Балаларға арналған драмалық шығармалар. Драматургиядағы шығармалар
тақырыбы.
Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жағынан кенжелеп қалған бір саласы -
балаларға арналған драмалық туындылар. Жалпы қазақ драматургиясының тууы,
дамуы және қалыптасуы дегенде, қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму
жолын, ерекшелігін сараптау қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының
бастау көздерін іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға
арналған сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз
әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал
етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы
қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің
негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы –ауыз әдебиеті балалар
драматургиясының да бастау көзі екені белгілі. Балалар драматургиясы қазақ
әдебиеттану ғылымында мүлде аз зерттелген, тіпті кенже қалған сала екені анық.
Балаларға арналған драмалық шығармалардың зерттеуші ғалымдардың назарынан
тыс қалуы балалар драматургиясының кенжелеп дамуымен байланысты деуге де
болады. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ балалар драматургиясына
арналған бірен-саран зерттеулер мерзімді баспасөз беттерінен орын алды.
Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен хрестоматияға арнайы
түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда ертеңгіліктер мен мерекелерде жас
жеткіншектерге жол тауып жатты. Әсіресе, балаларға арналған "Ұлан", "Ақ
желкен", "Балдырған" сияқты газет-журналдар арқылы шағын пьесалар, мерекелік
қойылымдар балаларға жетіп отырды. Қазақ балалар драматургиясын кенжелеп
туды десек те, оның тууы мен дамуына бағдар жасай отырып, балаларға арналған
драмалық туындылардың қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір арнасы
болып қалыптасқанына көз жеткіземіз.
Б.
Соқпақбаев – қазақ әдебиетінде өзіндік өрнегімен, шындықты қарапайым
әңгімелеу арқылы мөлдіретіп, көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау
мен психологиялық бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты
жазушыларымыздың бірі еді. Жасынан өмір талқысын көп көрген адамның
өмірбаяндық деректері оның шығармаларына арқау болды. Ол сол көргендері мен
сезінген дүниесін 30-жылдардағы ауылдың ауыр тұрмысы, Ұлы Отан соғысы мен
одан кейінгі ауыр кезеңнің шындығына сәйкес жаңартып, ой елегінен өткізіп,
типтік орта шындығына лайық типтік бейнелер арқылы аша білді. Бүгінде кез
келген қазақтыңқара баласына Соқпақбаевтың кім екенін түсіндіріп жату артық
болар, оның «Менің атым Қожасы» әрбір үйде Абаймен, Мұхтармен бірге ұлттық
қазына ретінде сақталуда десек қателпеспіз. Өйткені, Соқпақбаевтың есімі көзі
тірісінде-ақ әрбір мектеп баласының жүрегінен мықтап орын алған болатын.
Оның балаларға арнап жазған туындылары балалардыңғана емес, үлкендердің де
сүйіп оқитын шығармаларына айналды. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге
арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық
фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым Қожа»
фильмі арнаулы жүлдеге ие болған. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен
бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та, қазақ та, басқа да құмарта,
қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Б. Соқпақбаев кейіпкерлерін
қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері - өзі. Жазушы шығармаларын бірінші
жақтан жазады. Яғни, шығарманы бас кейіпкер әңгімелеп отырады. Өмірбаяншы:
«Өзін жазатын жазушымын» деп жоғарыда өзі айтқандай, автордың көпшілік
шығармаларында өмірбаяндық деректер пайдаланылып, олардың бір-бірімен
сабақтастығы байқалып отырады. Әсіресе, қазақ балалар әдебиетінде үлкен
құбылысқа айналып, өзіндік бір жаңа леп, жаңаша бет ала келген «Менің атым
Қожа» повесі де алғаш «Өзім туралы повесть» аталған. «Менің атым Қожа» повесі
жарық көргенге дейін қазақ әдебиетінде Қожаға ұқсайтын «тентек, сотқар»
кейіпкер болмаған. Ең алғашында жұрт Қожаға әрине, тосырқай қарады. Тіпті,
«балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек?», «Балаларды тек жақсы, өнегелі
кейіпкерлер үлгісінде тәрбиелеу керек» деген сияқты пікірлер де болған. Жалпы
қазақ балалар драматургиясы әлі де сарапталып, балалардың жас ерекшелігіне,
шығарманың жанрлық сипатына Соңғы жылдардағы қазақ балалар әдебиетіндегі
жанрлық-көркемдік жаңалықтар дегенде де ең алдымен сол қызықты хикаялар
(приключение), балалар фантастикасы жанрларының дүниеге келуін айтамыз.
Мәселен, жас фантаст Рысбек Баймахановтың «Шайтанқұмда жоғалған бала»
атты кітабындағы осы аттас фантастикалық әңгімесінде туған жердегі құмда келе
жатқан баланы аяқ астынан құм жұтып қояды. Әрине, құмға ертегідегідей жан
бітіп кеткен жоқ. Бірақ сол бала аяқ басқан тұста құмның тұңғиық тартатын
қасиеті бар. Мұның бәрін автор балғын оқырманын сескендіру үшін
әңгімелемейді, қайта жаратылыстың осындай жұмбақ, құпия сырын ашуға
ынталандырып, батылдыққа баулу үшін суреттейді. Мамандығы физик, жас
ғалым-фантаст Рысбек Баймаханов ғылым жұмбағын, дәлірек айтсақ, ғылыми
гипотезаны өзіндік ой, позиция айту үшін ұтымды пайдалана білген. Бұл ыңғайда
фантастика саласындағы ізденістер Абдулхамид Мархабаевтың «Арал әуендері»,
Төлеш Сүлейменовтың «Күн сынығы» кітаптарынан да аңғарылады. Соңғы
жылдары балалар әдебиеті саласына қызықты хикаялар жанрының қанат жая
бастауы — қуанарлық жай. Қызықты да күтпеген оқиғалар, тосын шешімдер,
шиеленіскен түйіндер жас оқырманды әрқашан қызықтырып, олардың
тапқырлыққа, батылдыққа, жігерлілікке баулитыны, қиялын қанаттандыратыны
белгілі. Шым-шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі
характерлер тағдырлары мен табиғаты балалар ойын шынықтыра түсуге қалай да
өзіндік себін тигізбек., көркемдік тұрғыда жан-жақты қарастыруды қажет етеді.
Балалар өмірі, мектеп өмірі - балалар әдебиетінің қашаннан бергі негізгі арқауы.
Мектеп — балалардың өмірге, қоғамға деген көзқарасына елеулі ықпал жасайтын
жылы әлеуметтік ұя. Ендеше оқушылар өмірінің балалар әдебиетінің айнымас
арқауы болуы заңды да. Мысалы, Төлеубек Жарқынбайұлының «Мен қалай
түзелдім» повесі қияңқы оқушының мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы
нәтижесінде қалай өзгергенін, бұл ретте мектептің, мүғалімдердің де игі әсері
болғанын тартымды әңгімелеген. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет
атқарған Қабыш Жәркеновтің «Тентек» атты жинағына енген «Ойланайын»,
«Кемеңгер», «Киізді қақпан», «Жәкеңнің бір күні», «Өкпеші», «Алтыншашқан»,
«Неге соғысады» секілді көптеген әңгімелері мектеп оқушыларының өмірінен
алынған
.
Қазақ балалар әдебиетінде жете назар салуды қажетсінетін мәселенің бірі
жанр проблемасы. Соның бірі - балалар прозасы. Бірақ сыншы: «қазақ балалар
прозасының дамуын біркелкі деп айта алмасақ керек. С.Бегалиннің «Сәтжан»,
«Шоқан», С.Мұқановтың «Бақташының баласы», М.Әуезовтың «Көксерегі»,
С.Омаровтың жиырмасыншы жылдардың шындығын бала кейіпкер бейнесінде
суреттеген әңгіме, повестері, сөз жоқ, балалар прозасының әр кезеңдегі, белеңді
туындылары. Әрдайым жадымызда ұстайтын шығармалар» - дейді. Кеңес
дәуірінде қазақ балалар әдебиеті өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, азербайжан,
түрікпен, тәжік, қарақалпақ, дағыстан және тағы басқа туысқан халықтар
әдебиетінің озық шығармаларының қазақ тіліне аударылуымен де толыға түсті.
Мәселен, тәжік әдебиетінің классигі саналатын Садриддин Айнидің «Мектеп»
атты өмірбаяндық повесі, М.Миршакардың «Алтын қыстақ» атты атақты
поэмасы, өзбек халқының атақты ақыны Куддус Мухамедидің «мектеп балалары
және көктем», Эрназар Рузиматовтың «Достық» және 1960 жылы «Жазушы»
баспасы бір топ өзбек жазушыларының «сахара самалы» атты балаларға арналған
әңгімелер жинағын бастырып шығарды. 1973 жылы түрікпен ақыны Каюм
Тангрукулиевтің балаларға арналған өлеңдер жинағы басылды. Әйгілі қырғыз
жазушысы Ш.Айтматовтың «Менің алғашқы мұғалімім», «Ақ кеме» повестері
мен «Солдат ұлы» атты әңгімесі қазақ тіліне аударылып, жариялануы қазақ
балалар әдебиетінің табысы болды. Дәл осы сипатта балаларға арналған
туындылардың дүниеге келуі өте маңызды болды..
Достарыңызбен бөлісу: |