Дәріс тезистері


Атаулық тіркестердің өзіне тән белгілері



бет3/38
Дата10.02.2023
өлшемі97,74 Kb.
#66985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Д ріс тезистері 1 – д ріс. Синтаксис туралы жалпы т сінік

Атаулық тіркестердің өзіне тән белгілері: біріншіден, атаулық тіркестердің синтагмалық байланысы атауыштық мәндегі синтаксистік синтагмаға да, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмаға да қатысты болып,аралық категорияға жатады; екіншіден, атаулық тіркестер сөйлем құрылымды синтагманың ықшамдалуынан қабысу, жартылай матасу формасына айналады. Жартылай матаса байланысқан атаулық тіркестерде ілік септік жалғауының ашық жасырын қолданысы болмайды, ілік септік жалғауын ашық қолдануға қабілетті емес. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің бірі жалпы есім, бірі жалқы есім болады. Семантикалық тұтастықта жұмсалып, зат атауы мәнін білдіреді, құрамындағы синтаксистік байланыстың түрлерін тауып алуға болады. Тілімізде номинативті қызмет атқарады. Қабыса байланысқан атаулық тіркестердің құрамындағы зат есімдер категориалдық мағыналар арқылы байланыспайды. Әр түрлі ұғымды білдіретін зат атаулары арқылы байланысады. І изафет пен атаулық тіркестің қабысу формасында мынадай ерекшелік бар: І изафеттегі қабысу сөз тіркесіне тән синтаксистік синтагмаға сүйенеді, атаулық тіркестегі қабысу сөйлем құрылымды синтагмаға сүйенеді. (Ақын жігіт І изафет; мал қора - малға арналған қора, темір пеш- темірден жасалған пеш).

Синтаксистік тіркестерге, изафеттік тіркестерге, атаулық тіркестерге ортақ белгілер:


Біріншіден, олардың құрамында грамматикалық байланыс сақталады. Сондықтан грамматикалық жақтан байланысу формасы мен тәсілі көрініп тұрады. Мәселен, синтаксистік тіркестер қиыса, матаса, меңгеріле байланысып, синтетикалық тәсілге, қабыса, жанаса байланысып аналитикалық тәсілге негізделеді. Изафеттік тіркестер қабыса байланысып, аналитикалық, матаса, жартылай матаса байланысып синтетикалық тәсілге негізделеді. Атаулық тіркестер синтетикалық тәсіл арқылы байланысып, аналитикалық тәсілге айналады. Нәтижесінде жартылай матасу, қабысу формасында жұмсалады. Екіншіден, олардың компоненттері емін-еркін орын ауыстыруға қабілетті. Мәселен, синтаксистік тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен алмастыруға болады.
Қиыса байланысқан сөз тіркестері: бала күлді ─ бала сөйледі, жігіт күлді. Қабыса байланысқан сөз тіркестері: қызыл алма─ көк алма, қызыл көйлек; Матаса байланысқан сөз
тіркестері:
оқушының бірі студенттің бірі, оқушының жақсысы; Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері: анасына қарады, баласына айтты, үлкенді сыйлады, анасын сыйлады, үлкенді құрметтеді, үйінде болды, қалада болды, сабақтан шықты, ауылдан келді, ұстазымен
ақылдасты, баласымен сөйлесті; Жанаса байланысқан сөз тіркестері: кеше келді, бүгін айтты, күле сөйледі, қуанып келді т.бИзафеттік тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен ауыстыруға болады:
І изафет ─ алма ағаш─ қайың ағаш, емен ағаш; ұл бала қыз бала, ер бала; мұғалім қыз мұғалім жігіт, инженер қыз;
ІІ изафет ─ ағаш жапырағы ағаш тамыры, гүл жапырағы; бала киімі бала куанышы, оқушы киімі, ойыншық дүкені─ азық-түлік дүкені, ойыншық сапасы;
ІІІ изафет─ ағаштың жапырағы қайыңның жапырағы, ағаштың бұтағы; баланың киімі қыздың киімі т.б
Атаулық тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен ауыстыруға болады: Қабысу формасындағы атаулық тіркестер: темір пеш, темір қазық, темір күрек, ағаш күрек, ағаш қасық, алтын қасық, алтын сағат;
Жартылай матасу формасындағы атаулық тіркестер: Алматы қаласы, Тараз қаласы, Іле өзені, Шу өзені, Балдырған журналы, Парасат журналы, Жамбыл көшесі, Төле би көшесі т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет