Дәріс тезистері


Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы және оның мәні



бет3/38
Дата01.03.2022
өлшемі451,5 Kb.
#26757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
лекция Биологияға кіріспе

Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы және оның мәні.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1.Тіршілікті сипаттаудың заңдылықтары және оның негізгі формалары

2.Органикалық дүниенің пайда болу теориясына тарихи көзқарас.

3.Креационизм

Дәрістің қысқаша мазмұны: Біздің ғаламшардағы тіршіліктің пайда болуын түсіндіретін үш гипотеза бар: креационистік; панспермия; көміртектік қосылыстар эволюциясы. Креационизм термині жақында пайда болғанмен, оның тарихы діннің тарихымен тығыз байланысты. Бұл термин XIX ғасырда кең қолданыла бастады. Креационизм "Көне келісімде" айтылған әлемнің жаратылу тарихын растайды. Әртүрлі ғылыми деректер, әсіресе эволюция теориясының таралуы, жаңа ғылыми көзқарастар мен әлемнің діни бейнесі арасында қайшылықтарды тудырды. Осының әсерінен креационизм пайда болды.Адамзат тарихында тіпті ХIX ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде барлық жағынан алып қарағандағы креацинистік гипотеза үстемдік алып келді. Креационистік тіршіліктің пайда болуын рухани бастау- Қүдыретті жаратушымен, жоғары интелектпен байланыстырады. XX ғасырдың басында панспермия гипотезасы кең тарала бастады, оған сәйкес тіршілік біздің ғаламшарға ғарыштан әкелінген, ғарыштық денелерден таралған деген ережеге негізделеді. Бұл екі гипотеза да ресми түрде ғылыми дәлелденген жоқ.Қазіргі кезде тіршіліктің пайда болуының бес концепциясы қарастырылады.

Бірінші концепция діни болып табылады және ғылымға тікелей қатысы жоқ. Екінші концепцияны XX ғасырда өмір сүрген, бактериялардың қызметін зерттеген Луи Пастер бекерге шығарған креационизм – бір құдайдың дүниені жарату концепциясы;тірі емес заттан тіршіліктіңөздігінен көп рет туу концепциясы (мұны тіпті Аристотельдің өзіайтқан еді, ол тірі нәрсе топырақтыңыдырауы нәтижесінде пайда болуымүмкіндеп санады); стационарлық жағдай концепциясы, осы концепцияға сәйкес жерде тіршілік қашан да болған; панспермия концепциясы; тіршіліктің жерден тыс ортада пайда болу концепциясы; өткен тарихта химиялық және физикалық зандардың нәтижесінде Жерде тіршіліктің пайда болу концепциясы. XX ғасырдың бас кезінде ғылымда соңғы екі концепция үстемдік құрды. Панспермия тұғырнамасына сәйкес жерге тіршілік сырттан әкелінген, ол метеориттерді, кометаларды зерттеу кезінде табылған органикалық қоспаларға сүйенеді, бұлар "тұқым" рөлін атқаруы мүмкін. Соңғы бесінші тұғырнаманың екі варианты бар: оның біріне сәйкес тіршіліктің пайда болуы жеке, "тірі молекуланың кездейсоқ түзілуінің нәтижесі, оның құрылымына тірі нәрсенің одан әрі дамуы- ның күллі жоспары енген. Француз биологы Ж.Моно "тіршілік физика заңдарынан пайда болмайды, алайда олармен қабысады. Тіршілік - оқиға, оның ерекше екенін тани білу керек" - деп атап көрсетеді. Басқа көзқарасқа сәйкес, тіршіліктің пайда болуы -бұл материяның заңды эволюциясының нәтижесі болып табылады.Ф. Реди және Л. Пастер тәжірибелері. «Панспермия» теориясы (зерттеу бөлімі).Франческо Редидің жүргізген зерттеу жұмыстары, тірі организм өзінен-өзі кенеттен пайда болады деген ұғымды жоққа шығарды. Ол жас етті алып, оны стаканға салып, бетін дәкемен жауып қойды. Ешбір тірі заттың пайда болғаны байқалмады. Сонымен шыбын личинкаларының шіріген еттен пайда болмайтынын дәлелдеп шықты. Л. Пастер бактериялардың өршитін тұқымынан микроорганизмдер дамитынын бірден білді. Сонымен тірі организм ешқашан да өзінен-өзі дамымайтыны белгілі болды .Tipi организм басқа космостық денелерден даяр күйінде келді деген болжам бар. Оны космозой теориясы деп атайды. Мұны алғаш рет айтқан неміс дәрігері Г.Рихтер еді. Космозой теориясы бойынша тірі организм басқа космостық денелерден метеориттермен келді деп көрсетті. Бұл дұрыс емес еді. Өйткені метеориттер ауаның тығыз қабаттарында қатты қызады да балқып кетеді. Оның сыртына жабысқан тірі организмнің бірі де қалмай жанып кететіні анықталады. Кейіннен панспермия концепциясы шықты. Мұның маңызы мынада: ауада тірі организмнің ұрықтары қалай болса солай өз бетінше жүзіп жүреді. Ол метеориттермен бірге жерге түседі де өсіп-өнеді деп түсіндіреді. Бірақ швед ғалымы Сванте Аррениус ұрық метеориттермен бірге жерге түсе алмайтынын айтты. Өйткені метеорит жерге түскенше қатты қызатыны соншалық, оның температурасына іс жүзінде бірде-бір тірі организм шыдай алмайды, қырылып қалады деді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет