Атаулық тіркестердің өзіне тән белгілері: біріншіден, атаулық тіркестердің синтагмалық байланысы атауыштық мәндегі синтаксистік синтагмаға да, семасиологиялық мәндегі синтаксистік синтагмаға да қатысты болып,аралық категорияға жатады; екіншіден, атаулық тіркестер сөйлем құрылымды синтагманың ықшамдалуынан қабысу, жартылай матасу формасына айналады. Жартылай матаса байланысқан атаулық тіркестерде ілік септік жалғауының ашық жасырын қолданысы болмайды, ілік септік жалғауын ашық қолдануға қабілетті емес. Сөз тіркесі құрамындағы сөздердің бірі жалпы есім, бірі жалқы есім болады. Семантикалық тұтастықта жұмсалып, зат атауы мәнін білдіреді, құрамындағы синтаксистік байланыстың түрлерін тауып алуға болады. Тілімізде номинативті қызмет атқарады. Қабыса байланысқан атаулық тіркестердің құрамындағы зат есімдер категориалдық мағыналар арқылы байланыспайды. Әр түрлі ұғымды білдіретін зат атаулары арқылы байланысады. І изафет пен атаулық тіркестің қабысу формасында мынадай ерекшелік бар: І изафеттегі қабысу сөз тіркесіне тән синтаксистік синтагмаға сүйенеді, атаулық тіркестегі қабысу сөйлем құрылымды синтагмаға сүйенеді. (Ақын жігіт І изафет; мал қора - малға арналған қора, темір пеш- темірден жасалған пеш).
Синтаксистік тіркестерге, изафеттік тіркестерге, атаулық тіркестерге ортақ белгілер:
Біріншіден, олардың құрамында грамматикалық байланыс сақталады. Сондықтан грамматикалық жақтан байланысу формасы мен тәсілі көрініп тұрады. Мәселен, синтаксистік тіркестер қиыса, матаса, меңгеріле байланысып, синтетикалық тәсілге, қабыса, жанаса байланысып аналитикалық тәсілге негізделеді. Изафеттік тіркестер қабыса байланысып, аналитикалық, матаса, жартылай матаса байланысып синтетикалық тәсілге негізделеді. Атаулық тіркестер синтетикалық тәсіл арқылы байланысып, аналитикалық тәсілге айналады. Нәтижесінде жартылай матасу, қабысу формасында жұмсалады. Екіншіден, олардың компоненттері емін-еркін орын ауыстыруға қабілетті. Мәселен, синтаксистік тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен алмастыруға болады.
Қиыса байланысқан сөз тіркестері: бала күлді ─ бала сөйледі, жігіт күлді. Қабыса байланысқан сөз тіркестері: қызылалма─көкалма,қызылкөйлек;Матаса байланысқан сөз
тіркестері:
оқушыныңбірі─студенттіңбірі,оқушының жақсысы;Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері: анасына қарады, баласына айтты, үлкенді сыйлады, анасын сыйлады, үлкенді құрметтеді, үйіндеболды,қаладаболды,сабақтан шықты, ауылдан келді,ұстазымен ақылдасты,баласыменсөйлесті; Жанаса байланысқан сөз тіркестері: кешекелді, бүгінайтты,күлесөйледі,қуаныпкелдіт.бИзафеттік тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен ауыстыруға болады:
І изафет ─ алмаағаш─қайыңағаш,еменағаш;ұлбала─қызбала,ербала;мұғалімқыз─мұғалімжігіт, инженерқыз; ІІ изафет ─ ағашжапырағы─ағаш тамыры, гүлжапырағы;балакиімі─балакуанышы,оқушыкиімі,ойыншық дүкені─азық-түлікдүкені, ойыншықсапасы; ІІІ изафет─ ағаштыңжапырағы─қайыңныңжапырағы,ағаштыңбұтағы;баланыңкиімі─қыздыңкиіміт.б Атаулық тіркестердің компоненттерін басқа сөздермен ауыстыруға болады: Қабысу формасындағы атаулық тіркестер: темір пеш, темір қазық, темір күрек, ағаш күрек, ағаш қасық, алтын қасық,алтын сағат; Жартылай матасу формасындағы атаулық тіркестер: Алматы қаласы, Тараз қаласы, Іле өзені,Шуөзені, Балдырғанжурналы, Парасатжурналы,Жамбыл көшесі,Төле бикөшесіт.б