Әулиекөл деген жерде болыстық школында, кейіннен Қостанай қаласындағы екі
сыныптық орыс-қазақ школында мұғалім болды.
1886 жылы Ахмет Омбыға келіп А.Е.Алекторовпен танысады. Осы жерде
А.Е.Алекторовпен таныса келе, оның ішкі саясатын айқын аңғарады да, оны
Н.И.Ильминскийдің саясатын жалғастырушы деген ой түйіндейді. Ахмет 1886
жылдан 1907 жылға дейін Қарқаралыда орыс-қазақ школында, одан кейін қалалық
училищенің оқытушысы қызметін атқарады. Осындай
ағарту ісімен айналысып
жүрген кезінде-ақ, оның дүниеге деген саяси көзқарастарының қалыптасуы
басталады, әрі осы жылдары өзінің «Қырық мысал» атты еңбегін жазады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылдары
Санк-Петербургте жарық көрді.
А.Байтұрсынов «... Газета – халықтың көзі, құлағы Һәм тілі. Адамға көз
құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... Жұртым деп
халықтың
арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап,
зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады» -деп газеттің қазақ
халқына тигізер пайдасын көрсетеді. Ұлттық баспасөздің негізі болатын 1911 ж
шыққан «Айқап» журналы мен Бөкей ордасында жарыққа шыққан «Қазақстан»
және бірнеше қазақ тілінде газеттер болды. Осы газеттердің бетінде қазақтың
қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайлары туралы мақалалар үздіксіз жарияланып
отырды.
«Қазақ» газеті бүкіл ұлтымыздың мәдениеті
мен тарихын насихаттаумен
қатар қазақтың зиялы қауымының саяси көзқарасын қалыптастырып, саяси
партияларды құруға негіз болды. Жалпы газет 1913 жылдан 1918 жылға дейін
шығып тұрды. Газеттің 265 саны жарық көрді .
1911 жылы Орынбор қаласында «Маса» жинағы жарыққа шығады. Мұнда
Ахметтің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін,
жетімдік-жоқтық бір талай өлеңдерге арқау болады. Ел тағдыры, халық қамы,
бостандық арманы – басты сарын. «Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың
мұң-шері,
тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар,
азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-
абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос белбеу, босаң туған
боз бала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще сараң байлар»
сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Жұртыма» өлеңдерінде
ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. «Анама хат»,
«Жауға түскен жөн сөзі» – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік
жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар.
А.Байтұрсынов қалдырған мұралар да әр тектес. Мысалы; «Маса»,
«Қырық мысал»
деп аталатын өлең жинақтары, «Тіл құрал», «Әліпби», «Оқу
құралы» деген қазақ тілін оқытып үйретуге арналған оқулықтары мен
хрестоматиялары, оқыту әдісіне арналған әдістемелік құралдары, оқу ағарту
мәселесіне арналған мақалалары, графика мен терминалогия мәселелерін
әңгімелейтін мақалалары мен баяндамалары саяси әлеуметтік тақырыпты
қамтитын публицистикалары. Ал оның педагогикалық идеялары «Қазақша оқыту
туралы», «Мектептер қажет», «Бастауыш мектеп», «Баяншы», «Тіл жұмсар», «Қай
әдіс жақсы» т.б еңбектерінде де айқындалған. 1912 жылы Орынборда шыққан
«Оқу құралында» дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден ауырға»
ұстанымы бойынша бірте бірте күрделендіріледі.
Онда тақырып бойынша бала
өмірде күнделікті қолданатын, кездесетін сөздермен таныстыру ұстанымы
сақталған. Әрі қарай баланы қызықтандыратын жаңылтпаш, жұмбақтар және
мақал мәтелдер берілген. Одан кейін ғана қысқа мәтіндер мен өлең шумақтарын
береді.
А.Байтұрсынов «Мектеп керектері» атты мақаласында, мектептің ең
қажеттісі ретінде үш нәрсені алдымен айтады. Олар: мұғалім, оқу құралдары, оқу
бағдарламалары.
Достарыңызбен бөлісу: