Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Көпкомпонентті салалас құрмалас сөйлемнің құрамы



бет32/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Көпкомпонентті салалас құрмалас сөйлемнің құрамы
Мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарына арналған оұу құралдарына КСҚС-нiң (көп компоненттi салалас құрмалас сөйлемнiң) жай сөйлемдерден құралатындығы, бiрақ КСҚС құрамындағы жай сөйлемдердiң әдеттегi жай сөйлемдермен бiртектес еместiгi ескерiледi. Көпшiлiк әдейбеттерде жай сөйлемдер құрмалас сөйлемдердiң негiзгi болатындығы жалпы айтылса, Х.Арғынов “Қазақ тiлiн оқыту методикасы” атты еңбегiнде жай сөйлемдердiң iшiнде атаулы сөйлемнiң құрмалас сөйлем құрамына ене алатындағы туралы екi жерде көрсетiлiп кетедi. Ал академиялық “Қазақ тiлiнiң граматикасында” оның құрмалас сөйлем компоненттерiнде келетiндiгi де сөз болады.
Негiзгi мәселеге кiрiспес бұрын мына жайытты ескергендi жөн деп бiлемiз; КСҚС-нiң негiзгi компоненттерi ғылыми әдебиеттерде жай және күрделi болатыны көрсетiлiп тұр. Бiз бұл жерде компонент деген атауды жеке-жеке жай сөйлемдер ұғымына алып отырмыз. Құрмалас сөйлемнiң құрамдылығы жеке жай сөйлемдер синтаксистiк компонент деп аталады. (проф.Н.Сауранбаев).
Компоненттердiң өзi предикативтiк бiрлiктерден құралады. Предекативтiк бiрлiк дегенiмiз- сыртқы құрлысы жағынан жай және құрмалас сөйлемдермен бiртектес, бiрақ сөйлем категориясына тән мағыналық және интонациялық дербестiгi болмайтын бөлшектер, осындай сипаттағы құрмалас сөйлемнiң құрамдас бөлiгi.
Тiл фактiлерiне сүйене отырып, КСҚС компоненттерiнiң Құрамына енетiн предикативтiк бiрлiктердi (ПБ) былайша топтауға болады: 1. Жай құрылымды ПБ-тер.
2. Күрделi құрылымды ПБ-тер.
Жай құрылымды ПБ-ке жай сөйлем үлгiсiндегi құрылған ПБ-тер жатады. Күрделi құрылымды ПБ-тердi былайша жiктеп көрсетуге болады:
А) Күрделенген сөйлем ПБ.
Ә) Құрмалас сөйлем үлгiсiндегi ПБ.
Мұның өзiн екi бөлiп қараймыз:

  1. Сабақтас құрмалас сөйлем үлгiсiндегi ПБ.

  2. Салалас құрмалас сөйлем үлгiсiндегi ПБ.

Құрмалас сөйлем үлгiсiндегi ПБ-терде iшкi мағыналық тартылыс күштi. Iшкi мағыналық тартылыс деп отырғанымыз- өзiнiң құрамындағы жай сөйлем үлгiсiндегi бiрлiктер мағыналарының тығыз келуi.
Мысалы: Баланың жақсысы-қызық(1),жаманы-күйiк(2), не түрлi болатынын бiлiп сұрадың(3) (Абай.А,1993,26-бет)
Сөйлем екi компоненттен тұрады; бiрiншi компонент-күрделi(құрмалас сөйлем ПБ-тен тұрады), екiншi компонент- жай сөйлем үлгiсiндегi ПБ-тiң бүтiндiгiн тудырып тұрған құрамындағы жай ПБ-тердiң мағыналық қатынасы және құрылымдық байлнысуы. Бұл байланыс екi ПБ құрамында да “баланың” сөзiнiң болуымен жүзеге асады, мұны ПБ құрамындағы сөздердiң қарама қарсы мәнде келуi де бекiте түседi. Үшiншi ПБ мағынасы осы екi (1,2) ПБ мағынасына сүйене отырып нақты түсiндiрiледi.
Қорыта келгенде, КСҚС компонентiнiң құрлыс материалы болып табылатын предикативтiк бiрлiктердiң арасындағы байланыстың үш түрiн көруге долады;

  1. Мағыналық байланыс (жай ПБ пен жай ПБ арасында болатын не жай ПБ пен күрделi ПБ арасындағы, болмаса күрделi ПБ пен күрделi ПБ арасындағы iшкi мағыналық байланыс).

  2. ПБ-тер компонент құрамына ену үшiн құрылымдық байланысқа түседi. Ол байланыстардың мынадай жолдары бар;

А) сөздердiң қайталануы; сөздердiң әр ПБ-те жай қайталануы, тiзбектi қайталануы.
ә) ПБ баяндауыштарының тұлғалас келуi.
Б) алдыңғы ПБ мағынасына сүйену нәтижесiнде кейiнгi ПБ-тегi қайталанатын сөздiң ықшамдалуы.
В) ПЬ-тың лексикалық қөұрамы (ПБ-тердiң құрамында антоним сөздердiң келуi. …).
3. Құрамық байланыс грамматикалық байланыссыз құрмалас сөйлем құрай алады. КСҚС компоненттерiнiң ПБ-терi өзара салаласа байланысады, олар жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да, жалғаулықпен әрi жалғаулықсыз да келе бередi.
Бұл байланыстар КСҚС-нiң компоненттерiнiң арасындағы қатынасқа, байланысқа дейiнгi алғашқы сатысында жүзеге асады. Компоненттер арасындағы қатынастар жүйесi ПБ-тер сапасынан туындайды, жай және күрделi құрлымдағы ПБ-тер сипаты КСҚС қасиетiн түсiнуге жағдай жасайды. КСҚС табиғатын тұтас ұғу үшiн ПБ-тер жүйесi мен компоненттер жүйесiнiң арасындағы қатынастарды, ондағы комплексты байланысты бiрлiкте қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет