ККСҚС-НIҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ ККСҚС-нiң синтаксистiк құрамы оның бойында тұратын оған өмiр сүруге мүмкiндiк беретiн ПЬ-тер мен компоненттердiң сипатымен анықталады.
Тiл фактiлерiне сүйене отырып, ККСҚС компоненттерiнiң құрамына енетiн предикатиытiк бiрлiктердi былайша топтауға болады:
ПБ
Жай құрылымды ПБ Күрделi құрылымды ПБ
Жай сөйлемнiң барлық ККСҚС үлгi- ҚСҚС үлгi-
түрлерi үлгiсiнде келетiн сiндегi ПБ сiндегi ПБ
ПБ
Төл сөздi конструк-
Күрделенген сөйлем циялы ПБ
үлгiсiндегi ПБ
Осыған сәйкес компоненттерiнiң құрамындағы ПБ-тердiң түрлерiне қатысты ККСҚС-дi екiге жiктеуге болады; 1.компоненттерi бiрыңғай үлгiдегi ПБ-пен келген ККСҚС;
2.компоненттердi әрыңғай үлгiдегi ПБ-пен келген ККСҚС.
ККСҚС компонентi құрамында келетiн ПБ-тiң бiр-бiрiне қажеттiлiгi мен тұтас сөйлемде болу мiндеттiлiгi бiрдей бола бермейдi.
Әр ыңғай компоненттi салалас ҚС-нiң синтаксистiк құрамын былайша топтаймыз; екi құрамды. Бұл кезде компоненттiң бiреуiнiң күрделi болып келуi мiндеттi. Үшiншi құрамды. Мұның өзiн компоненттерiнiң орналасуына қарай үшке жiктеймiз; төрт не оданда көп құрамды, мұнда компоненттер түзетiн ПБ-тер саны кем дегенде бесеу болады.
ККСҚС құрамында компоненттердiң арасындағы байланыстар сөйлемнiң негiзгi байланысу сипатын көрсетедi. Оның үш түрi бар:
жалғаулықсыз
жалғаулықты
жалғаулықты-жалғаулықсыз.
Күрделi компонент құрамында келетiн жалғаулықтар сөйлемнiң негiзгi сипатын анықтауда ескерiлмейдi, компоненттердi құрмаластыратын жалғаулықтар басшылыққа алынады.
ККСҚС-нiң құрамында кем дегенде салаласа байланысқан үш ПБ-тiң мағыналық, тұлғалық, интонациялық тұтастығын сыйдыратын, көп өлшемдi құрылымы мен көп қабатты мағынасы болатын синтаксистiк бiрлiк.
Тұсіндірмелі қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлері Тiл бiлiмiнде жалпы құрмалас сөйлемнiң құрылымын анықтайтын бiр бөлiгi-оның құрлымының ашық не тұйық болып келетiндiгi. Құрмалас сөйлем құрылымының ашық не тұйық деп анықталуының негiзгi принциптерiнiң бiрi-олардың құрамындағы компоненттерiнiң саны. Зерттеушiлердiң көпшiлiгi (осы мәселенi сөз еткен) ТҚ (тұйық құрылымды) сөйлемде компонент саны екеуден аспайтындығы айтады. Кей зерттеушiлер құрмалас сөйлем құрылымын жiктеуде компонинттер санына қоса, басты деп компоненттер арасындағы қатынас сипатын анықтайды. Мысалы: В.А.Белошпаков ТҚ-ды сөйлемде компонинттер саны көбейе алмайды, екеуден аспайды десе (1.62), Н.Оралова ТҚ деп тану үшiн компонинттер арасындағы әр түрлi логика-синтаксистiк қатынасты нысанға алуды жөн деп есептейдi. Бұл автордың АҚ (ашық құрылымды) және ТҚ сөйлемдерге берген анықтамасынан сөйлем құрлымын жiктеуде екi нәрсенi басшылыққа алғанын көремiз.
1. Компонинттер арасындағы лагика-синтаксистiк қатынастардың бiрыңғай (АҚ-ды сөйлемде) және бiрыңғай (ТҚ сөйлемде) болып келуi.
2. Компонинттерiнiң арасындағы формалдық айырмашылықтың болуы (ТҚ сөйлемде) және болмауы (АҚ сөйлемде).
Л.Н.Луганская ТҚ тiл ғылымынде екi түрлi ұғыну бар екендiгiн айтадың; 1)Құрлымының екiге мүшеленуi; 2)Синтаксистiк конструкцияның бiрқалыпты ұстауы (сақтауы) немесе өзгеруi.ТҚ-дылықтың бұл екi түрi де бiр құрмалас сөйлем құрылымын сипаттайды.
Аталған көз қарастар қалыпты құрмалас сөйлем құрылымына қатысты айтылғанмен, бұл сипат ҚҚС (көп компоненттi құрмалас сөйлем)құрылымына да тән, бiрақ өзiндiк ерекшелiгi бар. Қ.Қ.С. құрылымын ашық және тұйық деп бөлу Г.П.Уханов еңбегiнен көрiнiс тапқан. Ол ҚҚС-ң АҚ-дысының күрделенуi ондағы компонент орындарының сандық көбеюiне байланыстылығын айта отырып,мұндай схема жалғаулықты не жалғаулықсыз байланысатындығын немесе жалғаулықты мен жалғаулықсыз байланыстың тiркесiмен келетiндiгiн айтады.Бұл мәселе түркi тiл бiлiмiнде де сөз болып жүр. М.М.Дәулетов қарақалпақ тiлiндегi салалас құрмалас сөйлемдердiң екi компоненттi және көп компоненттi болып келуi олардың құрылымдық өзгешелiгiн белгiлейдi дей отырып, ашық құрылымды сөйлемнiң қатарын жаңа сөйлемдер қосып кеңейтуге болатындығын айтады. Автор АҚ-ды салалас құрмаластарды төртке жiктеп көрсетедi: 1)Ақ мезгiлдес 2)Ақ түсiндiрмелi 3)Ақ ауыспалы 4)Ақ кезектес. Жабық структуралы салалас құрмалас деп құрамын жаңа сөйлемдер қосуға болмайтын түрiн айтады да, жабық структуралы түрiн жалғаулықты және жалғаулықсыз деп бөледi. Автор ККСҚ (көп компоненттi салалас құрмаластың) предикативтiк конструкциялары интонация және дәнекерлер арқылы байланысатынын айтып, мұны аралас салалас құрмалас деп атайды.
З.Х.Тоги-Заде сөйлем компоненттерiнiң шексiз болуы мүмкiн еместiгiн есепке ала отырып, күрделенген құрмалас сөйлемдер тұйық қатар түзейдi дейдi де, өзiнiң талдауына ұшыраған мысалдар негiзiнде ТҚ-дының құрылу жолдарын көрсетедi; барлық компоненттерге ортақ аффикстiң тек соңғы компонентте сақталып, алдыңғыларында қисқаруы арқылы, нормативтi құрмалас сөйлемнiң екiншi компанентте байланыстырушы элемент арқылы келуi, соңғы компоненттiң алдында (және) жалғаулығының келуi т.б.
Қ.Мамытбеков диссертациялық жұмысында көп құрамды салаластарды компоненттерiнiң арасындағы семантикалық қатынастарына орай бiрыңғай қатынасты және әрыңғай қатынасты салалас құрмаластар деп бөле отырып, бiрыңғай қатынасты салаластар ашық құрылымда келедi деген қорытынды жасайды. Автордың көрсетуiнше, АҚ салаластар тек мезгiлдестiк қатынаста келедi және компонинттер санына қарамастан, олардың арасындағы синтаксистiк қатынастар бiркелкi болады.
Әрыңғай қатынастағы көп құрамды салалас құрмалас тұйық құрылымды келедi.
Жалпы алғанда, зерттеулерде ашық және тұйық құрылымды сөйлемнiң структуралық сипатын беруде басшылыққа алынған принциптер, компоненттер санынан басқа, мыналар: компоненттер баяндауыштарының шақтық, жақтық қатысы, компоненттердiң модальдық қатынастары, кей еңбектерде айтылатындай, интонациялық сипаты.
Сөйлем құрылымын жiктеуде басшылыққа алынған принциптер негiзiнде төмендегiдей шарттарды жинақтап көрсетуге болады. ТҚ-ды сөйлем үшiн; 1.Сөйлемде санамалау белгiсiнiң бар болуы сөйлем құрлымын тұйықтайды. 2. ТҚ-ды сөйлемнiң мағыналық қатынастары, түсiндiрмелi, себеп-салдар, арсылық, салыстыру, шарт болып келедi. 3. Жалғаулықтардың КСҚС-нiң ең соңғы компонентiнiң алдынан ғана келiп, сөйлемдi тұйықтап тұруы. 4. ТҚ-ды сөйлем компоненттерi уақыт жағынан әр типтi болады.5. Құрылымның екi бөлiгi де бiрдей лексикалық құрамда келедi. 6. Уақиғаның, жай-күйдiң ретiн бiлдiрiп тқратын бiр, екi т.б. сөздердiң әр компонентте келуi. 7. Орын тәртiбiнiң тұрақты болуы.
А.Қ. сөйлем белгiлерi; 1.Компоненттерiнiң бiртектес, бiрыңғай келуi. 2. АҚ сөйлем компоненттерiнiң уақыт жағынан бiртектi болуы. 3. АҚ сөйлем компоненттерiнiң модальдық жағынан бiрыңғай келуi. 4. АҚ сөйлем компоненттерiнiң орын тәртiбi әр түрлi, бiрде ол еркiн, бiрде тұрақты.
Жоғарыда аталған сипаттар, белгiлер КСҚС құрылымына де жат емес. Дегенмен, сөйлемнiң бұл типiнiң өзiндiк ерекшелiгiнен тұындайтын бiрсыпыра мәселелер бар. Бiз сөз еткелi отырған түсiндiрмелi қатынастағы КСҚС екi түрлi сипаттағы бөлiктен, компоненттен тұрады:түсiндiрiлетiн компонент және түсiндiретiн компонент. Тiл фактiлерiн талдау жасау барысында КСҚС-ның осы түрiнiң құрылымы екi түрлi келетiндiгiне көзiмiз жеткендей, ашық және тұйық.
Қалыпты құрмалас сөйлем екi компоненттен тұрса ТҚ болып саналатындығы белгiлi. 5. Ал КСҚС-де бұл шарт орындалмайды. Оның себебi: қалыпты құрмаластар жай компоненттермен келсе КСҚС-дер жай және күрделi компоненттен тұрады. Түсiндiрмелi КСҚС компоненттерiнiң әрқайсысы жай да, күрделi де келе алады. Бiрде түсiндiрiлетiн компонент күрделi болса, кейде керiсiнше келедi. М: Қазақстанның тұңғыш совет жазушылары бұл жұмысты әрқайсысы өзiнше атқарады.
(1) Әрқайсысы революциядан дабылшысының биiк тұғырына әр түрлi жолмен келедi. (2) Сәкен Сейфуллин бұл болшивиктiк астыртын жұмыстан, революциялық шайқастардан, атаман Аненковтың ажал вагонынан, советтiк басшы қайраткер жолынан өтiп барып көтерiледi. (3) (Би аға ). Келтiрiлген сөйлем ТҚ КСҚС. Түсiндiрiлетiн компонентi күрделi.
КСҚС құрылымының түрiн анықтағанда, бiз КСҚС-ның компоненттерiнiң сипатын басшылыққа аламыз. Компоненттер өз құрамына жаңа ПБ-тер (предикативтi бiрлiктер) қабылдай алса, ол ашық құрылымды да, жаңа ПБ-тер қабылдауға көнбейтiн болса, тұйық құрылымды болғаны. Негiзiнен басшылыққа алынатын компонент. Талдау барысында тағы бiр байқағанымыз-КСҚС. Компоненттерiнiң құрамындағы ПБ-тердiң қозғалу дәрежесiнiң, яғни орын тәртiбiн ауыстыру мүмкiндiгiнiң әр түрлiлiгi. Бұл мүмкiндiк сөйлем құрылымына әсер етедi. Түсiндiрмелi қатынастағы КСҚС-нiң ашық және тұйық құрылымды түрлерiнiң белгiлерiн айырып көрсетуге болады.
Түсiндiрмелi КСҚС құрылымына тұйықтық сипат беретiн мынандай белгiлердi айтуға болады. 1. КСҚС компонентiнiң түсiндiрiлетiн бөлiгiнде сан есiмдердiң келуi және түсiндiретiн компонентте айтылатын ойдың санамалап берiлуi. Түсiндiрiлетiн компонентте сан есiмдер әртүрлi; есептеу, жинақтау, реттiк сан есiмдер атау тұлғада да, не болмаса қосымшалармен келiп те тұрады. Бұлармен қоса түсiндiретiн компонентте ойды ажыратып беруде есiмдiктер не зат есiмдер келедi.
Таза сан есiмдермен келген ТҚ КСҚС-дердiң орын тәртiбi тұрақты; Олардың компоненттерiнiң де, ПБ-терiнiң де орнын өзгертуге болмайды. Зат есiм, есiмдiк, сан есiмдер араласып келiп сөйлем құрылымына тұйықтық сипат бергенде, компоненттердiң орын тәртiбi; тұрақты, бiрақ 2 компоненттегi ПБ-тердiң орын тәртiбi; еркiн болады. М: Көп ұзамай екi iрi шығарманың айналасында тартыс басталды. (1); бiреуi-Сәкеннiң “Көкшетау” поэмасы (2); екiншiсi-Мұхтардың бiр романы. (3) Отыз үшiншi шылдың аяғында Бейiмбет екеумiз Казиздаттан бiрге босадық. (1) Ол таза жазу жағынан босанды да (2), мен әуелi Оқу Комиссариатының көркем өнер секротарына, кейiнiрек “Еңбекшi қазақ” газетiне ауыстым (3) (Би аға).
2. Компонент құрамындағы ПБ-тер құрылымы бiрдей формада келсе, олар да еркiн орын алады. Бiрақ тұтас сөйлем компоненттерiнiң орны тұрақты. М: Шындық бiреу (1): “Құдай бiр” (2), Құран-шын (3), пайғамбар-хақ (4). (“Денсаулық”журналынан).
3. ТҚ-ды тұғызатын компонентте және, бiрақ, өйткенi жалғаулықтары мен компонент соңында тағы тағы басқалары тiркесiнiң келуi. Кей жағдайда аталған жалғаулықтар түсiрiлiп те айтылады, бiрақ олардың орны бiлiнiп тұрады.
Мұндай ТҚ КСҚС құрамына енiп тұрған ПБ-тердiң өзара қатысына қарасақ, алдыңғы ПБ-тер өз бойларында АҚ сипатты сақтаған тәрiздi. Егер бұл ПБ-тердi КСҚС құрылымынан тыс елестетсек, ашық құрылымды сипатымен анықталған болар едi. Олар күрделi конструкцияға ене отырып, өздерiнiң жеке тұрғандағы сипатын өзгериедi. Бұл өзгерiстi атанған жалғаулықтар арқылы тiркескен ПБ-тер тұғызады. ТҚ КСҚС-де әруақытта да компоненттер орны және соңғы ПБ (2 компоненттегi) тұрақты болады. Кей сөйлемдерде ПБ-тердiң кейбiрi ғана еркiн қозғалысқа келедi, бұл кезде сөйлем құрылымына да, мағынасына да зиян тимейдi. Кез келген ПБ орын ауыстыра бермейдi. Орын ауыстыруға бейiм тұратын ПБ былайша келетiндiгiн байқауға болады; мағыналарының бiрыңғай қатынаста келуi, бiрдей үлгiде құрылуы. М: Ұстаздың мiнез-құлық нормасы мынандай болуға тиiс (1); ол тым қатал да болмауға тиiс, тым ырыққа жығыла бермеуi керек (2), өйткенi тым қаталдық шәкiрттi өзiнiң ұстазына қарсы қояды (3), ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадiрiн көтiредi (4), оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкiртi селқос қарайтын болады. (Ақылдың кенi).
3. ТҚ КСҚС 1. Компоненттегi айтылған ойдың мазмұнын 2 компонент ашып тқрады. Мұндай сөйлемдерде 2 компонент мазмұны, ПБ-терi 1 компоненттегi логикалық екпiн түсетiн сөзге байланысы, қазықталады.М:Ел-жұрт бiр-бiрiне құлақ қағыс етiп, хабар жеткiзiстi (1), Мысырда бiр игi уәзiр бар екен (2), ол ашаршылыққа және қуаншылыққа мықты дайындық жасапты (3) (Құран хикаялары). Бұл хашым әулетi үшiн үлкен қасiрет болды (1), бұларды ешкiм керуен қызметiне алмады (2), өздерi жеке керуен құрып, сауда жасап, кәсiп етуге не байлықтары, не күштерi жоқ (3) (Мұхамбет пайғамбар). Бұл сөйлемдерде логикалық екпiнге ие сөздер-хабар, қасiрет.
4. Сөйлемнiң ТҚ болуын екiншi компоненттегi ПБ-тердiң өзара синонимдес келуi де тұғызады. М: Ернiмдi жаламақ боп тiлiмдi созғанда барып бiлдiм(1); бiр де күрек түсiм орнында жоқ екен (2)-бәрi опырылып түсiптi (3). Отақтың жиi және жақсы сiлем, құлақ-бәрiде таптаза (3) (Ө. Қанахин).
5. ТҚ КСҚС құрамындағы компоненттер баяндауыштары әр түрлi балып та, бiрыңғай формада да келе бередi. Мұның себебiн КСҚС-нiң табиғатына тән ерекшелiктерден iздеген дұрыс. КСҚС құрамына тiлдегi барлық сөйлем үлгiсiндегi ПБ-тер ене алады. Олар күрделi құрылымға енуде бойларындағы қасиеттерiн белгiлi бiр дәрежеде сақтайды. ТҚ КСҚС компоненттерiнiң орны тұрақты (соңғы ПБ-тiң де) болып, кей ПБ-тiң еркiн орын ауыстыруы да осы ПБ сапасынан туып тұр.
Түсiндiрмелi қатынастағы КСҚС-нiң АҚ-дысына тән белгiлердi төмендегiше жiктеп көрсетуге болады
Түсiндiрiлетiн компонент құрамында мынадай сөзiнiң келуi сөйлем құрылымына ашықтық сипат бередi. М: Жаздыкүнi режимi мынадай (1), таңертең мен оянғанда Би аға ұйықтап жатады (3) (Би аға).
Мынау сөзi эллипсиске ұшырағанымен түсiндiретiн компоненттегi синтаксистiк бос орындар бары аңғарылып тұрады. М: Осы тiрлiгiмнiң iшiнде менiң бiр анық аңғарғаным (1),жер шұқығандардың мерейi қашанда үстем (2), қара жердi емгеннiң қарны ашпайды (3), жұтқа ұшыралмайды (4) (Ө. Қанахин).
Түсiндiретiн компоненттегi ПБ үлгiлерiнiң бiрдей құрылымда келуi сөйлемге АҚ сипат бередi. М:Бар бiлетiнiмiз ақтаған тары-пiскен соң болатын (1), көже де содан (2), ботқа да содан (3) бөкпен де содан (4), ашыған да содан (5), талқан да содан (6), арасына ет салып пiсiрген нан де содан (7) (Ө. Қанахин).
Бiрiншi компонент құрамында “бiр“ сөзiнiң келуi 2 компонентте бос синтаксистiк орындардың бар екендiгiн көрсетiп тұрады. М: Жомарт күздiң ең бiр берекелi мезгiлi (1), егiн пiсiп, орыла бастайды (2), қауын-қарбыз, жемiс-жидек, көкөнiс атаулыға жұрт қарық брп қалада (3) (Ө. Қанахин).
Көркем әдебиетте түсiндiрмелi салалас құрмаластың айрықша құрылымда келетiн түрi кездеседi. Бұл түсiндiретiн компонентi бiрвңғай мақал-мәтелдерiн, қатты нақыл сөздерден келетiн КСҚС.2 компонентi 1 компоненттегi айтылған ойды нақтылау барысында бiр ПБ-тегi белгiлi бiр сөзге қазықталады, бұл сөз сөйлемнiң ашық құрылымда келуiне жағдай тұғызады, өзiн әлi де нақтылай түсуге болатындығын көрсетiп тұруымен ерекшеленедi. Мұндай сөздерге кейбiр сөзiн, көп сөзi тiркесiн жатқызуға болады. М:Осындай тоқсан жетi жасаған және тоқсан бесiнде атты өзi ерттеп мiнген атам марқұмның кейбiр нақыл сөздерi еске түседi (1). “құс-көлге, мал-өрiске, адам iске, көп бiлсең, жұртқа пайдаңда көп тиедi, жақсының еңбегi-елнiкi, жаманның тапқаны-өзiнiкi, еңбегiне қарай енбегi, исалқау жарыған емес, арамтамақ аллаға да масыл, әрекетсiздiктен асқан азап жоқ, еңбексiз құр рақаттың өзi кiсiнi жалықтырады, мезi қылады, күн ғалам көркi, еңбек-адам көркi. (Ө. Қанахин).
Түсiндiрмелi АҚ КСҚС-нiң компоненттерiнiң орны, негiзiнен, тұрақты. Кей сөйлем компоненттерiнiң орнын ауыстыруға келедi, мағынасына нұсқан келмейдi, бiрақ бұл жағдайда сөйлем АҚ сипатын өзгертедi, ТҚ сипатқа ие болады.
АҚ түсiндiрмелi КСҚС-нiң соңғы компонентiнiң ПБ-терiнiң баяндауыш формалары бiртектес, олар уақыт жағынан бiрыңғай болып келедi. Алдыңғы компонент ПБ-терiнiң баяндауыш формалары әр шақта да келе алады. Бiрақ бұл жағдай сөйлемнiң құрылымдық сипатын өзгерте алмайды.
Қорыта келгенде айтарымыз, КСҚС құрылымының ашық не тұйық құрылымда келуi сөйлемнiң соңғы компонентiнiң сипатына байланысты. Компонент құрамындағы ПБ-тердiң қозғалу еркiндiгiне байланысты сөйлем ашық құрлымда сипаттан тұйық құрылымдағы және керiсiнше айнала алады. КСҚС компонентiнiң құрамындағы ПБ-тердiң санасы тұтас сөйлемге тiкелей әсер етедi.