Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет26/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Жалпылама жақты сөйлемдер
Сөйлемнiң бас мүшесi қандай жақтық көрсеткiшпен берiлгенiне қарамастан, тыңдаушыны сөйлем мазмұнынан сол хабардағы iс-әрекет, қимыл-қозғалыстың өзiне де, сөйлеушiге де, бөгде жаққа да қатысы бар екенiн ұғынады. Сонда жалпылық – І, ІІ, ІІІ жақтардың бiрiнiң белгiлi бiр қимыл әрекетке қатысты бола алуын бiлдiру. Мысалы, Жер үстiнде адам баласы болудан артық не бар дейсiң?
Сөйтiп, бас мүшесi белгiлi бiр жақтық тұлғада тұрғанымен (көбiнесе 2 - жақ, iшiнара 1-3 жақ) сөйлем семантикасы жалпыланған жақтық мәндi бiлдiретiн, соған сай iс-әрекет үш жаққа тән болып келетiн бiр негiздi сөйлем түрiн жалпылама жақты сөйлем деймiз.
Белгiсiз жақты сөйлем. Бас мүшесi ІІІ - жақтық тұлғада келiп, iс-әрекет иесi белгiсiз жақ болатын, тек iс- әрекеттiң орындалуы жайында хабар бiлдiру мақсатын көздейтiн бiр құрамды сөйлем түрiн белгiсiз жақты сөйлем деймiз.Мұнда iс әрекеттiң иесi болатын жақ тек логикалық ыңғайда ғана бөгде бiр белгiсiз жақ болып түсiнiледi. Мысалы, Жиылыста Омбы мен Қызылжарды большевик билеп алғанын хабарлады.
Жанама жақты (жақсыз) сөйлемдер. Бiр негiздi сөйлемдердiң басқа түрлерiне қарағанда жанама жақты яғни жақсыз сөйлемдердiң мынандай ерекшелiгi бар. 1. Тек бiр ғана бас мүшесi баяндауыш болады. 2. Баяндауыштың арнаулы тұлғадағы өзгеше құрылымы грамматикалық бастауыштың болуына мүмкiндiк бермейдi. 3. Субьектi жақтық мән арнаулы септiк жалғаулы сөздерден, баяндауыш құрамындағы тәуелдiк жалғаулы сөздерден немесе контекстен логикалық ыңғайда аңғарылып тұрады.Кейде баяндауыштағы ырықсыз етiс тұлғасы арқылы iс- әрекет ешбiр субектiге қатыссыз модальдық мағынада берiледi. Мысалы, Маған үйге соға кету керек.
Сонымен, грамматикалық бастауышы жоқ, субект мәнi арнаулы септiк не тәуелдiк жалғаулы сөздер арқылы логикалық ыңғайда байқалатын немесе мүлдем көрiнбейтiн бiр негiздi сөйлем түрiн жанама жақты сөйлем деймiз.
Күрделенген сөйлемдер.
Қазақ тiлiнде күрделенген сөйлемдер коммуникативтi қызметi мен құрылысы жағынан бiркелкi болып келе бермейдi. Бiреулерi iшiнара сөйлем мүшелерi жағынан бiркелкi болып қайталанса, ендi бiреулерiнде баяндалған оқиғаға байланысты айтушы адамның түрлiше көзқарастары бiлiнедi.Ендi бiрде сөйлемнiң негiзгi желiсi түрлi жақтардан сипатталып, қосымша мәндермен үстемеленiп отырады.Қайсысында болса да сөйлем құрылымы күрделенiп, мазмұны жағынан да күрделi ой туғызады. Бұлар бiр- бiрiнен синтаксистiк тәсiлдерi, iштей құрылыстары жағынан ажыратылады. Күрделенген сөйлемдердiң құрылысында әрi қыстырма, әрi қыстырынды сөйлемдер қатыстырылады. Сондай-ақ, көсемше, есiмше оралымды, айқындауышты, қаратпалы сөйлемдер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет