiң орналасу тәртiбi болатыны сияқты, құрмалас сөйлем компонентiнiң орналасуында да белгiлi қалыптасқан тұрақты заңдылық болады. Егер бұл заңдылық бұзылса, жай сөйлемдердiң бiр-бiрiмен байланысы, сөйлемнiң құрмаластық қасиетi жойылуымен қатар, оның ұғымы ауырлап, сөйлемдiк қасиетi кемидi. Құрмалас сөйем компоненттерінің орын тәртібін өзгерту нәтижесінде олардың арасындағы мағыналық қатынастың бұзылып, құрмаластық сипаттан айырылатыны жөніндегі пікір бұрыннан қалыптасқан. Бұл пікірді салалас, сабақтас құрмаластар компоненттерінің орын тәртібі жөнінде саралай айтқан Б. Сағындықұлының тұжырымы нақтылай түседі: Салалас сөйлем түрлерінің жеке сыңарлары тиянақты тұлғада келіп, алдыңғысы соңғысына бағынушы сыңар ретінде телінсе, сабақтас сөйлемнің алдыңғы компоненті тиянақсыз тұлғада бағыныңқылық сипатты атқарады да, соңғы сыңары тиянақты тұлғада келіп, басыңқылық мәнге ие болады. Мұның өзі аталмыш сөйлем түрлеріндегі жай сөйлемдерді құрмаластырудың елеулі тәсілі болып саналады. Сыңарларының орын тәртібін ауыстыру жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысын жою ғана емес, кей кездерде мұндай сөйлем сөйлем болудан да айырылады [66, 68 б.]. Автордың осы еңбегінде айтқан «сыңарлардың орнын бұзбау» дегенді мағынаға нұсқан келтірмеу деп түсінген жөн деген пікірі де орынды. Олай болатын себебі құрмалас сөйлемдер деп аталатын күрделі бірліктің құрылымдық, мағыналық сипаты әр алуан. Оның бірінде компоненттердің орнын ауыстырғаннан байланыс мүлде жойылып кетсе, енді бірінде оған нұсқан келмейді.
Қазақ тiлiнiң синтаксистiк құрылымында құрмалас сөйлем компонеттiнiң орналасуы төмендегiдей заңдылықтарға негiзделедi:
а) тиянақсыз компонент бұрын, тиянақты компоненттерi кейiн айтылып, ойды тиянақтап, аяқтап тұрады.
ә) поэзиялық шығармаларда тиянақты, тиянақсыз компонеттердiң орын тәртiбi өзгерiп алмасып келуi де тiлiмiздегi қалыптасқан заңдылық болып табылады. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң тиянақсыз компонеттерi кейде тиянақты компонеттiң iшiнде келедi. Бiрақ бұл - тiлдегi сирек кездесетін құбылыс.
Қалаға ол, күн төбеге көтерiлген соң, жеттi. Мұндай құрылыста айтылудан сөйлемнiң тек интонациялық жағына аздап өзгерiс енгенмен, оның компонеттерінiң байланысына, мағынасына ешқандай өзгерiс енбейдi.
СБҚС бөліктерін байланыстырудың грамматикалық, синтетикалық тәсілі.
Баяндауыш формасы. Компоненттердің баяндауыш формасы арқылы байланысуы – құрмалас сөйлем жасаудағы ең өнімді тәсіл боп саналады, себебі көп жағдайда бағыну тек баяндауыш формасы арқылы жүзеге асады да, басқа тәсілдерді мүлдем қажет етпейді. Жай сөйлемдердiң бiр-бiрiмен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы - қазақ тiлiнде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнiмдi тәсiлi. Құрмаластың iшiнде сабақтас құрмаластар тек осы тәсiл арқылы жасалды деуге болады. Бағыныңқы компонент баяндауышы төмендегi формада тұрады:
а) көсемше
ә) есiмше
б) шартты рай және басқа етiстiк, есім формалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет