Дәріс Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар


Дәріс 11. С.Сейфуллин және І.Жансүгіров шығармаларындағы табиғат



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата30.01.2023
өлшемі490,96 Kb.
#63867
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
дәріс (1)

Дәріс 11. С.Сейфуллин және І.Жансүгіров шығармаларындағы табиғат 
лирикасы 

Жоспар: 
С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіров шығармаларындағы суреткерлік шеберлік, тіл 
өрнегі. Ақындар шығармаларындағы табиғат лирикасы және патриотизм 
тақырыбы. 
1. Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды 
жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, 
Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. С.Сейфуллин ұлт-
азаттық көтеріліс кезінде еңбекші бұқара жағында болып, халық мүддесін 
қолдаған жазушылардың бірі. Оның бірнеше шығармалары осы тұста жарық 
көрген. «Кел жігіттер», «Жолдастар» сияқты өлеңдері осы тұста жазылды. 
Жазушының балалар әдебиетіне қосқан қосқан үлесі мол.
1914 жылы Қазан қаласында «Өткен күндер» деп аталған тұңғыш өлеңдер 
жинағын бастырып шығарған. Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» қауымы 
басшыларының бірі болған.
1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып, орыс тілінен сабақ берген. 1918 жылғы 
сәуірде «Жас қазақ марсельезасын» жазып, 1 мамырда «Бақыт жолында» атты 
пьесасының беташар қойылымын көрсеткен.Осы кезде жаңа өмір жолында 
күреске шақырған «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл 
сұңқарлар» атты пьесалары, «Домбыра», «Экспресс», «Тұрмыс толқынында» атты 
поэтикалық жинақтары жарық көрген. Жаңашыл ақын поэзия мен драматургияға 
көп жаңалықтар енгізді. Өлеңнің түрі мен мазмұнында түбегейлі өзгеріс жасап, 
қазақ халқының поэтикалық дәстүрін дамытты. С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте 
де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл ат» дастандарында заманалық 
мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Қазақстанның 
ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ 
киік», «Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның 
ішкі сезім күйлерін суреттейді. 
С.Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында 
көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы 
прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» 
туындыларында замандастар өмірі бейнеленген.
2 Ілияс Жансүгіров қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында (Бұрынғы Қапал 
уезі, Ақсу болысы) дүниеге келді. Ол - ақын, жазушы, драматург, публицист, 
аудармашы, өнер зерттеушісі, қоғам қайраткері.
Жаңа заманда бостандыққа қолы жетіп, бақытты өмір сүрген, халқымен 
жиырма жылдай бірге жасасып және жақсы білген өмірін айқын бейнелеп, туған 
халқының жалынды жыршысы болған І. Жансүгіров поэзияның кең арналы 
эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын 
халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды. Ақынның: «Күй», 


«Күйші», «Құлагер» поэмалары қазақәдебиетінің асыл қазынасына қосылған 
классикалық жаңашыл көркем туындылар. Ақынның «Күйші» және «Құлагер» 
поэмаларын Мұхтар Әуезов:«Әрі поэма, әрі өлеңмен жазылған роман» — деп 
бағалаған. 
Бұлардан басқа: «Кәнпеске», «Мәйек», «Жаңа туған»,«Жорық» атты 
поэмаларын жариялаған. Баспаға әзірлеп үлгермеген, қолжазба күйінде қалған: 
«Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан», «Байкал», «Рүстем қырғыны» атты 
поэмалары бар. 
Проза жанрына қоскан жазушы улесі де аз емес. Оның толып жатқан әңгіме, 
очерктерінен басқа, оқушы жұртка мәлім, «Жолдастар». Романы (бірінші кітабы 
1935 жылы баспадан шыққан) бар. 
Ілияс драма жанрына да елеулі үлес қосқан драматург-жазушы. Оның «Кек» 
(1931) атты пьесасымен қазіргі Абай атындағы облыстық театр 1934 жылы өзінің 
тұңғыш шымылдығын ашты. Сонымен қатар «Түрксиб» (1934), «Исатай – 
Махамбет» (1936) пьесаларын жазды. 
Ілияс Жансүгіров қазақ совет әдебиеті тарихында сатира жанрының негізін 
қалап,фольетон, сықақ әңгіменің шебер қаламгері атағына ие болған сатирик-
жазушы. Кеңсешіл-бюрократты ащы ажуа, сайқымазақ еткенде. «Бюрократтың 
жастау болса бұйра шашы болады, кәрілеу, болса қасқа басы болады. Желіндеген 
жирен биедей буаз портфелі балады. Тақылдаған таяғы, сықырлаған аяғы болады» 
деп сипаттайды. Сол сияқты оның әзіл, сықақ өлеңдері де әрі көркем, әрі өткір 
келеді. Ақынның сатиралық шығармаларының өзі бір төбе. Жас өспірім балалар 
әдебиетін дамытуға да оның қосқан үлесі аз емес. I.Жансүгіровтың аударма 
саласындағы ақындық өнері де орасан зор. Ол еңбегі оның өз 
шығармашылығының кең құлаштап, шарықтап өсуіне де игі әсер етті. Орыс және 
дүние жүзі. классиктерінің: Пушкин, Лермонтов,Некрасов,. Гете, Гейне, Виктор 
Гюго шығармаларын, орыс совет акын жазушыларынан: М. Горький, 
В.Маяковский, И. Уткин, Д.Бедный, М.Голодный, А.Жаровтардың таңдаулы 
шығармаларын, қазақ тіліне шебер аударып, қазақ, совет поэзиясының асыл 
қазынасын онан сайын байытып кетті.
І.Жансүгіров – асыл сөзден алтын сарай соғып қалдырған, өлмес, өшпес, өмір 
тапқан ұлы ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет