Дәріс тезистері Дәріс Синтаксис ілімінің зерттелуі, оқыту мәселелері



бет4/46
Дата08.04.2023
өлшемі218,21 Kb.
#80442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
дәрістер

Негiзгi мағына шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып білуге негіз болатын семантикалық белгілердің тұтас жиынтығын құрайтын мағына. Мысалы, адам сөзінің негізгі мағынасы осы сөзді тануға негіз болатын анотомия-физиологиялық (заттық) белгілердің, (бас, аяқ, дене, қол, көз, саусақ т.б ) танымдық ( заттық) белгілердің (ой, қуаныш, мұң т.б ), процессуалдық ( қимылдық) белгілердің (сөйлеу, ойлау, күлу, жылау, жүгіру т.б), сындық белгілердің ( ақылды, әнші, биші, білгіш т.б), кәсіптік, мамандық белгілердің (мұғалім, дәрігер, ақын, инжинер, кәсіпкер т.б) жиынтығын құрайды. Адам сөзі өзін танытатын семантикалық белгілерінің тұтастығы арқылы негізгі мағынада тұр.
Номинативтi мағынашындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып білуге негіз болатын заттық белгілердің жиынтығын құрайтын мағына. Мысалы, адам сөзінің номинативті мағынасы оған тән заттық белгілер арқылы анықталады. Мысалы, бас, аяқ, қол, ой, ақыл т.б тілдік бірліктердің жиынтығы номинативті мағына береді.
Тура мағынашындық болмыстағы заттар мен құбылыстарды танып білуге негіз болатын сындық, сандық, мөлшерлік, көлемдік, қимылдық, амалдық, мезгілдік т.б сияқты белгілерден тілдік бірліктердің жиынтығын құрайтын мағына. Мысалы, адам сөзінің қимылдық, сындық белгілерін танытатын тілдік бірліктердің жиынтығы (күлді, ойлады, ақылды т.б) оның тура мағынасын анықтайды.
Категориалдық мағынашындық болмыстағы заттар мен құбылыстардың қай ұғымға қатысты екенін анықтайтын мағына. Мысалы, бала, қыз, ұл, жігіт адамға, гүл, жапырақ, бұтақ шөп өсімдікке қатысты ұғымды анықтайтын сөздер.
Семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмаға тән семантикалық үйлесім негізгі, тура, номинативті, категориалдық мағыналардың өзара байланысынан көрінеді. Семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмада сөз тіркесі құрамындағы сөздер семантикалық жақтан бір-біріне тәуелді болып, екі сөз бір ұғымның ішкі мәнін анықтайды. Олардың құрамындағы грамматикалық байланыс конструктивті болады.
Оны сөздердің семасиологиялық мәнін анықтайтын сөздік картасы арқылы айқындауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет