Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері


Қазіргі қазақ тіліндегікөп компонентті салаластардың семантикалық ерекшеліктері



бет33/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Қазіргі қазақ тіліндегікөп компонентті салаластардың семантикалық ерекшеліктері
ККСҚС-нiң (көп компоненттi салалас құрмалас сөйлем) құрлымдық ерекшелiктерi; а) қалыпты салалас жай компоненттерден (құралады) тұрады, ал ККСҚС жай және күрделi компоненттерден тұрады.
“Компонент” ұғымы әр тiлде әр түрлi түсiндiрiлген. Бiрде құрмалас сөйлем құрамындағы жекеленген жай сөйлем деп, бiрде ПБ-тердi (предикативтiк бiрлiк) бiрiктiретiн құрылым, бiрде форматтың, күрделi дөлiктiң құрылыс материалы деп қолданылады. Бiздiң тұжырымдауымызша, компонент құрамына жай және күрделi құрылымды ПБ-тердi бiрiктiрiп тұратын ККСҚС-нiң негiзгi құрылымдық схемасына синтаксистiк арнаулы орны бар, ККСҚС-нiң негiзгi құрлыс материалы.
Компоненттiң екi түрi бар;1. Жай копонент (бiр ғана ПБ-тен тұрады), 2. Күрделi компонент ( бiрнеше ПБ-тен тұрады). Көркемтайдың ауылы астан-кестен болады(1); кемсеңдеп кемпiр-шал жылады(2), қанын iшiне тартып сұрланып аң соққан балықтай мең -зең болып жастар тұрды(3).(Б.Майлин).Сөйлемнiң 1-компонентi жай(1), 2-компонентi-күрделi.(2,3).
ККСҚС-нiң екiншi ерекшелiгi оның көлемiнен көрiнедi. Құрмалас сөйлем көлемiне оның құрамына енетiн ПБ-тер саны келедi. ККСҚС-де, ең кем дегенде, үш ПБ болады. Бiздiңше, ПБ-сыртқы құрлыс жағынан жай және құрмалас сөйлемдермен бiртектес, бiрақ сөйлем котегориясына тән мағыналық және интонациялық дербестiгi болмайтын, сөйлем компонентiнiң құрамында арнайы синтаксистiк орны барККСҚС-нiң бастапқы құрлыс материалы.
ККСҚС көлемi оның бойына, құрамына жаңа қасиеттер әкеледi. Оның бiр ККСҚС-нiң мүшеленуi. Мүшелену-ККСҚС құрылымының бөлшектерге бөлiнуi. Ол екi түрлi болады; 1. Мағыналық мүшеленуi, 2. құрылымдық (материалдық) мүшелену. ККСҚС бiртұтас синтаксистiк құрылымында келiп, күрделi коммуникативтiк қызымет атқарады. Осы қызымет жүзеге асыруда ККСҚС құрамына жеке мағыналарға ие ПБ-тер енедi және олардың мағыналары өзара iштей жымдасады.
ККСҚС iшiнде олардың мағыналық жүктерiнiң күшi әр қйлы, олар бiр бiрiне тәуелдi, өзара шарттас. ККСҚС-нiң мағыналық мүшеленуiнiң өзi оның құрылымдық (материалдық) мүшеленуiн туғызады, не саннан көрiнiс табады. Басқаша айтқанда,ККСҚС әуелi өзiнiң тұтас бастапқы күiнде мүшеленедi. Мұны негiзгi мүшелену деймiз.
Мақсат компоненттердi ПБ-терге жiктеу, мүшелеу арқылы көрiнiс бередi. (әрине бұл екiншi процесс жай компоненттерден тұратын бiр ыңғай қатынастағы сөйлемге тән емес). Мұндағы iшкi мүшелеу деп атаймыз.
СҚС құрлысы жеке жай сөйлемдердiң мағыналық тiзбегiнен өрбiп отырады. Мұндай синтаксистiк компоненттер саны ККСҚС үшiн үшеуден кем болмайды. Екi құрамды ККСҚС үшiн синтаксистiк компонент саны екеу, бiрақ бiреуi мiндеттi түрде күрделi болады. Осыған байланысты, яғни ККСҚС-нiң көлемiне қатысты оның компоненттерiнiң арасындығы мағыналық қатынаста түрлi сипатымен ерекшеленедi. ККСҚС компоненттерi сөйлем iшiнде өздерiнiң мағыналық аймақтарын түзей алады. Бiрақ бұл ККСҚС –нiң бәрiне бiрдей тән емес. Мағыналық аймақ түзетiн компонент күрделi болады.
ККСҚС-де мағыналық иерархия түзiледi. Мерархия- дегенiмiздiң өзi бiр нәрсенiң екiншi бiр затқа бағынышты, тәуелдiлiгiн, төменен жоғарыға ауысуды бiлдiретiн құбылыс екендiгi белгiлi. ККСҚС-нiң мағыналық мерархиясы дегенде негiзгi мағыналық қатынас пен iшкi мағыналық қатынастың бiртұтастығын, тәуелдiлiгiн айтамыз, ККСҚС-нiң мағынасын топтап, жiкке бөлiп көрсетуде бiз оларды үлкен екi топқа бөлiп қарастырамыз; 1) ашық құрылымды бiрыңғай жай компоненттi салалас құрмалас. 2) әрыңғай компоненттi салалас құрмалас.
Жай компоненттi салаласты екiге бөлуге болады; а) бiр ыңғай қотынасты, ә) әр ыңғай қатынасты.
Бiрыңғай мағыналық қатынасты салалас (БМҚС) құрамындағы компоненттер қанша болса да, компоненттер арасындағы мағыналық қатынастар бiр түрлi, бiр ыңғай болып келедi.
Жай компоненттi салалас құрмалас компоненттерiнiң мағыналық қатынастары бiрыңғай мезгiлдiк, бiрыңғай суреттемелiк, бiрыңғай себептi, бiрыңғай салдарлы болып бөлiнедi.
Әрыңғай компоненттi салалас (ӘКС) құрамындағы компоненттер арасындағы мағыналық қатынастар екi қабатты мағыналық қатынас және үш қабатты мағыналық қатынастар деп жiктеледi. Мұндай көп мағыналы қабатқа ие ККСҚС-де жалпы мағыналық қатынастар екiге бөлiнедi; НМҚ (негiзгi мағыналық қатынастар)- бұл компоненттер арасында, яғни негiзгi құрылымдық схема жүзеге асады; IМҚ (iшкi мағыналық қатынас)- бұл компонент құрамындағы ПБ-тер арасындағы мағыналық қатынастарды сипаттайды, iшкi құрылымдық схемаға тән.
Жалпы, ККСҚС-нiң мағыналыұ (екi қабатты не үш қабатты) түрлерiнiң қай -қайсында да мағыналық қатынастардың сипаты әр түрлi болып келе алады. қалыпты салалас компоненттердiң арасындағы мағыналар мұнда бiрде iшкi құрылымда, бiрде негiзгi құрылымда орналаса бередi. ККСҚС компоненттерiнiң мағыналық өзгешелiгi олардың қатынас түрлерiнiң қабатталуынан көрiнедi. Әрi бұл қабатталу (IМҚ+НМҚ) қалай болса солай емес белгiлi бiр заңдылыққа сүйендi. Мұндай заңдылық ККСҚС компоненттерiнiң құрамына енетiн ПЬ-тердiң өзгелерге қарағанда екеуiнiң (не онанда көп) мағыналық тартылысының күштiлiгi нәтижесiнде туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет