Бастауыштың жасалуы. Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – атау септiгi. Яғни сөйлем iшiнде атау тұлғасында тұрған сөз не сөз тiркесi грамматикалық бастауыш болады. Бастауышқа койылатын негiзгi сұрақтар кiм?не? Бастауыш қызметiнде жұмсалатын сөздердiң көптiк, тәуелдiк жалғауларды жұмсалуына қарай кiм/не/ сұрақтары да сол жалғауларда айтыла бередi. Негiзiнен бастауыш қызметiн атқаратын сөздер – зат есiмдер мен олардың орнына жүретiн есiмдiктер. Сондай-ақ сын есiм, сан есiм, есiмшелер де бастауыш болады. Бастауыштар жеке сөзден болса жалаң, көп сөзден құралып күрделi не үйiрлi болуы мүмкiн.
Атау септiгiндлегi зат есiмдер жекеше, көпше, тәуелдi тұлғада келiп бастауыш болады;
Есiмдiктердiң iшiнде жiктеу, сiлтеу және кiм? Не? Деген сұрау есiмдiктерi оның iшiнде, әсiресе, жiктеу есiмдiктерiн бастауыш ретiнде жиi кездестiремiз.
Заттың сындық, сандық, қимылдық сапасын бiлдiретiн сөздер де субстантивтенiп бастауыштық қызметте жұмсалады.
Күрделi және үйiрлi бастауыштар Матаса байланысқан сөз тiркестерiндегi iлiк септiгi түсiрiлiп айтылған сөздерде меншiктiлiк мағына көмескiленiп тiркес күрделi атау мағынасын бiлдiруге бейiмделедi.Олар сөйлемде күрделi бастауыш болады. Көмекшi есiмдер тәуелдену арқылы iлiк септiктi сөздермен бiрiгiп күрделi бастауыш болады. Күрделi бастауыштың жасалуы тек бiр сөз табынан ғана емес, әр түрлi сөз таптарынан бола бередi
Өздiк есiмiгi тәуелденiп келедi де жiктеу есiмдiктерiмен бiртұтастанып кетедi. Кейде iлiк септiгi түсiрiлiп те қолданылады.Бастауыштар күрделi етiстiктен де жасалады.Мысалы, Менiң шығыптүсуiм қиын болды Заттанған күрделi сын есiм мен сан есiмнен де жасалады.
Күрделi жалқы есiмдер сөйлемде күрделi бастауыш болады. Қосалқы айқындауыштарымен тiркескен кiсi аты, тегi күрделi бастауыш болады.
Үйiрлi бастауыштар да көп сөзден құралады. Олардың күрделiден айырмашылығы мынау: күрделi бастауыштың құрамы түйдектi тiркестi болса, үйiрлi бастауыштың құрамында бастауыш-баяндауыш ыңғайындағы сөздер тобы болады.Мысалы, Бiлегi жуанбiрдi жығады, бiлiмi толық мыңды жығады.(мақал)